Порядок введения в действие см. п.5.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы №199 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32681 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;
2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін цифрлық объектісі;
3) әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) инватакси – мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған такси;
5) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) сатып алудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі - веб-портал) – "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың және сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесі;
7) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар:
протездік-ортопедиялық құралдар – аяқ-қолдың жоқтығын немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудің салдарынан организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;
сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;
тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;
міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар;
8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарын айқындайтын жергілікті атқарушы органы;
9) электрондық дүкен – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша бірыңғай оператор айқындайтын талаптарға сәйкес келетін электрондық сауда алаңдарында орналастырылған деректердің агрегациясын қамтамасыз ететін веб-порталдың кіші жүйесі.";
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кепілдік берілген сома Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма бесінші абзацына сәйкес әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік орган бекіткен Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және санаторий-курорттық емдеудің әрбір түрі үшін айқындалады.
4. Кепілдік берілген соманы айқындауға арналған ақпарат дереккөздеріне мыналар жатады:
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының деректері (бұдан әрі – бірінші дереккөз) – өткен қаржы жылындағы бағалардың орташа мәні.
2) электрондық дүкеннің деректері (бұдан әрі – екінші дереккөз) – саудаға қатысушылардың үш ең төмен бағасының ішіндегі ең жоғарысы.
5. Екі дереккөздің біреуінің деректері болмаған жағдайда кепілдендірілген соманы анықтау екі дереккөздің біреуінің деректері негізінде жүзеге асырылады.
Бірінші және екінші дереккөздердің деректері болмаған жағдайда кепілдендірілген соманы анықтау бюджеттік заңнамаға сәйкес тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді (прайс-парақтар) жеткізушілердің әлеуетті өнім берушілерінің коммерциялық ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Тауардың және (немесе) көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін кепілдік берілген сома Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген дереккөздердің деректері негізінде мынадай формулалардың бірі бойынша есептеледі:
1) барлық екі дереккөздің деректері болған кезде тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі:
КБС = ( БОМ1+ ЕТБ2)/2, мұндағы:
КБС – кепілдік берілген сома;
БОМ1 – екінші дереккөз бойынша деректер бағасының орташа мәні;
ЕТБ2 – берушілерінің ұсынған үш коммерциялық ұсынысының ішіндегі ең төмен баға;
2) бірінші дереккөз бойынша деректер болмаған кезде тауарға және (немесе) қызметке кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі (екіншісінің деректері негізінде):
КБС = ЕТБ2* ТБИ, мұндағы:
КБС – кепілдік берілген сома;
ЕТБ2 – берушілерінің ұсынған үш коммерциялық ұсынысының ішіндегі ең төмен баға;
ТБИ – тұтыну бағасының индексі
ТБИ мынадай формула бойынша есептеледі:
ТБИ = ТБИt/100+1, мұндағы:
ТБИt – Қазақстан Республикасының келесі жылға әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес инфляция;
1 – коэффициент.
3) бірінші дереккөз бойынша деректер болмаған кезде тауарға және (немесе) қызметке кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі (біріншінің деректері негізінде):
КБС = БОМ1*ТБИ, мұндағы :
КБС – кепілдік берілген сома;
БОМ – бірінші дереккөз бойынша деректер бағасының орташа мәні;
(данные портала социальных услуг);
ТБИ – тұтыну бағасының индексі.
ТБИ = ТБИt/100+1, мұндағы:
ТБИt – Қазақстан Республикасының келесі жылға әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес инфляция;
1 – коэффициент.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсететін қызметтер порталы арқылы сатып алатын жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтеріне құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау";
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жеке көмекшінің бір сағаттық қызметтеріне кепілдік берілген сома тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 13,64 пайызы есебінен айқындалады.";
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Ымдау тілі маманының бір сағаттық қызметтеріне кепілдік берілген сома тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген 2,1 айлық есептік көрсеткіш есебінен айқындалады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Осы Әдістеменің 4-тарауында көзделген мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, келесі қаржы жылына арналған кепілдік берілген соманы айқындауды әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік орган құратын комиссия ағымдағы қаржы жылының 25 желтоқсанынан кешіктірмей жүзеге асырады.
Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге келесі қаржы жылына арналған кепілдік берілген соманы айқындауды халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган құратын комиссия ағымдағы қаржы жылының 25 желтоқсанынан кешіктірмей жүзеге асырады.".
2) "Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32720 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) - электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етудің "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;
3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін цифрлық объектісі;
4) "Е-Собес" АЦЖ (бұдан әрі – Е-Собес) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Е-Собес" автоматтандырылған цифрлық жүйесі;
5) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам;
6) "Зейнетақы және жәрдемақы төлемдерінің орталықтандырылған дерекқоры" автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ОДҚ) – Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасы саласында белгіленген жағдайларда төлем түрлерін жүзеге асыруға арналған орталық атқарушы органның орталықтандырылған дерекқоры;
7) инватакси – мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған такси;
8) протездік-ортопедиялық көмек – мүгедектігі бар адамдарды протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі және оларды пайдалануды үйрету;
9) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар (бұдан әрі – ОТҚ):
протездік-ортопедиялық құралдар – аяқ-қолдың жоқтығын немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудің салдарынан организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;
сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;
тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;
міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар;
10) порталдағы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілер (бұдан әрі – өнім берушілер) – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және жеке тұлғалар;
11) уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы;
12) ымдау тілі маманы – мүгедектігі бар адамдар үшін қандай да бір тілден дактильді әліпбиге және (немесе) ымдау тілінде сурдоаударма жасау бойынша қызмет көрсететін маман;
13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
" 4. Өнім берушіге тауарлар мен қызметтердің құнын өтеу:
1) жеке көмекшінің қызметтері;
2) ымдау тілі маманының қызметтері;
3) санаторийлік-курорттық емдеу;
4) арнаулы жүріп-тұру құралдары;
5) ОТҚ;
6) мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін кепілдік берілген сома шегінде жүзеге асырылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Уәкілетті орган Е-Собес-ге тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуге құжаттар келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (жеке көмекшінің қызметтерін қоспағанда) оларды қарайды және қабылдайды немесе Қағидалардың 14, 17 және 20-тармақтарына сәйкес себептерін көрсете отырып, өнім берушіге түзетуге қайтарады.
Порталдағы "Өнім берушінің жеке кабинеті" модуліне және өнім берушінің ұялы байланысының абоненттік нөміріне құжаттарды пысықтауға қайтару туралы ақпарат жіберіледі.";
1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-параграф. Жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеу тәртібі";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жеке көмекшінің қызметтерін беруші ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мыналарды:
1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өнім беруші орындаған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32994 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке көмекшінің сүйемелдеу парағын;
3) өтеу сомасын есептеу үшін өнім берушінің банктік деректемелерін;
4) шот-фактураны заңды тұлғалар ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:
"10-1. Жеке көмекшінің қызметтерінің құнын өтеуді уәкілетті орган Мемлекеттік корпорация арқылы кепілдік берілген сома шегінде ай сайын жүргізеді.
Уәкілетті орган Е-Собес-ге жеке көмекшінің қызметтерінің құнын өтеуге құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, Қағидалардың 11-тармағына сәйкес оларды қабылдайды немесе себебін көрсете отырып, өнім берушіге қайта қарау үшін қайтарады.
Қабылданған құжаттардың негізінде оларды қарау аяқталғаннан кейін уәкілетті орган Е-Собес-ге жеке көмекшілердің көрсетілетін қызметтерін жеткізушілер туралы мәліметтер енгізіледі. Өтемақы туралы ақпарат автоматты түрде Е-Собес-ден ОДҚ-ға жіберіледі.
ОДҚ-ға келіп түскен мәліметтер негізінде Мемлекеттік корпорация ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 17-күні жеке көмекшінің қызметтерінің құнын өтеуге бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады.
Мемлекеттік корпорация мәліметтер келіп түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға жеке көмекшінің көрсеткен қызметтерінің құнын өтеуге қажеттілік сомасы туралы өтінім жібереді.
Төлем айына қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке көмекшінің қызметтерінің құнын өтеу мерзімін көрсете отырып, одан кейінгі айға қосылуы тиіс.
Уәкілетті орган жеке көмекшінің көрсеткен қызметтерінің құнын өтеуге қажеттілік сомасы туралы өтінім келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жеке көмекшінің көрсеткен қызметтерінің құнын өтеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімде көзделген сомалар шегінде ақшалай қаражат аударады.
Мемлекеттік корпорация жеке көмекшінің көрсеткен қызметтерінің құнын өтеу сомасы түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен айқындалған форматта төлем тапсырмасын қалыптастырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) және қаражатты өнім берушінің банктік шотына аударуды жүзеге асырады.
10-2. Жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеу сомасы қайтарылған кезде Мемлекеттік корпорация қайтарылғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ОДҚ арқылы Е-Собес-ге жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеу сомасын қайтару туралы мәліметтерді жібереді.
Е-Собес жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеу сомасын қайтару туралы мәліметтер келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде өнім берушінің жеке кабинетінде көрсете отырып, оның банктік деректемелерінің дұрыс емес екені туралы ақпаратты порталға жібереді.
Е-Собес порталдан өнім берушінің банктік деректемелеріндегі өзгерістер келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде қайта қаржыландыру үшін ОДҚ-ға жібереді.
Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға өнім берушілерге жіберілмеген жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеу қайтарымдарының сомаларын жібереді.
Банк қызметтеріне ақы төлеу Мемлекеттік корпорация мен уәкілетті органдар арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауға кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтару себептері:
өтеуге арналған өтінішке қол қойған алушыға орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің және (немесе) жеке көмекшінің бірге еріп жүру парағының болмауы;
орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінде және (немесе) жеке көмекшінің бірге еріп жүру парағының сканерленген көшірмелерін ұсынған кезде оларда қойылған қолдың (қолдардың) болмауы;
жеке көмекшінің қызметтер көрсету кезеңі және (немесе) сағаттары дұрыс көрсетілмеген орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін және (немесе) жеке көмекшінің бірге еріп жүру парағын ұсыну;
өтеу сомасын есептеу үшін өнім берушінің банктік деректемелері дұрыс көрсетілмегені болып табылады.
Жеке көмекшінің қызметтерін көрсетуге өнім беруші құжаттарды пысықтайды және ағымдағы айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей қайта жібереді.
12. Жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеу уәкілетті орган Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеуге құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 6-параграфпен толықтырылсын:
"6-параграф. Ымдау тілі маманы қызметтерінің құнын өтеу тәртібі
26. Ымдау тілі маманының қызметтерін беруші ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мыналарды:
1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өнім беруші орындаған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32992 болып тіркелген) Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ымдау тілі маманының қызметтер көрсету парағын;
3) шот-фактураны – заңды тұлғалармен ұсынылады.
27. Ымдау тілі маманы қызметтерінің құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауға кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтару себептері:
өтеуге арналған өтінішке қол қойған алушыға орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің және (немесе) ымдау тілі маманының қызметтер көрсету парағының болмауы;
орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінде және (немесе) ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету парағының сканерленген көшірмелерін ұсынған кезде оларда қойылған қолдың (қолдардың) болмауы;
ымдау тілі маманының қызметтер көрсету кезеңі және (немесе) сағаттары дұрыс көрсетілмеген орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін және (немесе) ымдау тілі маманының қызметтер көрсету парағын ұсыну.
Ымдау тілі маманының қызметтерін беруші құжаттарды пысықтайды және ағымдағы айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей қайта жібереді.
28. Ымдау тілі маманы қызметтерінің құнын өтеу уәкілетті орган Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ымдау тілі мамандары қызметтерінің құнын өтеуге арналған құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Инклюзия департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен әлеуметтік қызметтер порталы мен электрондық дүкенді интеграциялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағы 1) тармақшасының алтыншы, оныншы абзацтарын және 2) тармақшасының жетінші, сегізінші, оныншы, жиырма бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |