Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Алтай ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Алтай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8353 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшаның 2-тармағы мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
"23) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдері.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алтай ауданы әкімі | Р. Курмамбаев |
|
"КЕЛІСІЛДІ": Алтай ауданы мәслихатының төрағасы __________________Л.Гречушникова "______"_____________202___жыл |
