ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 436 "Тексеруді тағайындау, нәтижелері, ұзарту, тоқтата тұру, қайта бастау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама актілердің нысандарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 37074 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген бөнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеруді тағайындау туралы актінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 158 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 2 қазандағы № 436 Бұйрыққа 1-қосымша |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тексеру тағайындау актісі №___ 20____ жылғы "____"_________
1. Бақылау және қадағалау органының атауы___________________________
2. Бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы________________________________________________
3. Тексеру жүргізуге тартылған мамандар, кеңесшілер мен сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық ұйымдардың лауазымды тұлғалары туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда) ______________
4. Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы, орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі және олардың орналасқан жері
_______________________________________________________________________
5. Тексеру түрі ____________________________________________________
6. Тексеру нысанасы _______________________________________________
7. Тексеру жүргізу мерзімі 20__жылғы "__"___ дан 20___жылғы "_"___ дейін
8. Тексеру жүргізудің негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын нормативтік құқықтық актілер _____________________________________
9. Тексерілетін кезең 20___жылғы "__" ____ дан 20___жылғы "__"____ дейін
10. "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-6-бабымен қарастарылған бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері:
бақылау және қадағалау субъектісі не оның уәкілетті өкілі тексеру жүргізу кезінде:
1) бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:тексеру жүргізудің жиілігі сақталмаған; Қазақстан Республикасы "Азаматтық қорғау туралы" Заңында белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (болған кезде мерзімін ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы актілерінде) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен; Қазақстан Республикасы "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 39-2-бабы 7-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы өзіне қатысты бұрын сол бір мәселе бойынша және сол бір кезеңде тексеру жүргізілген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тексеру тағайындаған; жасалған не дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініште немесе хабарда, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де жолданымдарда көрсетілген уақыт аралығы шеңберінен шығатын кезеңге тексеру тағайындаған; тиісті өкілеттіктері жоқ лауазымды адамдарға тексеру жүргізу тапсырылған; тексеруді тағайындау туралы бір актіде бірнеше бақылау және қадағалау субъектісі көрсетілген; Қазақстан Республикасы "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 39-7-бабының 2-тармағында белгіленген өрескел бұзушылықтар болған жағдайда тексеруге жібермеуге;
2) егер тексеру нысанасына, сондай-ақ тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңге жатпаса, құжаттар мен мәліметтерді ұсынбауға;
3) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) бақылау және қадағалау органының немесе бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау субъектілерінің қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;
5) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының қызметіне кедергілер келтірмей, аудио -, фото- және бейнетехника көмегімен тіркеп-білгелеуге;
6) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында тексеруге үшінші тұлғаларды қатысуға тартуға құқылы;
бақылау және қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері бақылау және қадағалау органы тексеру жүргізген кезде:
1) бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияларды қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
4) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
5) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
6) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
7) бақылау және қадағалау объектісіне тексеру жүргізу үшін келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік ықпал ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
8) тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі тексерудің белгіленген мерзімдерінде бақылау және қадағалау объектісі орналасқан жерде болуға міндетті.
11. Бақылау және қадағалау органының актіге қол қоюға уәкілетті лауазымды адамының қолы және бақылау және қадағалау органының мөрі___________________________________________________________________
12. Бақылау және қадағалау субъектісі басшысының не оның уәкілетті
өкілінің актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолы ________________
(алған күні)