Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы № 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 ақпанда № 37989 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихан қабылдау қағидаларында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидалары, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15033 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:"

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 18) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Е. Сарсембаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 13 ақпандағы
№ 160
Бұйрыққа 1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 335 бұйрығымен
бекітілген

Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді "Сот сарапшысы біліктілігін беру" және "Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер).

      2. Осы Қағидаларда мына негізгі ұғымдар қарастырылған:

      1) Бiрыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі – байланыс орталығы) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      2) көрсетілетін қызметті алушы - сот-сараптама қызметімен айналысуға және сот сарапшысы біліктілігін алуға үміткер жеке тұлға;

      3) көрсетілетін қызметті беруші - "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ССО);

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      5) сот сарапшысы біліктілігін беру - сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін бере отырып, адамның заңнаманы білуге және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеуді тапсыруы;

      6) тестілеу операторы (бұдан әрі – Оператор) – мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай цифрлық деректер базасының (ақпараттық жүйенің) тестілеу рәсімдерін және үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оператор;

      7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбамен құрылған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның тиесілігін және мазмұнның өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нұсқада көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосудың техникалық шарттарын беру қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметтеріне қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.

      3. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсет мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап үш (3) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына жібереді.

      4. Сот сарапшысы біліктілігін беруден өту үшін мүгедектігі бар адамдарға (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы мәліметті өтініштерді берудің қабылдаудың бағдарламалық жасақтамасына жүктейді және көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін сот сарапшысы болып табылмайтын көмекшіні ұсыну қажет екенін қосымша көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі

      5. Сот сарапшысы біліктілігін беру көрсетілетін қызметті алушының біліктілік куәлігін бере отырып, заңнаманы білуге тестілеуді тапсыру және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеру жолымен жүзеге асырылады.

      6. Сот сарапшысы біліктілігін беруге жататын адамдардың тізімін ССО қалыптастырады және оны Операторға жолдайды.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес 1, 2 Тізбесінде (бұдан әрі -1,2 Тізбе) баяндалған.

      Көрсетілген қызметті алушы тестілеуді тапсырғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын ССО-ға портал арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштер жібереді.

      Көрестілетін қызметті алушы, Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      ССО өтініш түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      ССО құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтердің толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді ССО "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1, 2-Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, ССО өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы толық мәліметтер ұсынған және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тестілеуді өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оның абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы немесе портал арқылы "жеке кабинетіне" хабардар етіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде 1, 2-Тізбенің 9-тармағына сәйкес ССО Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап (2) екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.

      Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша тестілеу 2 кезеңде 1(бір) жұмыс күні ішінде қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі:

      1) заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеу (100 сұрақ);

      2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу (белгілі бір мамандық бойынша 2 (екі) кейс, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырма).

      ССО тестілеуге енгізілетін сұрақтардың тізбесін қалыптастырады.

      Тестілеу сұрақтары мен олардың жауаптары құпия ақпарат болып табылады және таратылмайды.

      ССО Операторға тестілеу сұрақтарын және оларға жауаптарды электрондық тасымалдаушы арқылы береді.

      Тестілеу сұрақтарын және олардың жауаптарын ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (телефон, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы (мобильді) байланыс, Интернет желісі) арқылы беруге жол берілмейді.

      Тестілеу сұрақтарын және оларға жауаптарды өңдеу, пайдалану, сақтау, есепке алу және жою, құжаттарды жүктеу, жіберу және Интернет иелісіне қосылу мүмкіндігінсіз есептеу техникасы құралдарында (бұдан әрі – ЕТҚ) жүзеге асырылуы тиіс.

      Тестілеу жүргізілетін ЕТҚ магниттік ақпарат тасымалдаушыларға қол жеткізу бұғатталуы тиіс.

      9. Көрсетілетін қызметті алушылар тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатты не "Электрондық құжаттар" сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде жіберіледі.

      Заңнаманы білуге тестілеу уақыты 90 (тоқсан) минутты, практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеу уақыты - 30 (отыз) минутты белгілі бір мамандық бойынша 2 (екі) кейсті, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырманы құрайды.

      Тестілеуді өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де тасығыштарда, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарда) пайдалануға жол берілмейді.

      Тестілеу операторы көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы тестілеуден шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.

      Тестілеуден шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң сот сарапшысы біліктілігін беруге рұқсат беру туралы өтінішті қайта береді.

      Еңсерілмейтін күш (табиғи құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу тоқтатыла тұрады және тестілеу рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді.

      Мұндай жағдайда көрсетілетін қызметті алушы қайталама тестілеуден өтеді.

      10. Мүгедектігі бар адамдың қатарынан сот сарапшысы біліктілігін беру олардың жеке ерекшеліктері мен тіршілік әрекетіндегі шектеулерді ескере отырып, теңдік, қолжетімділік және кемсітпеу принциптерін сақтай отырып қажетті жағдайларды қамтамасыз ете отырып жүргізіледі.

      Мүгедектігі бар адамға аттестаттаудан өту үшін мынадай арнайы жағдайлар жасалады:

      1) тестілеуге өтуге бөлінген уақыттың ұзақтығын ұлғайту;

      2) тестілеу процесінде жалпы ұзақтығы 30 (отыз) минут болатын қосымша үзілістер беріледі;

      3) тестілеуді орындау процесіне араласпайтын көмекшіге (ілесіп жүруші тұлғанға) рұқсат беру.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеу уақыт мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін (қажет болған жағдайда) – 120 (жүз жиырма) минутты құрайды, практикалық дағдылардың қажетті деңгейін тексеруге арналған тестілеу – 60 (алпыс) минутты құрайды, белгілі бір мамандық бойынша 2 (екі) кейс, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырма.

      11. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін компьютерлік тестілеуден өтудің шекті деңгейі сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың кемінде 70% құрайды.

      Тестілеу нәтижелерін есептеу Тестілеу операторының пайдаланылатын компьютерлік бағдарламасының көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.

      Егер заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден аз болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тестілеудің келесі кезеңіне жіберілмейді.

      Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеуден өтудің шекті деңгейі ситуациялық жағдайдағы сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың 70 % құрайды.

      Тестілеу нәтижелерін есептеу Тестілеу операторының пайдаланылатын компьютерлік бағдарламасының көмегімен автоматты түрде компьютерлік бағдарламамен жүргізіледі.

      12. ССО 2 (екі) жұмыс күні ішінде біліктілік куәлігін ресімдейді.

      ССО біліктілік куәлігіне - 1 (бір) жұмыс күні ішінде қол қояды.

      Біліктілік куәлігі көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      13. Тестілеуден өтпеген көрсетілетін қызметті алушы оны өткен күннен бастап үш айдан кем емес қайта тестілеуге жіберіледі.

      14. Дәлелді себептермен (ауру, жақын туысының қайтыс болуы және еңсерілмейтін күш мән-жайлары) тестілеуден өтпеген көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынған кезде ССО белгілеген басқа күні тестілеуден өтуі мүмкін.

      Бұл ретте өтініш тестілеуді өткізіп алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс.

      Тестілеуге дәлелді себепсіз келмеген көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы біліктілікті беру туралы өтінішті қайта береді.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі саласындағы заңнамасына білімін тексеру мақсатында сынақ тестілеуінен өтуге құқылы.

      Сынақ тестілеуінің нәтижелері сот сарапшысының біліктілігін беру/бермеу туралы дәлелді шешім шығаруға негіз болып табылмайды.

      16. Емтихандар өткізу барысында туындайтын даулар Апелляциялық комиссияда не сотта қаралады.

3-тарау. Апелляциялық рәсім

      17. Көрсетілетін қызметті алушылар тестілеу нәтижелеріне қанағаттанбаған жағдайда апелляциялық комиссияға апелляция беруге құқылы.

      18. Көрсетілетін қызметті алушы ССО-ға апелляцияға өтінішті еркін нысанда береді. Апелляцияға өтінішті көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден өткеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қабылдана және апелляциялық комиссия отырыста қарайды.

      Апелляциялық комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай келіп түскен өтініштердің санына байланысты өткізіледі.

      19. Апелляцияға өтініш көрсетілетін қызметті алушыдан:

      1) нақты сұрақтардың дұрыстығына (тестілеу бойынша);

      2) техникалық ақауларға сілтеме жасай отырып тестілеу нәтижелеріне;

      3) тестілеу ережелерін бұзу туралы актіге шағымданған жағдайларда қабылданады.

      20. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссияның шешімдері осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қоюға тиіс хаттамалармен ресімделеді.

      Апелляциялық комиссияның шешімі мүшелердің жалпы санының 2/3 (үштен екісі) болған кезде заңды болады.

      Апелляциялық комиссия кемінде бес мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.

      21. Апелляцияға алынған өтінішті қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия апелляция түскен күннен бастап 1 (бір) күн ішінде екі шешімнің бірін қабылдайды:

      1) апелляцияны қанағаттандырмай қалдыру;

      2) көрсетілетін қызметті алушының апелляциясын қанағаттандыру және оны тестілеуді қайта тапсыруға жіберу.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      22. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым ССО-ға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      ССО, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте, ССО шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам егер ол шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді өзге әкімшілік әрекетті 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      23. ССО-ға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      24. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      25. Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ҚР ӘППК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  Сот сарапшысы біліктілігін
беру қағидаларына
1-қосымша

"Сот сарапшысы біліктілігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәсілдері

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб - порталы

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелері

сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі не негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін түскі үзіліспен.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Тестілеуді өткізу орындарының мекенжайлары ССО жіберген хабарламаларда көрсетілген

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті мәліметтер тізбесі

1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш.
2) Көрсетілетін қызметті беруші жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
3) мүгедектік туралы анықтама

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілген қызмет алушы ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің (мәліметтердің) Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаиы құқығынан айырылуы;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, электрондық нысан түріндегі қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
3. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқасы қолжетімді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz. интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414, 8 800 080 77 77

  Сот сарапшысы біліктілігін
беру қағидаларына
2-қосымша

"Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілікті беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәсілдері

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб - порталы

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелері

сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі не негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін түскі үзіліспен.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Тестілеуді өткізу орындарының мекенжайлары ССО жіберген хабарламаларда көрсетілген

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті мәліметтер тізбесі

1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш.
2) Көрсетілетін қызметті беруші жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
3) мүгедектік туралы анықтама

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілген қызмет алушы ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің (мәліметтердің) Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаиы құқығынан айырылуы;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электрондық нысан түріндегі қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
3. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқасы қолжетімді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz. интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414, 8 800 080 77 77

  Сот сарапшысы
  біліктілігін беру қағидаларына
  3-қосымша

Өтініш

      Сізден мені келесі сараптамалық мамандықтар бойынша сот сарапшысы біліктілігін беруге жіберуіңізді сұраймын:

      1. _____________________

      2. _____________________

      Ақпараттық жүйелердегі қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      ________________________________________________________________

      [Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Сот сарапшысы біліктілігін
беру үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
4-қосымша

"Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Сот сараптамалары орталығы"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны

Герб Республиканское
государственное казенное
предприятие "Центр судебных
экспертиз Министерства юстиции
Республики Казахстан"
Никад №

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі

(сот сарапшысы біліктілігін беру туралы)

_________________________________________________________

берілген (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      1.___________________________________

      2.___________________________________

      [Қол қоюшының лауазымы] [қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)]

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 13 ақпандағы
№ 160
Бұйрыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 336 бұйрығымен
бекітілген

Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Сот-сараптамалық қызмет туралы" Заңының 12-бабының 18) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Сот сарапшыларын аттестаттау" және "Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер).

      2. Осы Қағидаларда мына негізгі ұғымдар қарастырылған:

      1) Бiрыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі – байланыс орталығы) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға.

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініші жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      3) көрсетілетін қызметті беруші – "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ССО);

      4) сот сарапшысын кезектен тыс аттестаттау – сот сарапшысының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі және (немесе) сот-сараптама қызметімен кезінде Заң талаптарын бұзу фактілері анықталған, сот сарапшысының біліктілігінің жеткіліксіздігін айғақтайтын жағдайларда жүргізілетін рәсім;

      5) сот сарапшысын аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау) – сот сарапшысының оның біліктілігінің сәйкестігін айқындау бойынша кезекті және кезектен тыс аттестаттауды қамтитын рәсім;

      6) сот сарапшысы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – іске мүдделі емес, арнаулы ғылыми білімі бар және Заңда белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келетін, сот сараптамасын жүргізу тапсырылған тұлға;

      7) сот сарапшысын кезекті аттестаттау – сот-сараптама қызметін жиырма жылдан астам жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, әр бес жыл сайын кезең-кезеңімен өткізілетін рәсім;

      8) тестілеу операторы (бұдан әрі – Оператор) – мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай цифрлық деректер базасының (ақпараттық жүйенің) тестілеу рәсімдерін және үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оператор;

      9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбамен құрылған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның тиесілігін және мазмұнның өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      10) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нұсқада көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосудың техникалық шарттарын беру қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметтеріне қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.

