Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы "Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" № 170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 182809 тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімдігінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы 28 мамырдағы № 180 | |
қаулысына қосымша |
Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлері
№ | Су объектісінің атауы | Халықтың жаппай демалу орындары | Елді мекен | Ескертпе |
Талдықорған қаласы | ||||
1 | Қаратал өзені | Қалалық жағажай | Талдықорған қаласы |
Мемлекеттік |
Алакөл ауданы | ||||
2 | Алакөл көлі | Алакөл көлі жағалауының жағажайлары | Ақши ауылы |
Мемлекеттік |
3 | Алакөл көлі | Алакөл көлі жағалауының жағажайлары | Көктұма ауылы |
Мемлекеттік |
Сарқан ауданы | ||||
4 | Балқаш көлі | Балқаш көлі жағалауының жағажайлары | Лепсі ауылы |
Мемлекеттік |
Текелі қаласы | ||||
5 | Ашық жүзу бассейні | Қалалық бассейн | Текелі қаласы | Мемлекеттік жер қоры |