БҰЙЫРАМЫН:
1. "Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларын, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-316/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21894 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Т. Мұратов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 225-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және ғылыми, ғылыми-техникалық және иннвовациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалау нәтижелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау тәртібін айқындайды.
2. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесі "Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-117/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21385 болып тіркелген) ескеріле отырып беріледі.
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ғылыми қызмет – зерделенетін объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді, ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтау мақсатында қоршаған болмысты зерделеуге және алынған білімді практикада пайдалануға бағытталған қызмет;
2) ғылыми-техникалық қызмет – технологиялық, конструкторлық, экономикалық, әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылым, техника және өндіріс салаларында жаңа білім алуға және оны қолдануға, нәтижелерді коммерцияландыруды және осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технология мен өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;
3) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көмек көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) инновациялық қызмет – инновацияларды құруға бағытталған қызмет (зияткерлік шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, инфокоммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда);
7) өндірістік персонал – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми бөлімшелерінің жұмыскерлері мен оқытушы-профессорлар құрамы, сондай-ақ университеттік аурухананың және клиникалық бейіндегі денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның клиникалық бөлімшелерінің жұмыскерлері, денсаулық сақтау саласындағы клиникалық бейіні жоқ ғылыми ұйымның медициналық және фармацевтикалық қызметті, қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің персоналы (қызмет көрсетуші, оқу-көмекші және орта медицина персоналын қоспағанда);
8) уәкілетті органның Ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі – Ғылыми-техникалық кеңес) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың басым бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды бағалау мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган.
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру тәртібі
4. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) денсаулық сақтау ұйымының уәкілетті органға мынадай ақпаратты қоса бере отырып денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсыным енгізуі:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолда бар ғылыми бөлімшелер және (немесе) зерттеу топтары туралы;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған қолда бар (меншікті және (немесе) шарт негізінде) жабдықтар және оның жарақтандырылуы туралы;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми дәрежесі бар және ғылыми-зерттеу кадрлары туралы;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын, соңғы 3 жылда аяқталған және (немесе) қолданыстағы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар және (немесе) бағдарламалар туралы;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша университеттермен, ғылыми ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соңғы 3 (үш) жылдағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігі туралы;
2) Ғылыми-техникалық кеңес денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру туралы ұсынымды уәкілетті органда ұсыным тіркелген күннен бастап 60 (алпыс) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
денсаулық сақтау ұйымының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің әлеуетіне бағалауды жүргізу;
осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген денсаулық сақтау ұйымының кадрлық әлеуетіне қойылатын талаптарға және зерттеу қызметінен түсетін кірістерге сәйкестігін бағалауды, сондай-ақ соңғы 3 (үш) жылдағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу арқылы қарау;
3) Ғылыми-техникалық кеңеспен ұсынымды қарау және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру туралы ұсынымды мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту туралы (негіздемемен) ұсыным шығару.
Ғылыми-техникалық кеңестің ұсынымы хаттамамен ресімделіп, шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жіберіледі.
Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беруді уәкілетті орган Ғылыми-техникалық кеңестің ұсынымы негізінде жүзеге асырады.
Ғылыми-техникалық кеңестің ұсынымы қабылданған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган денсаулық сақтау ұйымына шешімнің көшірмесімен бірге жазбаша хабарлама (электрондық және (немесе) қағаз түрінде) жібереді.
Мәртебе беруден бас тартылған жағдайда хабарламада бас тартудың нақты негіздері, ескертулер тізімі көрсетіледі.
Мәртебе беруден бас тартылған денсаулық сақтау ұйымы бас тартудың көрсетілген себептерін жойғаннан кейін, бірақ хабарламаны алған күннен бастап кем дегенде 3 (үш) айдан соң ғылыми ұйымға мәртебе беру туралы ұсыныммен қайта жүгінуге құқығы бар.
5. Ғылыми-техникалық кеңес осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келген кезде және ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу индикаторлары бойынша мынадай жетістіктер болған кезде денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсынысын мақұлдау туралы ұсыным шығарады:
1) бағаланатын ұйыммен үлестес авторлар "correspondence author" немесе бірінші автор болып табылатын жарияланымдар саны – соңғы 3 (үш) жылда Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус) базаларында кемінде 5 (бес) мақала;
2) Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус) базаларында ғылыми еңбектердің дәйексөзделуі – соңғы 3 (үш) жылда кемінде 10 (он) рет.
6. Ғылыми-техникалық кеңес осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде және осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау индикаторлары бойынша жетістіктер болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсыныcын мақұлдаудан (негіздемемен) бас тарту туралы ұсыным шығарады.
7. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің әлеуетін бағалау денсаулық сақтау ұйымның ұсынған мынадай ақпаратты талдау негізінде жүзеге асырылады:
1) ұйым құрылымында ғылыми бөлімшелердің және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірі бар ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар және (немесе) бағдарламаларды іске асыратын зерттеу топтарының болуы;
2) денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жабдықтар және оның жарақтандырылуының болуы;
3) негізгі жұмыс орны ұйым-өтініш беруші болып табылатын өндірістік персоналдың қатарынан ғылым докторы және (немесе) кандидаты және (немесе) философия докторы және (немесе) бейіні бойынша докторы ғылыми дәрежесі бар жұмыскерлердің өндірістік персоналдың жалпы санының кемінде 10% болуы;
4) өндірістік персоналдың қатарынан ғылыми-зерттеу кадрлардың болуы (ғылым докторы және (немесе) кандидаты және (немесе) философия докторы және (немесе) бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар өзге де жұмыскерлер):
ғылыми-зерттеу кадрларының кемінде 50%-ында соңғы 3 (үш) жылда Web of Science (Веб оф Сайнс) және Scopus (Скопус) базаларында индекстелетін басылымдарда бағаланатын ұйыммен үлестес кемінде 1 (бір) мақаланың болуы;
ғылыми-зерттеу кадрларының кемінде 40%-ында Web of Science (Веб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) базаларында Хирш индексінің нөлден жоғары болуы;
ғылыми-зерттеу кадрларының кемінде 50%-ында ғылыми-зерттеу қызметінің жалпы өтілімінен кемінде 3 (үш) жыл тәжірибесінің болуы;
5) университеттермен, ғылыми ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен келісімдермен расталған ынтымақтастықтың болуы.
8. Денсаулық сақтау ұйымы кадрлық әлеуетке және ғылыми және инновациялық қызметтен, сондай-ақ сараптамалық-талдамалық қызметтен (мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеулерден) түсетін кіріске мынадай талаптарға сәйкестігін растайды:
1) денсаулық сақтау ұйымының өндірістік персоналының жалпы санынан өндірістік персонал қатарынан ғылыми жұмыскерлердің, сондай-ақ зерттеу топтарға мүше жұмыскерлері үлесі кемінде 10% құрайды;
2) ұйымның жалпы бюджетіндегі ғылыми және инновациялық қызметтен, сондай-ақ сараптамалық-талдамалық қызметтен (мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеулерден) түсетін кірістердің үлесі:
клиникалық бейіндегі ұйымдар үшін – кемінде 0,5%;
клиникалық емес бейіндегі ұйымдар үшін – кемінде 5%.
Көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы ақпарат осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
9. Уәкілетті орган денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды.
3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның мәртебесін қайта қарау тәртібі
10. Ғылыми-техникалық кеңес жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу нәтижелерін қарайды.
11. Ғылыми-техникалық кеңес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу нәтижелерін қарау жөніндегі отырыстан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда, денсаулық сақтау саласындағы бағаланатын ғылыми ұйымнан денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебені қайтарып алуды ұсынады:
1) соңғы 3 (үш) жылда ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің төрт және одан да көп индикаторлары бойынша теріс динамиканың болуы және (немесе) белсенділіктің болмауы (ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалаудың деректері бойынша)
2) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның соңғы 3 (үш) жыл ішінде осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген талаптардың біріне сәйкес келмеуі (ұйымның Даму жоспарларын орындау жөніндегі ғылыми ұйымдардың есептерінің деректері бойынша).
12. Уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде Ғылыми-техникалық кеңестің ұсынымы негізінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның мәртебесін қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.
13. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беруді мақұлдаудан бас тарту немесе ғылыми ұйым мәртебесін қайтарып алу туралы уәкілетті органның шешімімен келіспеген кезде денсаулық сақтау ұйымы қабылданған шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға шағым беруге құқығы бар.
14. Уәкілетті органның шешіміне шағым уәкілетті органға жазбаша және (немесе) электрондық түрде беріледі. Шағымды қарау уәкілетті органның бұйрығымен құрылатын апелляциялық комиссия арқылы жүзеге асырылады.
Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті органның, ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ ғалым болып табылатын сарапшылар қатарынан қалыптастырылады.
Апелляциялық комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 (бес) адамды құрайды. Апелляциялық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға сайланады.
Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық комиссияның жұмысын уәкілетті органының жауапты құрылымдық бөлімшесі ұйымдастырады.
15. Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) уәкілетті органға денсаулық сақтау ұйымының ғылыми ұйымға мәртебе беру мақұлдау беруден бас тартуға немесе ғылыми ұйым мәртебесін қайтарып алуға қатысты шағымын қанағаттандыруға ұсынылсын;
2) шағымды қанағаттандырудан бас тартылсын.
Апелляциялық комиссия шағымды уәкілетті органда тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.
16. Апелляциялық комиссияның шешімі қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасына комиссияның төрағасы мен хатшысы отырыс өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды. Апелляциялық комиссия шешімі денсаулық сақтау ұйымдарының назарына белгіленген тәртіппен жеткізіледі.
Апелляциялық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен шағым жасалады.
| Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларына 1-қосымша |
Қолда бар ғылыми бөлімшелер және (немесе) зерттеу топтары туралы ақпарат
1. Ғылыми бөлімшелер:
№ | Ғылыми бөлімшенің атауы | Құрылған күні | Жұмыскерлердің жалпы саны | Ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты және (немесе) философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша докторы ғылыми дәрежесі бар жұмыскерлердің саны | Ғылыми бөлімшенің міндеттері | Ғылыми бөлімше іске асырып жатқан немесе іске асырған жобалар (атауы мен іске асыру мерзімдерін көрсету) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
2. Зерттеу топтары:
№ | Зерттеу тобы құрылған Жоба/бағдарламаның атауы | Қызмет ету мерзімі | Жұмыскерлердің жалпы саны | Ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты және (немесе) философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша докторы ғылыми дәрежесі бар жұмыскерлердің саны | Зерттеу тобы құрылған мақсаттар | Негізгі нәтижелер (міндеттерді шешу үшін атқарылған жұмыстар, ғылыми өнім көлемі – мақалалар, қорғау құжаттары және т.б.) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қоса беріледі:
- ұйымның бекітілген құрылымының зертхана көрсетілген көшірмесі;
- құрылымдық бөлімше туралы ереже / зертхана паспорты;
- зерттеу топтарының құрамын бекіту туралы бұйрықтардың көшірмелері.
Ұйымның басшысы ____________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы
| Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларына 2-қосымша |
Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған қолда бар (меншікті және (немесе) шарт негізінде) жабдықтар мен жарақтандырылуы туралы ақпарат
№ | Жабдықтың атауы | Мақсаты / қолданылу аясы | Өндірушісі, моделі | Шығарылған жылы | Метрологиялық тексерудің / сертификаттаудың болуы | Ағымдағы жағдайы (жаңа / жұмысқа жарамды / жөндеуді қажет етеді) | Пайдалану деңгейі (жоғары, орташа, төмен) | Бірлесіп пайдалану мүмкіндігі (иә / жоқ) | Пайдалану құқықтары туралы мәліметтер (меншікті /шарт негізінде) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |
Қоса беріледі:
- жабдыққа меншік / иелік ету құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері (сатып алу-сату, сыйға тарту немесе жабдықты беру шарттары);
- метрологиялық тексеру / сертификаттау туралы құжаттардың көшірмелері (өлшеу құралдарының метрологиялық тексеру туралы куәліктері; сәйкестік сертификаттары).
Ұйымның басшысы _____________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
| Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және қайта қарау қағидаларына 3-қосымша |
Ғылыми дәрежесі және ғылыми-зерттеу кадрлары бар туралы ақпарат
1. Ғылыми дәрежесі бар кадрлар:
№ | Тегі, аты, әкесінің аты | Лауазымы | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | Мамандығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2. Ғылыми-зерттеу кадрлары:
№ | Тегі, аты, әкесінің аты | Лауазымы | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | Негізгі зерттеу бағыты | Ғылыми-зерттеу қызметі тәжірибесі (жыл) | Соңғы 5 (бес) жылдағы ғылыми жобаларға қатысуы | Соңғы 5 (бес) жылдағы мақалалар саны | Хирш индексі | ||
Scopus, Web of Science | Комитет ұсынған басылымдарда | Scopus және (немесе) Web of Science | Google Scholar | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Қоса беріледі:
- дипломдардың көшірмелері;
- негізгі жұмыс орны ретінде ұйым көрсетілген еңбек шарты немесе өзге де растайтын құжаттар, сондай-ақ жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық.
Ұйымның басшысы _____________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
| Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларына 4-қосымша |
Соңғы 3 жылда аяқталған және (немесе) қолданыстағы, бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар және (немесе) бағдарламалар туралы ақпарат
№ | Жобаның / бағдарламаның атауы | Қаржыландыру көзі (мемлекеттік бюджет, халықаралық қорлар, бизнес және т.б., қаржыландырушы ұйымның атауын көрсету) | ЖТН / тіркеу нөмірі | Іске асыру мерзімі (жылдары) | Жоба жетекшісі (Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі) | Негізгі мақсаттары мен міндеттері | Негізгі нәтижелер (аяқталғандар үшін) / күтілетін нәтижелер (қолданыстағылар үшін) | Қаржыландыру көлемі (млн тг) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Қоса беріледі:
- ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар және (немесе) бағдарламаларды орындау туралы шарттардың көшірмелері;
- ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептердің және (немесе) орындалған жұмыстардың актілерінің көшірмелері.
Ұйымның басшысы _____________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
| Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларына 5-қосымша |
Университеттермен, ғылыми ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы ақпарат
№ | Серіктес ұйым (университет, ҒЗИ, халықаралық ұйым) | Ел / өңір | Ынтымақтастық нысаны (келісім, меморандум, консорциум, жоба), қол қойылған / құрылған күні | Шарттың / келісімнің қолданылу мерзімі | Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары | Қол жеткізілген нәтижелер (бірлескен жобалар, жарияланымдар, кадр алмасу, тағылымдамалар, тәжірибелерді енгізу) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қоса беріледі:
- жобаларды іске асыруға арналған келісімдер, меморандумдар, консорциумдар, шарттардың көшірмелері.
Ұйымның басшысы _____________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
| Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларына 6-қосымша |
Соңғы 3 жылдағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігі туралы ақпарат
1. Соңғы 3 жылдағы бағаланатын ұйыммен үлестес автор "correspondence author" немесе бірінші автор болып табылатын жарияланымдардың саны
№ | Мақала атауы | Авторлары * | Журнал атауы | Журналдың күні, нөмірі, беті | Осы журнал индекстелетін деректер базасы (Web of Science (Веб оф Cайнс), Scopus (Скопус)) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
* Ескертпе: "*" белгісімен "correspondence author"-ды көрсетіңіз
2. Соңғы 3 жылдағы Web of Science (Веб оф Сайнс) және Scopus (Скопус) базаларындағы ғылыми еңбектердің дәйексөзделуі
№ | Мақала атауы | Авторлары | Журнал атауы | Журналдың күні, нөмірі, беті | Соңғы 3 (үш) жылдағы Web of Science (Веб оф Сайнс) базасындағы ғылыми еңбектердің дәйексөзделу саны | Соңғы 3 (үш) жылдағы Scopus (Скопус) базасындағы ғылыми еңбектердің дәйексөзделу саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қоса беріледі:
- мақалалардың көшірмелері.
Ұйымның басшысы _____________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
| Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларына 7-қосымша |
Ғылыми және инновациялық қызметтен түсетін кірістер мен кадрлық әлеуетке қойылатын талаптарға және зерттеу қызметінің түрлеріне сәйкестігі туралы ақпарат
1. Кадрлық әлеует:
№ | Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | Мәні |
1 | Өндірістік персоналдың жалпы саны | Адам | |
2 | Ғылыми жұмыскерлердің саны | Адам | |
3 | Өндірістік персоналдың ішінен зерттеу топтарының мүшесі болып табылатын жұмыскерлердің саны | Адам | |
4 | Ғылыми жұмыскерлер мен зерттеу топтарының мүшелерінің жалпы саны * | Адам | |
5 | Ғылыми жұмыскерлер мен зерттеу топтарының мүшелерінің үлесі өндірістік персоналдың жалпы санынан | % |
* Ескертпе: осы көрсеткішті есептеу кезінде жұмыскер бір мезгілде әрі ғылыми жұмыскер, әрі зерттеу тобының мүшесі болса, ол тек бір рет қана есепке алынады.
2. Ғылыми және инновациялық қызметтен, сондай-ақ сараптамалық-талдамалық қызметтен (мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі әлеуметтік және талдамалық зерттеулерден) түсетін кірістер:
№ | Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | Мәні |
1 | Есептік кезеңдегі ұйымның жалпы бюджеті | мың тг | |
2 | Ғылыми қызметтен түскен кіріс | мың тг | |
3 | Инновациялық қызметтен түскен кіріс | мың тг | |
4 | Сараптамалық-талдамалық қызметтен түскен кіріс (мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі социологиялық және талдамалық зерттеулерден) | мың тг | |
5 | Ғылыми және инновациялық қызметтен, сараптамалық-талдамалық қызметтен түскен жалпы кіріс | мың тг | |
6 | Ғылыми және инновациялық қызметтен, сараптамалық-талдамалық қызметтен түскен кірістердің ұйымның жалпы бюджетіндегі үлесі | % |
Қоса беріледі:
- ғылыми жұмыскерлер санатына жататын және (немесе) зерттеу топтарының мүшесі болып табылатын жұмыскерлердің лауазымын көрсете отырып жасалған тізімі;
- ғылыми және инновациялық қызмет шеңберіндегі жобалар мен бағдарламалардың кіріс сомасын көрсете отырып жасалған тізімі.
Ұйымның басшысы _____________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 225-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бағаланатын ұйым – ғылыми және инновациялық қызметтің индикаторлары мен көрсеткіштері бойынша деректерді ұсынатын денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы немесе ғылыми ұйым;
2) ғылыми қызмет – зерделенетін объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді, ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтау мақсатында қоршаған болмысты зерделеуге және алынған білімді практикада пайдалануға бағытталған қызмет;
3) ғылыми-техникалық қызмет – технологиялық, конструкторлық, экономикалық, әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылым, техника және өндіріс салаларында жаңа білім алуға және оны қолдануға, нәтижелерді коммерцияландыруды және осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технология мен өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;
4) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) есепті кезең – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігі бағаланатын уақыт аралығы өткен жыл үшін 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралағында есептеледі;
7) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
8) журналдың импакт-факторы – алдыңғы екі жылда осы журналда жарияланған мақалаларға журналдың ағымдағы жылы алған сілтемелер санының осы алдыңғы екі жылда осы журналда жарияланған мақалалар санына қатынасы ретінде есептелетін ғылыми журналдың маңыздылығының формальды сандық көрсеткіші.
9) жұмыс органы – уәкілетті органмен айқындалатын, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау рәсімін ұйымдық-техникалық тұрғыдан сүйемелдейтін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ведомостволық бағынысты ұйымы;
10) инновациялық қызмет – инновацияларды құруға бағытталған қызмет (зияткерлік шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, инфокоммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда);
11) квартиль (Q) – дәйексөзділік деңгейін, яғни журналдың ғылыми қоғамдастыққа қажеттілігін көрсететін библиометрикалық көрсеткіштермен анықталатын ғылыми журналдардың категориясы. Арнайы пәндік сала бойынша журналдар тиісті көрсеткіштің кемуі бойынша сараланады (журналдың импакт-факторы немесе SJR нормаланған индексі) және тізім 4 тең бөлікке бөлінеді. Рейтинг нәтижесінде әр журнал төрт квартильдің біріне енеді: Q1-ден (ең жоғары, ең беделді шетелдік журналдарға жатады) Q4-ке дейін (ең төмен);
12) нормаланған SJR индексі (Scimago Journal Ranking) – ғылыми журнал маңыздылығының формальды сандық көрсеткіші, оны есептеу кезінде дәйексөздердің жалпы саны ғана емес, сонымен қатар жылдар бойынша дәйексөздердің салмақталған көрсеткіштері және сілтемелердің беделі сияқты сапалық көрсеткіштер ескеріледі. Нормаланған SJR индексін SCImago зерттеу тобы есептейді, ол Scopus дерекқорында индекстелген журналдар үшін визуализация әдістері арқылы ақпаратты талдаумен, презентациямен және іздеумен айналысады;
13) өндірістік персонал – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми бөлімшелерінің және оқытушы-профессорлар құрамының жұмыскерлері, сондай-ақ жоғары оқу орны университеттік аурухананың және клиникалық бейіндегі денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның клиникалық бөлімшелерінің жұмыскерлері, медициналық және фармацевтикалық қызметті, қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелердің персоналы, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми клиникалық емес бейінді денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар (қызмет көрсетушіні қоспағанда, оқу-көмекші және орта медицина персоналы);
14) уәкілетті органның Ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі – Ғылыми-техникалық кеңес) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың басым бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды бағалау мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган;
15) Хирша индексі немесе h-индекс – ғалымның ғылымиметрикалық көрсеткіші. Хирш индексі осы зерттеушінің еңбектерінің дәйексөздерін бөлу негізінде есептеледі: ғалым h-индекске ие, егер оның N мақалаларынан h кем дегенде әр рет келтірілсе, ал оның мақалаларының қалған N–h әрқайсысы h-дан аспайды.
2-тарау. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу тәртібі
3. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау:
1) өндірістік персоналдың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша;
2) клиникалық практика жағдайындағы инновациялық қызмет деңгейі бойынша;
3) білім алушылардың (студенттердің, интерндердің, резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.
4. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау жұмыс органмен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілік индикаторларын бағалау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыс орган бағалау рәсімін ұйымдастыру-техникалық тұрғыдан жүзеге асырады, мыналарды қоса алғанда:
1) бағаланатын ұйымдар ұсынатын ақпаратты және растау құжаттарын қабылдау және тіркеу;
2) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына толықтығын және сәйкестігін тексеру;
3) индикаторларды есептеу нәтижелері бойынша жиынтық және талдамалық материалдарды қалыптастыру;
4) осы Қағидаларда көзделген жағдайлар мен тәртіпте ақпаратты орналастыру;
5) растау құжаттарын тексеру нәтижелері туралы бағаланатын ұйымдарды хабардар ету.
5. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың ғылыми және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау кезінде:
1) өндірістік персоналдың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша мынадай формула қолданылады:
Sa = I1 × Q1 + I2 × Q2 + I3 × Q3 + I4 × Q4 + I5 × Q5 + I6 × Q6,
мұндағы Sa – өндірістік персоналдың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың ғылыми және инновациялық қызметінің нәтижелілігін жиынтық бағалау;
I1, .... I6 – осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-6 индикаторлары бойынша бағалау сомасы;
Q1, .... Q6 – тиісті индикаторлардың салмақ коэффициенттері.
2) клиникалық практика жағдайындағы инновациялық қызмет деңгейі бойынша мынадай формула бойынша айқындалады:
Sb = I7,
мұндағы Sb – клиникалық бейінді денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдары мен құрамында университеттік ауруханасы бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының клиникалық практикасы жағдайындағы инновациялық қызметтің нәтижелілігін жиынтық бағалау;
I7 – осы Қағидаларға 1-қосымшаның 7-индикаторы бойынша бағалау сомасы;
3) білім алушылардың (студенттердің, интерндердің, резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша мынадай формула бойынша айқындалады:
Sc = I8 × Q8 + I9 × Q9 + I10 × Q10 + I11 × Q11,
мұндағы Sc–білім алушылардың (студенттердің, интерндердің, резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарының ғылыми және инновациялық қызметінің нәтижелілігін жиынтық бағалау;
I8, .... I11 – осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-11 индикаторлары бойынша бағалау сомасы;
Q8, .... Q11 – тиісті индикаторлардың салмақ коэффициенттері.
6. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың индикаторлар бойынша ақпаратты электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ әрбір индикатор бойынша растаушы құжаттардың сканерленген көшірмелерінің тізбесі мен электрондық архивін (электрондық архив жекелеген индикаторлар мен көрсеткіштер бөлінісінде қалыптастырылады) есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-не дейін жұмыс органына ұсынады. Жұмыс органы уәкілетті органмен келісу бойынша индикаторлар туралы ақпарат ұсынылатын нысанды айқындайды.
Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және ғылыми ұйымдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес индикаторларды есепке алу шарттарында және жеке индикаторлар бойынша растайтын құжаттар тізімінде көрсетілген талаптарға сәйкес ұсынады.
7. Бағаланатын ұйым растаушы құжаттарды ұсынбаған индикаторлар бойынша ақпарат саралау нәтижелерін есептеу кезінде ескерілмейді және авторлар растаушы құжаттарды неғұрлым кеш алған жағдайда келесі есепті кезеңнің көрсеткіштеріне есептеледі.
8. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау үш санат шеңберінде жүзеге асырылады:
1) клиникалық бейінді денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
2) клиникалық емес бейінді денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
3) денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары.
9. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың клиникалық практикасы жағдайында инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау екі санат шеңберінде жүзеге асырылады:
1) клиникалық бейінді денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
2) өз құрамында университеттік ауруханасы бар денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары.
10. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау нәтижелері Ғылыми-техникалық кеңесте қаралады және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның мәртебесін қайта қарау үшін негіз болады.
11. Жұмыс органы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау нәтижелерін Ғылыми-техникалық кеңестің қарауына енгізілгенге дейін, кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын өзінің ресми сайтында бағаланатын ұйымдар ұсынатын растайтын құжаттардың индикаторларды есепке алу шарттарына сәйкестігін тексеру нәтижелерін орналастырады, сондай-ақ растайтын құжаттарды жүргізілген тексеру нәтижелері туралы бағаланатын ұйымдарды хабардар етеді.
Бағаланатын ұйымдар (растайтын құжаттарды тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда) растайтын құжаттардың сәйкестігін тексеру нәтижелері жұмыс органының ресми сайтында орналастырылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде жұмыс органына өзінің келіспейтіндігі туралы негізделген ұстанымды және (немесе) қосымша растайтын құжаттарды ұсынады. Жұмыс органы ұсынған құжаттарды қарау нәтижелерін 5 (бес) жұмыс күні ішінде бағаланатын ұйымға жазбаша түрде жеткізеді.
12. Жұмыс органы Ғылыми-техникалық кеңес отырысынан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің ресми сайтында ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау нәтижелерін жариялайды.
| Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілік индикаторларын бағалау тәртібі
№ | Индикатордың атауы | Индикатор компоненттерін бағалау алгоритмі | Индикатор бойынша жиынтық бағалауды есептеу тетігі | Салмақ коэффициенті | |
№ | Индикаторды бағалау компоненттері | ||||
Өндірістік персоналдың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің индикаторлары | |||||
1 | Ғылыми зерттеулерден түскен кіріс көлемі | (1.1–1.5 көрсеткіштері бойынша балдардың жиынтығы) / (бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық мөлшерлемелерінің саны) | 0,1 | ||
1.1 | Есепті жылы бюджеттік бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде зерттеулер жүргізуге тартылған қаржы қаражатының көлемі | Әрбір 500 мың теңге үшін: 0,2 балл × k1 беріледі | |||
1.2 | Есепті жылы гранттық (Қазақстан Республикасының резиденттері тарапынан) шеңберінде зерттеулер жүргізуге тартылған қаржы қаражатының көлемі | Әрбір 500 мың теңге үшін: 0,2 балл × k1 беріледі | |||
1.3 | Есепті жылы гранттық қаржыландыру шеңберінде зерттеулер жүргізуге тартылған қаржы қаражатының көлемі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері және шетелдік грант берушілер тарапынан) | Әрбір 500 мың теңге үшін: 0,3 балл × k1 беріледі | |||
1.4 | Есепті жылы қаржыландырудың өзге нысандары шеңберінде зерттеулер жүргізуге тартылған қаржы қаражатының көлемі | Әрбір 500 мың теңге үшін: 0,1 балл × k1 беріледі | |||
1.5 | Есепті жылы бастамашылық зерттеулер шеңберінде зерттеулер жүргізуге (өзін-өзі қаржыландыруға) тартылған қаржы қаражатының көлемі | Әрбір 500 мың теңге үшін: 0,15 балл беріледі | |||
2 | Web of Science(Веб оф Сайнс), Scopus(Скопус), Springer (Спрингер) жарияланымдардың саны | (2.1-2.4 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық мөлшерлемелерінің саны) | 0,25 | ||
2.1 | Ғылыми басылымдардағы, Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) деректер базасындағы мақалалар | 1 мақала үшін: 10 балл × k2.1 × k2.2×k2.3 беріледі | |||
2.2 | Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) деректер базасында индекстелетін ғылыми монографиялар | 1 монография үшін: 200 балл × k2.3 беріледі | |||
2.3 | Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) деректер базасында индекстелетін ұжымдық монографиялардағы тараулар | Негізгі монография үшін: 50 × k2.3 балл беріледі | |||
2.4 | Конференция материалдарын қоспағанда, қысқа жарияланымдар (редакцияға хат, хат-хабар, түсініктеме, түсініктемеге жауап және т. б.) | 1 жарияланым үшін: 1 балл × k2.1 × k2.2×k2.3 беріледі | |||
3 | Ғылыми жұмыстардың дәйексөздері | ((3.1-3.2 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық мөлшерлемелерінің саны)) + [3.3-3.4 индикаторлары бойынша балдар сомасы) | 0,25 | ||
3.1 | Web of Science (Веб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) деректері бойынша есепті жылы ғылыми жұмыстардың дәйексөз келтірулерінің саны (соңғы 5 жыл ішінде жарияланған) (ғылыми жұмысты дәйексөз келтіру туралы деректер болған кезде екі дерекқорда да дәйексөз ең жоғары мәні бар дерекқордан алынған мән пайдаланылады) | 1 дәйексөз үшін: 5 балл × k3.1беріледі | |||
3.2 | Google Scholar (Гугл Скулар) мәліметтері бойынша есепті жылы ғылыми жұмыстардың дәйексөздерінің саны (соңғы 5 жыл ішінде жарияланған) | 1 дәйексөз үшін: 0,5 × k3.1балл беіледі | |||
3.3 | Web of Science (Веб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) деректері бойынша өндірістік персоналының Хирша индексінің квадраттарының орташа мәні (қызметкерде Хирша индексінің болуы туралы деректер болған кезде екі дерекқорда Хирша индексі ең жоғары мәні бар дерекқордан алынған мән пайдаланылады) есепті жылдың соңына | 1 балл × Хирш орташа индексі | |||
3.4 | Google Scholar (Гугл Скулар) мәліметтері бойынша есепті жылдың соңындағы өндірістік персоналдың Хирша индексінің квадраттарының орташа мәні. | 0,5 балл × индекс Хирш зерттеуші индексі | |||
4 | Патенттер мен өзге де қорғау құжаттарының саны (ұйымның өзі патент иеленуші ретінде көрсетілген) | (4.1-4.3 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық мөлшерлемелерінің саны) | 0,15 | ||
4.1 | Есепті жылы шетелдік немесе халықаралық патенттік агенттіктер берген патенттер | 1 патент үшін: 100 балл × k4 беріледі | |||
4.2 | Есепті жылы өнертабысқа, пайдалы модельге ҚР патенттері | 1 патент үшін: 50 балл беріледі | |||
4.3 | Есепті жылда зияткерлік меншік объектісін тіркеу туралы куәлік | 1 куәлік үшін: 3 балл беріледі | |||
5 | Ғылыми зерттеулер нәтижелерін және инновациялық қызметті коммерцияландыру деңгейі | (5.1–5.4 көрсеткіштері бойынша баллдардың жиынтығы) / (бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық мөлшерлемелерінің саны) | 0,15 | ||
5.1 | Ғылыми әзірлемелерді және инновацияларды коммерцияландырудан есепті жылы алынған пайда көлемі (соңғы 3 жыл ішінде бағаланатын ұйымның құқық иеленуімен қорғау құжаты алынған) | әрбір 500 мың теңге пайда үшін 0,2 балл беріледі | |||
5.2 | Соңғы 3 жыл ішінде бағаланатын ұйым құқық иеленушісі болып табылатын қорғау құжаттары алынған ғылыми әзірлемелер мен инновациялардың есептік жылы өндіріс сатысына / денсаулық сақтау жүйесінде қолдану сатысына жеткізілген саны | Әрбір ғылыми әзірлеме мен инновация үшін есептеледі: 2 балл | |||
5.3 | Есепті жылы Қазақстан Республикасында іске қосылған халықаралық көпорталықты клиникалық зерттеулер | Әрбір зерттеу үшін есептеледі: 10 балл | |||
5.4 | Есептік жылы іске қосылған республикалық деңгейдегі клиникалық зерттеулер | Әрбір зерттеу үшін есептеледі: 5 балл | |||
Халықаралық конференциялар және инновациялық қызметті форумдарға қатысу деңгейі | (Ұйымның 6.1 көрсеткіші бойынша балдардың жиынтығы) / (бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық мөлшерлемелерінің саны) | 0,1 | |||
6 | 6.1 | Web of Knowledge (Веб оф Ноуледж) және Scopus (Скопус) ғылыми ақпаратының дерекқорында индекстелетін халықаралық ғылыми конференциялар Conference Proceedings (Конференс Процесингс)материалдарының жинақтарындағы Жарияланымдар (тезистер, мақалалар) саны. | Әрбір жарияланым үшін: 10 балл × k6 беріледі | ||
Клиникалық практика жағдайындағы инновациялық қызмет индикаторлары | |||||
7 | Клиникалық практика жағдайындағы инновациялық белсенділік деңгейі | (7.1-7.3 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық мөлшерлемелерінің саны) | - | ||
7.1 | Есепті жылы ұйымда орындалатын жоғары технологиялық медициналық қызметтердің (бұдан әрі – ЖТМҚ) саны әрбір | әрбір ЖТМҚ үшін 10 балл беріледі | |||
7.2 | Ғылыми ұйымның / университеттік аурухананың қызметкерлері есепті жылы облыстардың, Алматы қаласының, Астана қаласының, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау ұйымдарының практикалық қызметіне сәтті енгізген ЖТМҚ түрлерінің (кодтарының) және өңірлердің саны |
әрбір ЖТМҚ үшін 2 балл | |||
7.3 | Есепті жылы бастамашысы ҒЗИ болған ДСМ бекіткен ЖТМҚ жаңа түрлерінің (кодтарының) саны | әрбір ЖТМҚ үшін 12 балл беріледі | |||
Білім алушылардың (студенттердің, интерндердің, резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың)ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің индикаторлары | |||||
8 | Web of Science (Вебф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) жарияланымдар саны | (көрсеткіштер бойынша балдар сомасы 8.1-8.2) / (бағаланатын ұйымдағы резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың орташа жылдық саны) | 0,3 | ||
8.1 | ғылыми басылымдардағы, Web of Science (Вебф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) деректер базасындағы мақалалар | ||||
8.2 | Қысқа жарияланымдар (редакцияға хат, хат-хабар, түсініктеме, түсініктемеге жауап және т. б.), конференция материалдарын қоспағанда |
1 жарияланымға | |||
9 | Ғылыми жұмыстардың дәйексөздері | (9.1-9.2 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) /(бағаланатын ұйымдағы резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың орташа жылдық саны) | 0,3 | ||
9.1 | Web of Science (Веб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) деректері бойынша есепті жылы ғылыми жұмыстардың дәйексөз келтірулерінің саны (соңғы 5 жыл ішінде жарияланған) (ғылыми жұмысты дәйексөз келтіру туралы деректер болған кезде екі дерекқорда да дәйексөз ең жоғары мәні бар дерекқордан алынған мән пайдаланылады) |
1 Дәйексөз үшін 5 балл × k9.1 | |||
9.2 | Google Scholar (Гугл Скулар) мәліметтері бойынша есепті жылы ғылыми жұмыстардың дәйексөздерінің саны (соңғы 5 жыл ішінде жарияланған) |
1 Дәйексөз үшін 0,5 балл× k9.1 | |||
10 | Патенттер мен өзге де қорғау құжаттарының саны (ұйымның өзі патент иеленуші ретінде көрсетілген) | (10.1–10.3 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың орташа жылдық саны) | 0,2 | ||
10.1 | Есепті жылы шетелдік немесе халықаралық патенттік агенттіктер берген патенттер |
1 патент үшін: | |||
10.2 | Есепті жылы өнертабысқа, пайдалы модельге ҚР патенттері |
1 патент үшін: | |||
10.3 | Есептік жылда зияткерлік меншік объектісін тіркеу туралы куәлік |
1 куәлік беріледі: | |||
11 | Халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысу деңгейі | (11.1-11.6 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың орташа жылдық саны) | 0,2 | ||
11.1 | ауызша баяндамамен (шетелге шығумен) | 1 баяндама үшін 6 балл беріледі | |||
11.2 | постерлік баяндамамен (шетелге шығумен) | 1 баяндама үшін 4 балл беріледі | |||
11.3 | ауызша баяндамамен (ҚР аумағында) | 1 баяндама үшін 2 балл беріледі | |||
11.4 | постерлік баяндамамен (ҚР аумағында) | 1 баяндама үшін 1 балл беріледі | |||
11.5 | Web of Science (Вебф оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) ғылыми ақпараттың дерекқорында индекстелетін халықаралық ғылыми конференциялар (Conference Proceedings) материалдарының жинақтарындағы жарияланымдардың (тезистердің, мақалалардың) саны | әрбір жарияланым үшін 10 балл × k11 беріледі | |||
11.6 | ҚР және ТМД елдерінің ғылыми ақпараттарының деректер базасымен индекстелетін конференция материалдарының жинағында тезисті (мақаланы) жариялаумен | 1 тезиске 0,5 балл беріледі | |||
Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті дамыту жөніндегі стратегиялық құжаттардың индикаторлары (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасы, Уәкілетті органның даму жоспары, Денсаулық сақтау саласындағы ғылымды дамыту жөніндегі жол картасы) | |||||
12 | Қазақстанда жүргізілетін клиникалық зерттеулердің саны, әр миллион халыққа шаққанда | [Есепті жылы Қазақстан аумағында жүргізілген клиникалық зерттеулердің саны] / [Есепті жылдың соңындағы Қазақстан Республикасының халық саны] × 1 000 000 | - | ||
13 | Медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының соңғы 5 жылда (гранттық немесе бағдарламалы-мақсатты қаржыландыру шеңберінде) алынған және өндіріс / клиникалық қолдану сатысына жеткізілген (дәрілік затты / медициналық бұйымды тіркеуді, денсаулық сақтау технологиясын мақұлдауды, клиникалық хаттамаларға енгізуді қоса алғанда) патенттерінің үлесі | [Соңғы 5 жылда (есептік жылды қоса алғанда) (гранттық немесе бағдарламалы-мақсатты қаржыландыру шеңберінде) алынған және өндіріс / клиникалық қолдану сатысына жеткізілген (дәрілік затты / медициналық бұйымды тіркеуді, денсаулық сақтау технологиясын мақұлдауды, клиникалық хаттамаларға енгізуді қоса алғанда) патенттердің саны] / [Соңғы 5 жылда (гранттық немесе бағдарламалы-мақсатты қаржыландыру шеңберінде) алынған патенттердің жалпы саны] × 100 | - | ||
14 | Ғылыми және инновациялық қызметтен түскен кірістердің ұйымның жалпы бюджетіндегі үлесі | [Есепті жылғы ғылыми және инновациялық қызметтен түскен кірістердің көлемі] / [Есепті жылғы ұйымның жалпы бюджетінің (кіріс бөлігі) көлемі] × 100 | - | ||
15 | Жаңа технологиялар бойынша оқудан өткен қызметкерлердің үлесі ("University Medical Center" КҚ жалпы қызметкерлер санына шаққанда) | [Есепті жылы "University Medical Center" корпоративтік қорының жаңа технологиялар бойынша оқудан өткен қызметкерлерінің саны] / [Есепті жылдың соңындағы "University Medical Center" корпоративтік қоры қызметкерлерінің жалпы саны] × 100 | |||
16 | Биологиялық қауіпсіздік саласындағы жаңа ғылыми әзірлемелер мен технологиялардың саны (иммунобиологиялық препараттар, диагностика құралдары) | [Есепті жылғы биологиялық қауіпсіздік саласындағы жаңа ғылыми әзірлемелер мен технологиялардың (иммунобиологиялық препараттар, диагностика құралдары) саны] | - | ||
17 | Денсаулық сақтау жүйесінде ҒТБ шеңберінде әзірленген ғылыми әзірлемелердің (патенттер, зияткерлік меншік куәліктері, әдістемелік ұсынымдар және т.б.) 100 млн теңге қаржыландыруға шаққандағы өсуі | [Есепті жылы денсаулық сақтау жүйесінде ҒТБ аясында әзірленген ғылыми әзірлемелердің (патенттер, зияткерлік меншік куәліктері, әдістемелік ұсынымдар және т.б.) саны] / [Есептік жылы денсаулық сақтау жүйесіндегі ҒТБ қаржыландыру көлемі] × 100 000 000 сюда вставь | - | ||
18 | Медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының персоналының орташа Хирш индексі | [Есепті жылдың соңындағы ұйымның өндірістік персоналының Хирш индекстерінің жиынтығы] / [Есептік жылдың соңындағы ұйымның өндірістік персоналының саны] | - | ||
19 | Биомедициналық зерттеулерге жұмсалатын шығыстардың ЖІӨ-дегі үлесінің өсуі, % | [Есепті жылғы биомедициналық зерттеулерге жұмсалған шығыстардың көлемі, теңге] / [Есептік жылғы Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімі, теңге] × 100 | - | ||
20 | Медициналық және фармацевтикалық ғылым саласындағы зерттеушілер санының 2023 жылғы жалпы зерттеушілер санына шаққандағы өсімі | [Есепті жылы ғылыми жобалар аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын өндірістік персоналдың (ОПҚ, ғылыми қызметкерлер, клиникалық персонал және т.б.) саны] / [2023 жылдың соңындағы өндірістік персоналдың (ОПҚ, ғылыми қызметкерлер, клиникалық персонал және т.б.) жалпы саны] × 100 | - | ||
21 | Медициналық ғылыми ұйымдар мен университеттердің зертханалық жабдықтарының жаңартылған үлесі | [Есепті жылы жаңартылған зертханалық жабдық бірліктерінің саны] / [Есептік жылдың соңындағы зертханалық жабдық бірліктерінің жалпы саны] × 100 | - | ||
22 | Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында Салалық технологиялық құзыреттер орталығының (СТҚО) енгізілген инновациялық медициналық технологиялары мен жобаларының үлесін арттыру | [Есепті жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында енгізілген СТҚО-ның инновациялық медициналық технологиялары мен жобаларының саны] / [Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында СТҚО-да тіркелген инновациялық медициналық технологиялары мен жобаларының саны] × 100 | - | ||
Ескертпе:
1. k1 = 0,1 коэффициенті ұйым дербес игерілетін қаражат көлемін шегергенде, бас ұйым ретінде басқаратын қаражат көлеміне қолданылады. Ұйым өз бетінше игеретін қаражат көлеміне қатысты k1 коэффициенті қолданылмайды (мысалы, ұйым бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды 10 000 мың теңгесін алады, оның ішінде өзі 1 000 мың теңгені игереді, ал 9 000 мың теңгені бірлесіп орындаушыларға береді. Есептеу формуласы келесідей болады– ((1000/500)×0,2)+(9000/500)×0,2×0,1).
2. 2, 3, 8 және 9 индикаторлар үшін авторлар немесе авторлардың бірі бағаланатын ұйыммен үлестес басылымдар ескеріледі (жарияланымда автордың бағаланатын ұйымға тиесілігі көрсетілген).
3. k 2. 1 = 1 Егер журналда Q4 квартилі болса; k 2. 1 = 10 егер журналда Q3 квартилі болса; k 2. 1 = 20 егер журналда Q2 квартилі болса; k 2. 1 = 30 егер журналда Q1 квартилі болса.
4. k2.2 = 0,5 коэффициенті егер жарияланым мемлекеттік, орыс тілінде (және ТМД елдерінің өзге де мемлекеттік тілдерінде) жарияланған болса қолданылады.
5. k2.3 = 1 коэффициенті бағаланатын ұйыммен үлестес автор "correspondence author" немесе бірінші автор болып табылатын болса, мақалада, қысқа жарияланымдар, монографиялар мен монографиялар бағандары үшін қолданылады; басқа жағдайларда k2.3 = 0,5. 6. k3.1 = 1 коэффициенті бағаланатын ұйыммен үлестес автор "correspondence author" немесе бірінші автор болып табылатын жағдайда қолданылады; өзге жағдайларда k3. 1 = 0,5.
7. Өндірістік персоналдың Хирш индексі квадраттарының орташа мәні = (h1)2+(h2)2+(h3)2+…(hn)2/n формуласы бойынша есептеледі, мұндағы h1, h2, h3, …hn – өндірістік персоналдың жекелеген жеке тұлғаларының Хирш индекстері, n – лауазымдарды атқаратын жеке тұлғалардың саны өнімді персонал.
8. k4 = 1,5 коэффициенті патент Web of Science дерекқорына енгізілген жағдайда қолданылады.
9. k6 = 0,5 коэффициенті егер жарияланым қазақ тілі, орыс тілінде (және ТМД елдерінің өзге де мемлекеттік тілдерінде) жарияланған болса қолданылады.
10. Индикатор компоненті үшін 7.2-қордан тиісті төлеммен расталған. Денсаулық сақтау ұйымында әрбір жекелеген облыста, Алматы қаласында, Астана қаласында, Шымкент қаласында табысты енгізілген әрбір ЖТМҚ үшін жеке балл беріледі-2 балл
11. k8. 1 = 1 коэффициенті егер журналда Q4 квартилі болса; k8.1 = 10 Егер журналда Q3 квартилі болса; k8.1 = 20 егер журналда Q2 квартилі болса; k8.1 = 30 егер журналда Q1 квартилі болса.
12. k8.2 = 0,5 коэффициенті егер жарияланым қазақ тілі, орыс тілінде (және ТМД елдерінің өзге де мемлекеттік тілдерінде) жарияланған болса қолданылады.
13. k8. 3 = 1 коэффициенті бағаланатын ұйыммен үлестес автор "correspondence author" немесе бірінші автор болып табылатын жағдайда қолданылады; басқа жағдайларда k8.3 = 0,5.
14. k9.1 = 1 коэффициенті бағаланатын ұйыммен үлестес автор "correspondence author" немесе бірінші автор болып табылатын жағдайда қолданылады; басқа жағдайларда k9.1 = 0,5.
15. k10 = 1,5 коэффициенті патент Web of Science дерекқорына енгізілген жағдайда қолданылады.
16. k11 = 0,5 коэффициенті егер жарияланым мемлекеттік, орыс тілінде (және ТМД елдерінің өзге де мемлекеттік тілдерінде) жарияланған болса қолданылады.
| Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