      3. Бала күтімі демалысында болған, сот-сараптамалары органының қызметкерлері болып табылатын, сот сарапшылары қызметке шыққаннан кейін үш айдан кейін не алты айдан кешіктірілмей аттестаттауға жатады.

      Лицензиясының қолданысы үш жылдан астам тоқтатыла тұрған, лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдар лицензияның қолданысы қайта қалпына келтірілген күннен бастап үш айдан кейін және алты айдан кешіктірілмей аттестаттауға жатады.

      4. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсет мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап үш (3) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына жібереді.

      5. Сот сарапшысы біліктілігін беруден өту үшін мүгедектігі бар адамдарға (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы мәліметті өтініштерді берудің қабылдаудың бағдарламалық жасақтамасына жүктейді және көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін сот сарапшысы болып табылмайтын көмекшіні ұсыну қажет екенін қосымша көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі

      6. ССО Операторды және аттестаттауға жататын көрсетілген қызметті алушыларды аттестаттауды өткізу туралы оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. ССО аттестаттауға жататын сот сарапшыларының тізбесін қалыптастырады және оны Операторға жібереді.

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес 1,2 Тізбесінде (бұдан әрі -1,2 Тізбе) баяндалған.

      9. Аттестаттауға жататын көрсетілетін қызметті алушылар ССО-ға аттестаттаудан өту күніне дейін үш жұмыс күні бұрын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштерді портал арқылы жібереді.

      Көрестілетін қызметті алушы, Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі жалпы алғанда 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      ССО өтініш түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      ССО құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтердің толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді ССО "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік электрондық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1, 2-Тізбелердің 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, ССО өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы толық мәліметтер ұсынған және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты және тәртібі туралы оның абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы немесе порталдағы "жеке кабинетіне" хабардар етіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде 1, 2-Тізбенің 9-тармағына сәйкес ССО Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап (2) екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.

      Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      10. Лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдарды кезектен тыс аттестаттауды өткізу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) сот-сараптамалық қызметті лицензиялау жөніндегі комиссиясы қабылдайды, ал сот сараптамалары органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары бойынша ССО басшысы қабылдайды.

      11. Сот сарапшысы аттестаттау 1 (бір) сараптамалық мамандық бойынша өткізіледі.

      12. Аттестаттау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша екі кезеңде 1 (бір) жұмыс күні ішінде қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі:

      1) заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеу (100 сұрақ);

      2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу.

      Аттестаттау тестілеріне енгізілетін сұрақтар тізбесін ғылыми дәрежесі бар не сараптамалық мамандық бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар ССО-ның бас сарапшылары қалыптастырады.

      Аттестаттау сұрақтары және олардың жауаптары құпия ақпарат болып табылады және таратылуға жатпайды.

      ССО Тестілеу операторына аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын электрондық тасымалдағыш арқылы береді.

      Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (телефон, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы) байланыс, Интернет желісі) арқылы беруге жол берілмейді.

      Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын өңдеу, пайдалану, сақтау, есепке алу және жою есептеу техникасы құралдарында (бұдан әрі – ЕТҚ) жүктеп алу, құжатты қайта жіберу және Интернетке қосу мүмкіндігінсіз жүзеге асырылуы тиіс. Тестілеу өткізілетін ЕТҚ-ға магниттік тасығыштарға қолжетімділік бұғатталуы тиіс.

      13. Көрсетілетін қызметті алушылар тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатты немесе "электрондық құжаттар" сервисінен алынған электрондық құжатты көрсеткен кезде жіберіледі.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеу уақыты – 90 минутты, практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестілеу – 30 (отыз) минутты (белгілі бір мамандық бойынша 2 (екі) кейсті, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырма) құрайды.

      Аттестаттау өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға қағаз, электрондық немесе өзге де тасымалдағыштардағы анықтамалық, арнаулы және өзге әдебиеттерді, сондай-ақ электрондық қабылдау-тарату құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) пайдалануға жол берілмейді.

      Аталған құрылғылар тестілеу кезеңінде жүргізу уақытына арнайы ұяшықтары бар шкафтарда сақтауға орналастырылады. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.

      Аттестаттаудан шеттетілген қызмет алушы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта береді. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары (табиғи апаттар, соғыс қимылдары), сондай-ақ техникалық ақаулар салдарынан тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда, тестілеу тоқтатылады және тестілеу рәсімін тоқтату туралы акт ресімделеді.

      Бұл жағдайда қызмет алушы аттестаттаудан қайта өтеді.

      14. Мүгедектігі бар адамдың қатарынан сот сарапшысы біліктілігін беру олардың жеке ерекшеліктері мен тіршілік әрекетіндегі шектеулерді ескере отырып, теңдік, қолжетімділік және кемсітпеу принциптерін сақтай отырып қажетті жағдайларды қамтамасыз ете отырып жүргізіледі.

      Мүгедектігі бар адамға аттестаттаудан өту үшін мынадай арнайы жағдайлар жасалады:

      1) тестілеуден өтуге бөлінген уақытты ұлғайту;

      2) тестілеу процесінде жалпы ұзақтығы 30 (отыз) минут болатын қосымша үзілістер беріледі;

      3) тестілеу процесіне араласпайтын көмекшінің (ілесіп жүруші тұлғаның) қатысуына рұқсат беру.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеу уақыты мүмкіндігі шектеулі адамдарға (қажет болған жағдайда) – 120 (жүз жиырма) минутты, практикалық дағдылардың қажетті деңгейін тексеруге арналған тестілеу – 60 (алпыс) минутты, белгілі бір мамандық бойынша 2 (екі) кейсті, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырма құрайды.

      15. Заңнаманы білуге арналған тестілеуден өтудің шекті деңгейі сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың 70 %-ын құрайды.

      Тестілеу нәтижелерін есептеу Тестілеу операторы пайдаланатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.

      16. Заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден төмен болған жағдайда, аттестаттауға жататын көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың келесі кезеңіне жіберілмейді.

      17. Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестілеуден өтудің шекті деңгейі әр кейс бойынша белгілі бір мамандық бойынша дұрыс жауаптардың 70 %-ын құрайды. Тестілеу нәтижелерін есептеу Тестілеу операторы пайдаланатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.

      ССО 2 (екі) жұмыс күні ішінде аттестаттау куәлігін ресімдейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде қол қояды.

      Аттестаттау куәлігі көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Аттестаттаудан өтпеген көрсетілетін қызметті алушы бір реттен артық емес қайта аттестаттауға жатады.

      Қайта аттестаттау өткізілген күннен бастап бір айдан ерте емес және үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

      18. Қайта аттестаттау кезінде заңнаманы білуге арналған тестілеуден шекті деңгейді өткен көрсетілетін қызметті алушы практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестілеуге жіберіледі. ССО 1 (бір) жұмыс күні ішінде аттестаттаудан өткені/өтпегені туралы шешімді электрондық форматта ресімдейді және ол портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ССО басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Аттестаттаудан өту туралы шешім шығарылған күнінен бастап 5 (бес) жыл ішінде жарамды болып табылады. Сот сараптамалары органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары қайта аттестаттаудан өтпеген жағдайда олармен жасалған еңбек шарты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бұзылады.

      19. Аттестаттауға дәлелді себептермен (ауру, жақын туысының қайтыс болуы, еңсерілмейтін күш мән-жайлары) келмеген көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынған кезде ССО белгілеген басқа күні тестілеуден өте алады. Бұл ретте өтініш тестілеуді өткізіп алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс. Дәлелді себепсіз келмеген көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тартылады. Бұл жағдайда көрсетілген қызметті алушы аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта береді. Көрсетілетін қызметті алушы сот-сараптамасы қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу деңгейін тексеру және аттестаттаудан өтуге дайындалу мақсатында сынақ аттестаттаудан өтуге құқылы. Сынақ тестілеуінің нәтижелері аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім қабылдауға негіз болып табылмайды.

3-тарау. Апелляциялық рәсім

      20. Көрсетілетін қызметті алушылар аттестаттау нәтижелерімен келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға апелляция беруге құқылы.

      21. Апелляцияға өтінішті көрсетілетін қызметті алушы ССО-ға еркін нысанда береді. Апелляцияға өтініштер тестілеуден өткеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қабылданады және апелляциялық комиссия отырысында қаралады.

      Апелляциялық комиссияның отырысы келіп түскен өтініштер санына байланысты қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      22. Апелляцияға өтініш көрсетілетін қызметті алушыдан мынадай шағымдану жағдайларында қабылданады:

      1) нақты сұрақтардың дұрыстығы (тестілеу бойынша);

      2) техникалық ақауларға сілтеме жасай отырып, тестілеу нәтижелері;

      3) тестілеу қағидаларын бұзу туралы акті.

      23. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссияның шешімдері осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қоятын хаттамалармен ресімделеді.

      Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда заңды болып табылады.

      Апелляциялық комиссия кемінде бес мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.

      24. Апеляцияға түскен өтінішті қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия апелляция түскен күннен бастап 1 (бір) күн ішінде келесі екі шешімнің бірін қабылдайды:

      1) апелляцияны қанағаттандырусыз қалдыру;

      2) көрсетілетін қызмет алушының апелляциясын қанағаттандыру және оны тестілеуді қайта тапсыруға жіберу.

4-тарау. тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      25. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.

      Шағым ССО-ға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігі) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      ССО, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте, ССО шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам егер ол шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе өзге әкімшілік әрекетті 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      26. ССО-ға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      27. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      28. Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ҚР ӘППК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  Сот сарапшысын
аттестаттау қағидаларына
1-қосымша

"Сот сарапшысын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб - порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері

Аттестаттау куәлікгі – сот сарапшысы аттестаттаудан өткені/қайта аттестаттаудан өткені/ аттестаттаудан өтпегені туралы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі

7

Қызмет көрсетілетін көрсетушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін түскі үзіліспен.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Тестілеу өткізу орындарының мекенжайлары ССО жіберген хабарламаларда көрсетілген

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мәліметтердің тізбесі

1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш.
2) Көрсетілетін қызметті беруші жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді электрондық үкімет шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
3) мүгедектік туралы анықтама

9

мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілген қызмет алушы ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің (мәліметтердің) Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электрондық нысан түріндегі қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
3. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқасы қолжетімді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz. интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414, 8 800 080 77 77

  Сот сарапшысын аттестаттау
қағидаларына 2-қосымша

"Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб - порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері

Аттестаттау куәлікгі – сот сарапшысы аттестаттаудан өткені/қайта аттестаттаудан өткені/ аттестаттаудан өтпегені туралы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі

7

Қызмет көрсетілетін көрсетушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін түскі үзіліспен.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Тестілеуді өткізу орындарының мекенжайлары ССО жіберген хабарламаларда көрсетілген

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мәліметтердің тізбесі

1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш.
2) Көрсетілетін қызметті беруші жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді электрондық үкімет шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
3) мүгедектік туралы анықтама

9

мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілген қызмет алушы ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің (мәліметтердің) Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электрондық нысан түріндегі қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
3. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқасы қолжетімді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz. интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414, 8 800 080 77 77

  Сот сарапшысын
аттестаттау қағидаларына
3-қосымша

Өтініш

      Мені келесі сараптамалық мамандық (мамандықтар) бойынша сот сарапшыларын аттестаттаудан (қайталама, кезектен тыс) өтуге жіберуіңізді сұраймын:

      1. _____________________

      2. _____________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      ________________________________________________________________

      [тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Сот сарапшысын
аттестаттау қағидаларына
4-қосымша

"Қазақстан Республикасы Әділет Герб министрлігінің
Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Республиканское государственное казенное предприятие “Центр судебных экспертиз Министерства юстиции
Республики Казахстан”
Никад №

Аттестаттау куәлігі аттестаттау туралы / қайта аттестаттаудан өткені туралы/өтпегені туралы сот сарапшысын аттестаттау

      Қала

      күні

_________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      1. Аттестатталған (қайта аттестаттауға жатады, аттестатталмаған)

      [Қол қоюшының лауазымы]

      [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 13 ақпандағы
№ 160 Бұйрыққа
3 қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14987 болып тіркелген);

      2. "Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14990 болып тіркелген);

      3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 752 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16920 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады