БҰЙЫРАМЫН:
1. "Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшының м.а. |
Ә. Шауенова |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі
Статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және статистикалық байқаулар жүргізу кезінде бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көрсетілген мағынада қолданылады.
2-тарау. Статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібі
3. Респонденттер Заңның 19-бабына сәйкес бекітілетін респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигі (бұдан әрі – График) бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсынады.
4. Статистикалық нысандардың атауы, ұсыну мерзімдері, кезеңділігі, респонденттер тобы, статистикалық нысандарды бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысандарының титулдық беттерінде көрсетіледі.
Ұсыну мекенжайы ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанындағы титулдық беттерде көрсетіледі.
5. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық деректер:
1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының www.stat.gov.kz интернет-ресурсында (бұдан әрі – ведомствоның интернет-ресурсы) "Респондент кабинеті" арқылы электрондық түрде;
2) қолма-қол не пошта байланысы қызметтері арқылы ұсынылған қағаз жеткізгіште;
3) телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы;
4) қағаз жеткізгішті немесе дербес есептеу құрылғысын (планшетті) пайдалана отырып, интервьюер жеке сауалнама жүргізген кезде ұсынылады.
Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық деректер қағаз жеткізгіштерде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы электрондық түрде немесе арнайы байланыс арнасы арқылы ұсынылады.
Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық деректерді респонденттердің өзге тәсілдермен ұсынуына жол берілмейді.
Жүріп-тұруға тыйым салынатын карантин, төтенше жағдай кезінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) интервьюерлеріне бастапқы статистикалық деректерді ұсынатын үй шаруашылықтарын қоспағанда, респонденттер бастапқы статистикалық деректерді ведомствоның интернет-ресурсында "Респондент кабинеті" арқылы электрондық түрде телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы ұсынады.
6. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын ұсыну күнін тіркеу:
1) электрондық түрде, ведомствоның интернет-ресурсында "Респонденттің кабинеті" арқылы жүйелік күн автоматты түрде тіркеледі;
2) қағаз жеткізгіште, күні қолма-қол ұсынылған аумақтық бөлімшелердің титулдық парақтардағы мөртабанымен не пошта байланысы қызметтері арқылы ұсынылған пошта қызметтерінің пошта мөртабанымен тіркеледі;
3) телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы жүйелік күн автоматты түрде тіркеледі;
4) интервьюердің қағаз жеткізгішті пайдалана отырып, респондентке жеке сауал салу жүргізуі кезінде күнді интервьюер респондентке барған күні тіркейді;
5) интервьюердің дербес есептеу құрылғысын (планшетті) пайдалана отырып, респондентке сауал салу жүргізуі кезінде жүйелік күн автоматты түрде тіркеледі.
Ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын ұсыну күнін тіркеу:
1) қағаз жеткізгіштерде ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк қызметкерлері тіркейді;
2) электрондық түрде ведомствоның интернет-ресурсында "Респондент кабинеті" арқылы жүйелік күн автоматты түрде тіркеледі.
Егер статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге түссе, статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің аяқталу күні одан кейінгі жұмыс күні болып саналады.
7. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізілетін респонденттер тобы байқау әдісін (жаппай немесе іріктемелі) ескере отырып, статистикалық тіркелімдер деректері бойынша анықталады.
Іріктемелі байқауға респонденттерді қосу үшін оларды іріктеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 22 тамыздағы №169 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14250 болып тіркелген) Кәсіпорындарға іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістемеге және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 11 қарашадағы № 266 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14515 болып тіркелген) Үй шаруашылықтарына іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістемеге, сонымен қатар жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснамаларға сәйкес жүргізіледі.
8. Респонденттер жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша ұсыну қажет статистикалық нысандардың тізбесін жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН) енгізу арқылы ведомствоның интернет-ресурсында "Респонденттің кабинетінде" немесе респонденттің сұрау салуына сәйкес аумақтық бөлімшелерде, сондай-ақ "Респонденттің кабинеті" мобильді қосымшасы арқылы дербес алады.
Респонденттер аумақтық бөлімшелерге ұсыну қажет статистикалық нысандардың алынған тізбесіне сәйкес іріктемелі зерттеуге енгізу нәтижесін ведомствоның интернет-ресурсында "Респонденттің кабинеті" арқылы немесе орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшелерде дербес нақтылайды.
Ұсыну қажет статистикалық нысандардың тізбесі Заңның 19-бабына сәйкес бекітілетін статистикалық жұмыстар жоспары бойынша қалыптастырылады.
Респонденттерге "электрондық үкімет" мобильді қосымшасының көмегімен push-хабарламалар арқылы белгіленген кезеңділікпен статистикалық нысандарды ұсыну қажеттілігі туралы еске салу жіберіледі.
9. Ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізілетін респонденттер тобын ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі анықтайды.
10. Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша респонденттер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар ұсынған толтыру үшін қажетті статистикалық нысандардың тізбесін алады.
11. Респондент жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын оны ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін қайта ұсыну қажеттілігі туындаған кезде ведомствоның интернет-ресурсында "Респондент кабинетінде" өз бетінше өзгерістер енгізеді және есепті қайта тапсырады не аумақтық бөлімшелерге қағаз жеткізгіште ұсынады.
12. Мемлекеттік статистика органдарының лауазымды адамдары бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін жүгінген кезде респондент қосымша ақпаратты, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда, қаржылық немесе бухгалтерлік құжаттар түрінде ұсынады.
13. Егер заңды тұлғалардың филиалдарына, өкілдіктеріне және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне, статистикалық нысандарды тапсыру өкілеттіктері берілген жағдайда олар статистикалық нысандарды өзінің орналасқан жері бойынша тапсырады. Өкілеттіктері болмаған жағдайда заңды тұлғалар статистикалық нысандарды өздерінің филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері бөлінісінде олардың орналасқан жерін көрсете отырып ұсынады.
Статистикалық байқауды жүргізудің әдіснамасында статистикалық нысандарды тек заңды тұлғалар немесе тек филиалдар, өкілдіктер және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелердің ұсынуы көзделген жағдайда статистикалық нысандар мемлекеттік статистика органдарына мемлекеттік статистика органдарының статистикалық байқауды жүргізудің әдіснамасына сәйкес ұсынылады.
14. Бас компаниялары Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері статистикалық нысандарды мемлекеттік статистика органдарына филиалдардың, өкілдіктердің және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелердің орналасқан жері бойынша ұсынады.
15. Есепті кезеңде құрылымдық бөлімше немесе объект таратылған кезде оған қатысты барлық бастапқы статистикалық деректер статистикалық нысаннан алынбайды. Егер есепті кезеңде заңды тұлға қайта құрылған немесе құрылымы өзгерген жағдайда статистикалық нысандарда бастапқы статистикалық деректер заңды тұлғаның жаңа құрылымына сәйкес келтіріледі.
Заңды тұлға таратылғанға немесе банкрот деп жарияланғанға дейін, өз қызметінің соңғы есепті кезеңіне есеп беретін заңды тұлға жылдық кезеңділіктегі статистикалық нысандар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің тоқсандық кезеңділіктегі ведомстволық статистикалық байқаулар нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерді ұсынады.
Тоқсандық кезеңділіктегі ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қажет болған жағдайда тарату туралы бұйрық қабылданған кезеңге тарату балансын сұратады.
Жаңадан құрылған заңды тұлғалар бастапқы статистикалық деректерді тіркелген күннен бастап есепті кезеңнің соңына дейінгі кезеңге ұсынады.
Заңды тұлға қызметі болмаған жағдайда осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес хабарлама ұсынады.
16. Үй шаруашылықтары бастапқы статистикалық деректерді аумақтық бөлімшелердің интервьюерлеріне тапсырады.
17. Жеке және заңды тұлғалар және (немесе) олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері статистикалық нысандарды басшының (басшы болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның) және бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға және (немесе) анықтығына жауапты адамдардың қолын қойғызып тапсырады.
18. Респондент есепті кезең ішінде қызметі болмаған кезінде осы есепті кезең үшін Графикте көрсетілген статистикалық нысандарды ұсынудың ең ерте мерзімдерінің аяқталатын күнінен кешіктірмей тиісті мемлекеттік статистика органына тиісті статистикалық нысандардың орнына осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес Қызметінің болмағаны туралы хабарламаны қағаз жеткізгіште немесе ведомствоның интернет-ресурсындағы "Респонденттің кабинеті" арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, электрондық түрде ұсынады, бұл осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген статистикалық нысандар тізбесінде көрсетілген, оларға қатысты Қызметінің болмағаны туралы хабарлама қолданылмайтын статистикалық нысандарға қолданылмайды.
19. Қызметтің жоқтығы туралы хабарламада көрсетілген мерзім өткеннен кейін немесе қызметті мерзімінен бұрын қайта бастаған жағдайда респондент Графикке сәйкес жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын ұсынады.
Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың нысандары бойынша бұрын ұсынылған Қызметтің жоқтығы туралы хабарламаның күшін респондент ведомствоның интернет-ресурсындағы "Менің анықтамаларым" бөліміндегі "Респонденттің кабинеті" арқылы өз бетінше жояды.
20. Респондент салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініштің (бұдан әрі – өтініш) негізінде қызметін тоқтата тұрған жағдайда, жұмыс істеген есепті кезең үшін ұсынылатын жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын қоспағанда, қызметті қайта бастау мерзімі басталғанға дейін жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын ұсынбайды.
Респондент өтініште көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін қызметін қайта бастаған жағдайда, статистикалық нысандар респондент қызметін қайта бастаған сәттен бастап ұсынылатын болады.
21. Респондент статистикалық нысандарды ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін бұдан бұрын ұсынған жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары бойынша қателерін өзі анықтаған кезде, респондент бір жұмыс күні ішінде қателерді түзетеді және осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес аумақтық бөлімшелерге статистикалық нысанның түзетілген нұсқасын ұсынады.
22. Респонденттер бастапқы статистикалық деректерді Графикте көрсетілген мерзімдерде ұсынбаған, сондай-ақ олар анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынған кезде мемлекеттік статистика органдарының лауазымды адамдары Заңның 12-2-бабына сәйкес респонденттерге бармай мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
23. Респондент мемлекеттік статистика органдары анықтаған қателер бойынша түзетілген статистикалық нысанды Заңның 12-2-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдерде және осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес ұсынады.
24. Аумақтық бөлімшеге жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының түзетілген нұсқасын ұсынған жағдайда, респондент ведомствоның интернет-ресурсында "Респондент кабинеті" немесе ведомствоның интернет-ресурсы арқылы басып шығарылған статистикалық нысанның қағаз нұсқасын ұсынады. Статистикалық нысанның басып шығарылған қағаз нұсқасына өзгерістер енгізіледі және "түзетілгені дұрыс" деген сөздермен расталады, түзету күні көрсетіледі және орындаушы мен басшының (басшы болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның) және (немесе) бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға және анықтығына жауапты адамдардың қолы және мөр (бар болса) қойылады.
25. Респонденттер экономикалық қызмет түрлерін (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) өзгерту және (немесе) толықтыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айлық мерзімде немесе қызметкерлер саны өзгерген жағдайда бұл туралы мемлекеттік статистика органдарын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе "Респондент кабинеті" арқылы ведомствоның интернет-ресурсында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып хабардар етеді.
Аумақтық бөлімшелер түскен хабарламаларды қарайды және үш жұмыс күні ішінде экономикалық қызметтің негізгі, қосалқы түрлерінің, статистикалық тіркелімдердегі респонденттер бойынша қызметкерлер санының өзгеруі туралы шешім қабылдайды.
Хабарламаны қарау нәтижесі хабарламада көрсетілген электрондық мекенжайға (мекенжайларға) жіберіледі.
26. Статистикалық нысандарды тапсырудың соңғы күні ішінде бағдарламалық іркілістердің басталуы салдарынан ақпараттық жүйеде техникалық ақаулар және (немесе) табиғи және техногендік себептерге байланысты ақпараттық жүйенің жұмысында пайда болатын іркіліс туындаған кезде және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ресми растауымен (Анықталған техникалық ақаулар бойынша акт) оны жұмыс уақытының соңына дейін жою мүмкін болмаса, ведомствоның интернет-ресурсында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және мерзімін ауыстыру туралы хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) орналастырылады.
Респонденттер ведомствоның интернет-ресурсында орналастырылған респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және мерзімін ауыстыру туралы хабарламаның негізінде статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні ақпараттық жүйеде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбауына әкеп соққан техникалық ақаулардың туындағанын растау болған кезде статистикалық нысандарды техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күні осы Қағидалардың 5-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тәсілдердің бірімен ұсынуға міндетті.
27. Егер ұсынылатын бастапқы статистикалық деректерде мемлекеттік және (немесе) қызметтік құпияға, және (немесе) "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар таратылуы шектелген ақпаратқа жатқызылған мәліметтер болған жағдайда, ол деректер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес ұсынылады.
| Статистикалық байқаулар жүргізу кезінде бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
| ___________________________ мемлекеттік облыстың (қаланың, ауданның) статистика органы |
Қызметтің болмағаны туралы хабарлама
Жеке немесе заңды тұлғаның атауы________________, ЖСН1/БСН2 коды
____, ЭҚЖЖ___, (статистикалық нысан атауы) ___ (индексі ___, кезеңділігі ___)
(статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)
(статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)
(статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)
(статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)
(статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)
(статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)
(статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)
(статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________, кезеңділігі_________)
(статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________, кезеңділігі_________)
жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаудың
статистикалық нысаны бойынша _____ ай, тоқсан және (немесе) жыл ішінде
________________ жағдайға байланысты қызметтің болмағаны туралы хабарлайды.
Жоғарыда баяндалғанға сәйкес статистикалық нысандар ______________ облысының
(қаласының) мемлекеттік статистика органына __________ айынан/тоқсанынан
(қажеттісін сызу) бастап ұсынылатын болады.
Бас бухгалтер немесе оның міндетін атқарушы адам
____________________________________________________/_______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
___________________________________/________________/________________
нақты мекенжайы (респонденттің) телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы
(респонденттің)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
____________________________________________________/_______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
_____________________________________/______________________________
телефон нөмірі (респонденттің), электрондық пошта, мекенжайы (респонденттің)
Ескертпе:
1 ЖСН-мұнда және одан әрі жеке сәйкестендіру нөмірі;
2 БСН-мұнда және одан әрі бизнес сәйкестендіру нөмірі
| Статистикалық байқаулар жүргізу кезінде бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларына 2-қосымша |
Қызметтің болмағаны туралы хабарлама қолданылмайтын статистикалық нысандар тізбесі
1) "Еңбек жөніндегі есеп" (индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық және жылдық);
2) "Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны туралы есеп" (индексі 1-Т (еңбек жағдайлары), кезеңділігі жылдық);
3) "Шағын кәсіпорын қызметінің есебі" (индексі 2-МП, Кезеңділігі тоқсандық және жылдық);
4) "Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп" (индексі 1-ПФ, Кезеңділігі тоқсандық және жылдық);
5) "Еңбек қызметіне байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп" (индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық);
6) "Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп" (индексі 1-ғылым, кезеңділігі - жылдық);
7) "Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп" (индексі 3-ақпарат, кезеңділігі жылдық);
8) "Инновациялық қызмет туралы есеп" (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық);
9) "Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп" (индексі 1-СР, кезеңділігі жылына бір рет);
10) "Ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметі туралы" (индексі 1-СПК, кезеңділігі тоқсандық);
11) "Қорғалған топырақта ауыл шаруашылығы дақылдарының егінін жинау туралы" (индексі 1-жылыжай, кезеңділігі тоқсандық);
12) "Объектілерді пайдалануға беру туралы есеп" (индексі 2-КС, кезеңділігі айлық және жылдық);
13) "Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп" (индексі 1-ИС, кезеңділігі айлық және жылдық).
| Статистикалық байқаулар жүргізу кезінде бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
ЭҚЖЖ кодтарын және (немесе) жұмыскерлер санын өзгерту және (немесе) толықтыру туралы хабарлама
___________________________
облыс (қала, аудан)
мемлекетік статистика органы
Дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің атауы
________________________________________
ЖСН/БСН __________________________
ЭҚЖЖ ______________________________
КМЖ1 коды __________________________
мыналардың:
1) _____________________________________________________________
(экономикалық қызмет түрінің атауы көрсетіледі)
экономикалық қызметтің негізгі/қосалқы түрінің (керегінің астын сызу) өзгергені
(қосу/жою) туралы хабарлайды.
экономикалық қызметтің негізгі немесе қайталама түрінің кодын көрсетіңіз:
р/с№ | (ЭҚЖЖ2) | Өндірілген өнімнің, өткізілген тауарлардың және көрсетиілген қызметтердің көлемі, мың теңге | Процесс (√ белгісімен белгіленеді) | Өзгерістер уақытша /маусымдық сипатта (1 жылдан аз) |
ЭҚЖЖ негізгі коды | ||||
1 |
|
өзгерту |
иәжоқ
иәжоқ | |
ЭҚЖЖ қосалқы коды | ||||
1 |
|
өзгерту жою
өзгерту жою |
иә жоқ
иә жоқ | |
2 |
|
қосу жою
қосу жою |
иә жоқ
иә жоқ | |
3 |
|
қосу жою
қосу жою |
иә жоқ
иә жоқ | |
4n |
|
қосу жою
қосу жою |
иә жоқ
иә жоқ | |
Ескертпе:
1КМЖ коды ведомствоның интернет-ресурсында "Статистикалық жіктелімдер" бөлімінде орналастырылған Жұмыскерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ дара кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне сәйкес толтырылады;
2ЭҚЖЖ негізгі/қосалқы коды өзгергенде, жол міндетті түрде толтырылады.
2) жұмыскерлер саны3:
р/с № | Орташа жылдық тізімдік саны |
1 |
Филиалдарды есепке алмағанда орташа жылдық тізімдік саны |
2 | Нақты саны |
3 | Филиалдарды есепке алмағанда нақты саны |
Бас бухгалтер немесе оның міндетін атқарушы адам
____________________________________________________/_______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
__________________/_____________________/____________________________
нақты мекенжайы (респонденттің) телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы
(респонденттің)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________________/______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
______________________________________/______________________________
телефон нөмірі (респонденттің), электрондық пошта мекенжайы (респонденттің)
Күні _____________
Ескертпе:
3 Есепті кезеңдегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны әр айдың соңындағы
жұмыскерлердің орташа арифметикалық санына тең.
| Статистикалық байқаулар жүргізу кезінде бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларына 4-қосымша |
Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және ауыстыру туралы хабарлама
Құрметті респонденттер!
_______________ статистикалық нысандары бойынша есептілікті тапсыру мерзімі
20 ____ жылдың ___ __________ дейін ұзартылды.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!
