"Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 419 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 желтоқсанда № 37553 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18944 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
Н. Сауранбаев

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2025 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 419 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылы 26 маусымдағы
№ 436 бұйрығымен
бекітілген

Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әректтерін және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 88-4-бабының 4-1) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бақылауды жүзеге асыру бойынша әзірленді және көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Ахуалдық орталық – нақты уақыт режимінде автомобиль көлігіндегі көліктік бақылау бекеттеріне мониторингілеуді және бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімі;

      2) интеллектуалды бақылау аспабы – автомобиль көлігі саласында әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу фактісі мен уақытын, көлік құралының типін, мемлекеттік тіркеу белгісін тіркейтін стационарлық немесе мобильдік бейнебақылау аспаптарын қамтитын интеллектуалды көлік жүйесінің құрауышы;

      3) портативті алып жүретін бейнетіркегіш (бұдан әрі – бейнежетон) – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Көліктік бақылау инспекциясы (бұдан әрі – Инспекция) қызметкерлерінің аудиобейнежазбаны жүзеге асыруға арналған техникалық құрылғы.

2-тарау. Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану тәртібі

      3. Инспекция қызметкерлерінің бейнежетонды тағып жүруі көліктік бақылау бекеттерінде, тауарларды жеткізу орындарында кезекшілікке түскен сәттен бастап және аяқталғанға дейін, жолаушылар поездарын тексеру, кемелерді (шағын көлемді кемелерді) тексеру, сондай-ақ теміржол, автомобиль және су көлігі саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер өткізген сәттен бастап және олар аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.

      4. Бейнежетонды қабылдау кезінде Инспекция қызметкері белгіленген күн мен уақыттың дәлдігіне, сондай-ақ қызмет атқару үшін аккумулятор батареясы зарядының жеткілікті деңгейіне көз жеткізеді.

      Кезекшілікті, жолаушылар поездарын тексеруді, кемелерді (шағын көлемді кемелерді) тексеруді, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және темір жол, автомобиль және су көлігі саласындағы жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру кезеңінде нақты белгіленген күні мен уақыты бар алынған бейнежетонды пайдаланады.

      Бейнежазбада белгіленген күні мен уақыты дәл болмаған кезде аудио және бейнежазба жасауға жол берілмейді.

      Бейнежетонның күні мен уақытының дұрыстығын бақылауды, кезекшіліктегі Инспекция қызметкері жүзеге асырады.

      Инспекцияның көліктегі бақылау бөлімінің басшысы (бұдан әрі – бөлім басшысы) Инспекция қызметкеріне беру алдында бейнежетонда дұрыс күн мен уақытты белгілеуді қамтамасыз етеді.

      5. Инспекция қызметкерімен жазба құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде дәлелді сапалы деректерді жинақтауды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі және көліктік бақылау бекеттерінде, тауарларды жеткізу орындарында кезекшілікке түскен, жолаушылар поезын тексеру, кемені (шағын көлемді кемені) тексеру, сондай-ақ автомобиль, теміржол және су көлігі саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер басталған сәттен бастап енгізіледі және олар аяқталғаннан кейін өшіріледі.

      6. Бейнежетон Инспекция қызметкерінің іс-қимылына кедергі келтірмей, кеуде тұсына иық буынына жақын бекітіледі, сондай-ақ Инспекция қызметкерінің кеудесінде "Назар аударыңыз! Аудио және бейнежазба жүргізілуде" деген жазу көрсетіледі.

      7. Аудио және бейнежазбаны жүргізу процесінде Инспекция қызметкерінің де, құқық бұзушының да барлық іс-қимылдарына, сондай-ақ Инспекция қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде бөгде адамдардың кедергі келтіруіне тиісті жазба жүргізіледі.

      8. Бейнежетонның ақаулығына байланысты аудио және бейнежазбаны жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, инспекция қызметкері бұл туралы Ахуалдық орталықтың кезекшісіне дереу хабарлайды және бейнежетондардың ақаулығы жойылғанға немесе аккумулятор батареяларының қуаты қайта толыққанға дейін аудио-бейнежазбаның басқа да техникалық құралдарын пайдаланады.

      Ауысым соңында басқа техникалық құралдармен түсірілген бейнежазбалар есепке алу және сақтау үшін бөлім басшысына беріледі.

      9. Бейнежетондардың жарамды күйде сақталуын және ұсталуын бақылауды жүзеге асыру кезінде Инспекция қызметкерлері қамтамасыз етеді.

      Аккумулятор батареясының қуатын толтыруды Инспекция қызметкерлері көліктік бақылау бекеттерінде, тауарларды жеткізу орындарында кезекшілік басталар алдында және соңында, жолаушылар поезында, кемені (шағын көлемді кемелерді) тексеру жүргізілгенге дейін, сондай-ақ теміржол, автомобиль және су көлігі саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер өткізу кезінде тоқ қуатына 1 сағаттан кем емес қойылады, қажет болған жағдайда оларға демалу және тамақ ішу үшін бөлінген уақытта қойылады.

      Бөлім басшысы бейнежетондардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      10. Кезекшілік ауысымы кезінде бейнежетондарды қабылдау-тапсыру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру журналына жазу арқылы жүзеге асырылады.

      Көліктік бақылау бекетінде пайдаланылатын бейнежетондарды қабылдау-тапсыру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6472 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес КББ жабдығы мен мүлігін қабылдау-тапсыру актісіне мәліметтерді енгізе отырып жүзеге асырылады.

      11. Аудио-бейнежазбаны жүргізуге арналған бейнежетонды және басқа да техникалық құралдарды есепке алу оған берілген түгендеу нөміріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Бейне жетонның және аудио-бейнежазбаны жүргізуге арналған басқа да техникалық құралдардың сақталуы инспекция басшысы қамтамасыз етеді.

      12. Аудио-бейнежазбаны жүргізуге арналған бейнежетондар мен басқа да техникалық құралдарды қолдана отырып жүргізілген аудио және бейнежазбалардың деректерін есепке алу және сақтау үшін қабылдауды және түсіруді қамтамасыз ету инспекция басшысының бұйрығымен бөлім басшысына (оның жоқ болу кезіне – оны алмастыратын адамға), сондай-ақ инспекция басшысының орынбасарына (ол болған кезде, оның жоқ болу кезіне – оны алмастыратын адамға).

      Аудио және бейнежазбаны жүргізуге арналған бейнежетондар мен басқа да техникалық құралдардан аудио және бейнежазба деректерін қабылдау және түсіру бөлім басшысына бекітілген сақтау үшін қажетті жады бар дербес компьютерде электрондық папкаларда хронологиялық тәртіппен жүзеге асырылады.

      Сақтау үшін бейне деректерді беру кезінде тіркеуді жүзеге асыратын лауазымды адам деректердің дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз етеді.

      Жазбаларды мұрағаттық сақтау есепке алынған күннен бастап 1 жыл ішінде жүргізіледі.

      Жазбалардың мұрағаттық сақталуын бақылауды Инспекция басшысы мен басшының орынбасары жүзеге асырады.

      13. Бөлім басшысы ауысым алдында нұсқама жүргізу кезінде көліктік бақылау бекетіне және тауарды жеткізу орындарына кезекшілікке түсетін, жолаушылар пойыздарын, кемені (шағын көлемді кемені) тексеру, автомобиль, теміржол және су көлігі саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау немесе жоспардан тыс тексеру алдында Инспекцияның әрбір қызметкеріне қол қойғызып, түгендеу нөмірлері бар бейнежетон, электронды жеткізгіш береді (бұдан әрі – USB флеш-жинағы) және аудио-бейнежазбаны жүргізуге арналған бейнежетондар мен басқа да техникалық құралдарын береді.

      14. Бейнежетоннан алынған аудио және бейне жазбалар Комитеттің сұрау салуы бойынша ұсынылады.

      15. Бөлім басшысы аудио және бейнежазбаны түсіруді жүзеге асырады және Инспекция және (немесе) Комитет басшылығының жазбаша нұсқауы болған кезде жұмыс үшін Инспекция қызметкеріне ұсынады.

      Аудио және бейне деректерге қол жеткізуді бақылауды бөлім басшысы жүзеге асырады.

      16. Аудио және бейне жазбаларға рұқсат тек бөлім басшысына ғана беріледі.

      17. Инспекция қызметкері:

      1) кезекшілік аяқталғанға дейін 30 минут бұрын бейнежетондағы жазбаларды ноутбук немесе көліктік бақылау бекетінің компьютері арқылы USB флеш-жинағына көшіруді қамтамасыз етеді.

      Бейнежетон жадысында бос орын жеткіліксіз болған кезде Инспекция қызметкерлері бұл туралы Ахуалдық орталығының кезекшісіне хабарлайды.

      2) кезекшілік аяқталғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей сақталған жазбаларымен бірге USB флеш-жинағын бөлім басшысына тапсыруды қамтамасыз етеді.

      18. Бөлім басшысы USB флеш-жинағының тапсырылғаны және USB флеш-жинағында сақталған аудио және бейне жазбалардың қабылданғаны және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша USB флеш-жинағында сақталған жазбалардың қабылданғаны туралы жазбаны USB флеш-жинағын тапсырудың тиісті журналына енгізеді.

      19. Инспекция қызметкері қызметтік іс-әрекеттерді орындау кезінде бейнежетонды өшіруге, аудио-бейнежазба жүргізуге кедергі келтіруге, сондай-ақ бейнежетоннан, USB флеш-жинағыштан бар жазбаны өз бетінше жоюға жол бермейді.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiлерi мен көлiктiк бақылау органдарының лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiнiң аудио және бейнежазбасы болмаған жағдайда, бөлiм басшысы инспекция басшылығының атына қызметтiк жазба енгiзедi, сондай-ақ материалдарды қызметкердiң тәртiптiк жауапкершiлiгiн қарау үшiн кадр қызметiне жiбередi.

      20. Бейнежетонды және ақпараттарды пайдакүнемдік немесе қызметтік жұмыспен байланысты емес өзге де мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

      21. Инспекция қызметкері бейнежетонға ұқыптап қарауға, оның жоғалуына, бүлінуіне жол бермеуге, бөгде адамдарға бермеуге міндетті, көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда лауазымды тұлға (қызметкер) келтірілген залалды толық көлемде өтейді.

      22. Бейне жетонды техникалық пайдалану дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Интеллектуалды бақылау аспабын пайдалану тәртібі

      23. Интеллектуалды бақылау аспабы автомобиль көлігі саласындағы әкімшілік құқық ықтимал құқық бұзушыларды анықтау және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде дәлелдемелер базасын жинауға және нақты уақыт режимінде Ахуалдық орталық пен көліктік бақылау бекеттеріне қалыпқа түсірілген ақпаратты беруге арналған.

      Интеллектуалды бақылау аспабы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының талаптарын сақтаған кезде көліктік деректер базасының ақпараттық-талдау жүйесімен интеграцияланды.

      24. Техникалық ақау (оның ішінде деректерді онлайн беру үшін байланыс арналарының сигналдарын жоғалту) жағдайында интеллектуалды бақылау аспабы деректерді автоматты режимде локальды жадта сақтайды, деректерді беру каналы ретке келтірілгеннен кейін – нақты уақыт режимін көрсете отырып, ақпаратты береді.

      Деректерді беру көліктік бақылау бекетінің ақпараттық жүйесін көліктік бақылау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

      25. Мобильді интеллектуалды бақылау аспабын автокөлік құралына, стационарлық интеллектуалды бақылау аспабы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына орнатылады.

      26. Әрбір интеллектуалды бақылау аспабын беру, қабылдау және ақпараттық деректерді түсіру кезінде жұмыста есепке алу үшін түгендеу нөмірі беріледі.

      27. Ұтқыр интеллектуалды бақылау аспаптарын беру және тапсыру есебі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркеледі, ол Инспекциялардың кеңсесінде сақталады. Журналдың парақтары нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі.

      28. Интеллектуалды бақылау аспаптарын техникалық пайдалану дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

      29. Интеллектуалды бақылау аспабының істен шығуы орын алған жағдайда, Инспекция қызметкері бұл туралы тез арада бөлім басшысын және Ахуалдық орталықтың кезекшісіне хабардар етеді.

      30. Интелектуалды бақылау аспабының сақталуын және жұмысқа қабілеттілігін бақылауды бөлім басшысы жүзеге асырады.

  Көліктік бақылау органдары
лауазымды адамдарының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
және әрекеттер жасау фактілерін
тіркеу үшін техникалық
құралдарды пайдалану
қағидаларына 1-қосымша
  нысан

Бейнежетонды қабылдау-тапсыру журналы

_______________________________________________________________
(Инспекцияның атауы)

20 __ жылғы "___" _______ басталды 20 __ жылғы "___" _______ аяқталды

      Журналдың ішкі беті

Бейнежетонның атауы мен түгендеу нөмірі

Бейнежетонды тапсырған Инспекция қызметкерінің А.Т.Ж. (бар болған жағдайда) Тапсырғаны туралы қолы, күні мен уақыты

Бейнежетонды қабылдаған Инспекция қызметкерінің А.Т.Ж. (бар болған жағдайда) қабылдағаны туралы қолы, күні мен уақыты

Ақпараттарды көшіру күні мен уақыты

Ескерту

1

2

3

4

5

6







  Көліктік бақылау органдары
лауазымды адамдарының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
және әрекеттер жасау фактілерін
тіркеу үшін техникалық
құралдарды пайдалану
қағидаларына 2-қосымша
  нысан

USB флеш-жинағын беру және USB флеш-жинағында сақталған жазбаларды қабылдау журналы

_______________________________________________________________
(Инспекцияның атауы)

20 __ жылғы "___" _______ басталды 20 __ жылғы "___" _______ аяқталды

      Журналдың ішкі беті

USB флеш-жинағының түгендеу нөмірі

USB флеш-жинағын беру күні мен уақыты

USB флеш-жинағын қабылдаған Инспекция қызметкерлерінің А.Т.Ж. (бар болған жағдайда) Қабылдағандығы туралы қолы, күні мен уақыты

Бөлім басшысының қолы

USB флеш-жинағын тапсыру күні мен уақыты

USB флеш-жинағын қабылдаған Инспекция қызметкерлерінің А.Т.Ж. (бар болған жағдайда) Тапсырғандығы туралы қолы, күні мен уақыты

Бөлім басшысының қолы

Ақпаратты түсіру күні мен уақыты және бейнежазбаның ұзақтығы(сағат.минут.секунд)

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Ескертпе:

      1, 2, 3, 4 және 5-бағандар USB флеш-жинағын беру кезінде толтырылады; 6, 7, 8, 9-бағандар USB флеш-жинағын бөлім басшысына ақпараттарды көшіріп алу үшін тапсыру кезінде толтырылады.

  Көліктік бақылау органдары
лауазымды адамдарының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
және әрекеттер жасау фактілерін
тіркеу үшін техникалық
құралдарды пайдалану
қағидаларына 3-қосымша
  нысан

Мобильді интеллектуалды бақылау аспабын беру мен тапсыруды есепке алу журналы

_______________________________________________________________
(Инспекцияның атауы)

20 __ жылғы "___" _______ басталды 20 __ жылғы "___" _______ аяқталды

      Журналдың ішкі беті

Аспаптың түгендеу нөмірі

Аспапты қабылдаған қызметкердің А.Т.Ж. (бар болған жағдайда).

Қызметкеррдің аспапты қабылдау туралы қолы, күні және уақыты.

Қызметкердің аспапты тапсыру туралы қолы, күні және уақыты.

Ақпараттарды көшіру күні мен уақыты және бейнежазбалардың ұзақтығы (сағат.минут) (нақты уақыт режимінде деректерді беру мүмкіндігі болмаған жағдайда)

1

2

3

4

5

6







      Ескертпе: Аспапты қабылдап алған қызметкер аспапты тапсыруды жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады