"Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 211 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XL сессиясының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 273 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 желтоқсанда № 37761 болып тіркелді

      Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 211 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1710 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларында:

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.";

      69, 70-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз кесілген не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда өтемдік отырғызу жүз есе мөлшерде жүзеге асырылады.";

      "70. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады