ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
1. "Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларда:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) буферлік аймақ – зиянды организмнің бөлінген аймаққа немесе одан таралу ықтималдығын барынша азайту үшін шекаралары фитосанитариялық мақсаттарда ресми түрде айқындалған және қажет болған жағдайда фитосанитариялық немесе басқа да бақылау шараларына ұшырайтын аймақты қоршаған немесе оған іргелес аймақ;";
26, 27, 27-1 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге арналған фитосанитариялық сертификат немесе мемлекеттік қызметті беруден уәжді бас тарту өтініш тіркелген сәттен бастап 16 (он алты) жұмыс сағатынан аспайтын мерзімде қағаз түрінде ресімделеді.
27. Көрсетілетін қызметті алушы аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне не порталға жүгінген кезде:
1) аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш келіп түскен күні оны тіркейді және өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор тағайындалатын аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының қарауына береді (сағат 17:30-дан кейін келіп түскен кезде карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі);
2) өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге арналған фитосанитариялық сертификатты алуға өтініш тіркелген күні ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы № 1-тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде, аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты алуға арналған өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты алуға арналған өтініш тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс сағаты ішінде карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге барады.
Карантинге жатқызылған өнімді жете тексеру негізінде өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін ресімдейді.
Морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге, бөтен текті түрлерге ұқсас организмдер, өсімдіктер ауруларының белгілері, карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен зақымдану белгілері анықталған кезде, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор көрсетілетін қызметті алушының не көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен карантинге жатқызылған өнімнің үлгілерін алуды жүзеге асырады және зиянкестердің түрлік құрамын, өсімдіктер мен арамшөптер ауруларын және олардың карантиндік объектілерге тиесілілігін анықтау үшін үлгілерді зертханалық сараптамаға жібереді.
Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйіне карантиндік фитосанитариялық сараптама жүргізу, кейін карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысын беру үшін үлгілерді алуды карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш берілгенге дейін зертхана мамандары көрсетілетін қызметті алушының не көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен жүзеге асырады.
Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі негізінде өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор 8 (сегіз) жұмыс сағаты ішінде:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификатты немесе "e-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) пайдалана отырып, осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді;
дайындалған фитосанитариялық сертификатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне береді;
3) аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі дайындалған фитосанитариялық сертификатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, фитосанитариялық сертификаттың дайын екендігі туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
27-1. Фитосанитариялық сертификатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдеу карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызмет берушінің) кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.
Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш келіп түскен кезде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі оны келіп түскен күні тіркейді (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды.
Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы № 1-тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға № 1-тізбенің 8-тармағында көзделген талаптарға және көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына сәйкес келген кезде көрсетілген қызметті беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификатты ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға № 1-тізбенің 8-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген және көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді шешім шығарады.
28. Фитосанитариялық сертификатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдеу карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген, карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйінің карантиндік фитосанитариялық сараптамасының қорытындысы қоса берілген карантинге жатқызылған тез бүлінетін өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге фитосанитариялық сертификат алу туралы өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.
Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш келіп түскен кезде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі оны келіп түскен күні тіркейді (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды.
Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға № 1-тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор 2 (екі) жұмыс сағаты ішінде құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға № 1-тізбенің 8-тармағында көзделген талаптарға және көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына сәйкес келген кезде көрсетілген қызметті беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификатты ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға № 1-тізбенің 8-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген және көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді шешім шығарады.";
29-тармақ алып тасталсын;
63 және 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру немесе оны беруден уәжді бас тарту оны алуға өтініш тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
64. Көрсетілетін қызметті алушы аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне не порталға жүгінген кезде:
1) аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсе жұмыскері өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтініш келіп түскен күні (сағат 17.30-дан кейін келіп түскен кезде, өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркейді және оны өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайтын аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының қарауына береді;
2) өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы № 4-тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде, аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор:
8 (сегіз) жұмыс күні ішінде карантинге жатқызылған объектінің Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптардың 9 және 10-тарауларының талаптарына сәйкестігіне қарап-тексеруге барады;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растауды (бұдан әрі – растау) ресімдейді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор көрсетілетін қызметті алушыны өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау өткізу нәтижелері бойынша аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Растау немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық құжат нысанында жіберіледі не басып шығарылады, аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының қолы қойылады, мөрмен расталады және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі, ал көшірмесі уәкілетті органның ведомствосына жіберіледі.";
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Карантиндік объектілер анықталған кезде буферлік аймақты қоса алғанда, карантиндік объектінің таралу шекарасын көрсете отырып, оның түрі бойынша карантиндік аймақтар белгіленеді.
Заңның 9-1-бабы 3) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында карантиндік режим енгізіле отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешімді уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің ұсынымы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Заңның 7-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес екі немесе одан да көп облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оны жою туралы шешімді (облыс аумағында карантиндік объектінің жергілікті таралу жағдайларын қоспағанда) уәкілетті органның ведомствосы қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 76-1-тармақпен толықтырылсын:
"76-1. Карантиндік режим карантиндік аймақта (карантиндік объектімен залалданған және (немесе) бүлінген карантинге жатқызылған өнім өндірілетін (оның ішінде өңделетін), өткізілетін немесе сақталатын ғимараттары, құрылыстар, құрылысжайлары бар буферлік аймақты қоса алғанда), сондай-ақ мұндай карантинге жатқызылған өнім орналасқан жабдыққа, көлік құралына, орын-жайға қатысты енгізіледі.";
78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"78. Аймақты карантиннен алу жүйелі зерттеп-қарау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Заңның 9-1-бабы 3) тармақшасына сәйкес егер карантиндік аймақ белгіленген сәттен бастап 3 (үш) жыл бойы карантиндік объектілер анықталмаса, онда осы аумақтан (буферлік аймақты қоса алғанда) уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша карантин алынады.";
8-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері |
Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті берген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 16 (он алты) жұмыс сағаты ішінде. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Фитосанитариялық сертификат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің –Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінгенде: |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбауы; |
10 | Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нысан арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш
Қазақстан Республикасынан мынадай карантинге жатқызылған өнімді әкетуге
фитосанитариялық сертификат беруді сұраймын: карантинге жатқызылған өнімнің
атауы __________________________________________________________,
көлемі, оның сипаттамасы _________________________________________
________________________________________________________________,
орын саны және орамасының сипаттамасы, айырым белгілері, таңбалануы
________________________________________________________________;
Өсімдіктердің ботаникалық атауы (бар болса) _____________________;
Жүк алушы, карантинге жатқызылған өнім жүгін алушының мекенжайы
_________________________________________________________________
________________________________________________________________;
Карантинге жатқызылған өнімнің межелі орны ________________________
________________________________________________________________;
Импорттаушы елдiң өсiмдiктер карантинi жөніндегі ұлттық қызметiнiң өсiмдiктер
карантинi саласындағы талабы ________________________________
___________________________________________________________________
Фитосанитариялық сертификаттың қосымша декларациясында көрсетілуі тиіс
мәліметтер ________________________________________________________
_________________________________________________________________;
Залалсыздандыру жүргізілгені туралы мәліметтер: фитосанитариялық талаптарда
не келісімшартта (шартта) көзделген карантинге жатқызылған өнімді
залалсыздандыру тәсілі __________________________________________
__________________________________________________________________,
карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды (фумигациялауды) жүргізу
кезінде пайдаланылған пестицидтің атауы______________________________
___________________________________________________________________,
карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру (фумигациялауды) жүргізу
кезіндегі тұрақты экспозиция __________________________________________,
карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру (фумигациялау) қандай
температурада жүргізілді ______________________________________________
карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды (фумигациялауды) жүргізу
кезінде пайдаланылған пестицидтің концентрациясы ________________
____________________________________________________________________;
Карантинге жатқызылған өнім туралы қосымша ақпарат ____________________
___________________________________________________________________;
Импорттаушы елдің атауы____________________________________________;
Карантинге жатқызылатын өнімнің межелі мекенжайы____________________
___________________________________________________________________;
Көлік түрі, көлік құралының нөмірі, кеменің атауы, тасымалдау түрі _________
___________________________________________________________________;
Карантинге жатқызылған өнімнің жүру маршруты_________________________
____________________________________________________________________;
Тиеп-жөнелту күні, тиеп-жөнелту орны _________________________________;
Карантинге жатқызылған өнімді әкелу болжанатын импортаушы елдiң шекаралық
пунктiнiң атауы ____________________________________________
___________________________________________________________________;
Карантинге жатқызылған өнім шығарылған ел _________________________
____________________________________________________________________;
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес дұрыс емес мәлімет бергенім үшін жауапкершілік туралы
хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға
келісім беремін.
Басшы ___________ __________________________________________
(қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 __ жылғы "___" _____________