"Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 3 маусымдағы № 104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 желтоқсанда № 37529 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 3 маусымдағы № 104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13869 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесінде:

      4-тармақта:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Әдістемеде "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы", "Теміржол көлiгі туралы", "Автомобиль көлiгі туралы", "Ішкі су көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған, жекелеген ұғымдар мен мынадай анықтамалар қолданылады:";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) өкіл-қызмет - тиісті көлік түрімен белгілі бір қатынаста (бағытта) белгілі бір (тіркелген) қашықтыққа жүк түрлерін тасымалдау;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) салмақтау сызбасы – стандартты жіктелімге сәйкес агрегаттаудың барлық сатылары бойынша анықталған қатынастардың (бағыттарының) нақты түрлері салмағының жиынтығы;";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көліктің теміржол, құбыр, ішкі су, теңіз және әуе көліктері түрлерін олардың мөлшеріне қарамастан, барлық бірліктерді жаппай байқау қолданылады.

      7. Көліктің автомобиль түрінде базалық объектілердің тізімін құру үшін ақпараттық негіз ретінде статистикалық бизнес-тіркелім және көліктің қатынас түрлері бойынша жұмысы туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері қолданылады.

      Іріктемелі жиынтыққа барлық меншік және мөлшерлілік нысанындағы, өзінің қызметін тұрақты негізде жүзеге асыратын және нақты өңір үшін едәуір қызмет көлемін көрсететін көлік кәсіпорындары енгізіледі. Айтарлықтай машина паркі бар және уақыт бойы салыстырылатын бағалық ақпаратты үнемі алуды қамтамасыз ететін жүк тасымалдары бойынша қызметтің негізгі тапсырыс берушілерімен тұрақты байланысы бар көлік кәсіпорындары енгізіледі.

      Базалық кәсіпорындардың тізбесін қалыптастыру үшін жұмыс істеп тұрған автокөлік кәсіпорындарының жалпы тізімінен алдымен жалпы топтары бойынша ірі және орта кәсіпорындар іріктеледі.

      Шағын автокөлік кәсіпорындары жүктерді тасымалдаудан ең көп табысы бар бірліктердің бас жиынтығынан іріктеуді көздейтін негізгі массив әдісін пайдалана отырып іріктеледі.

      Айтарлықтай көлемдегі жүк тасымалын жүргізетін көлік кәсіпорындары іріктеледі. Сондай-ақ іріктеме желісіне қызмет көрсету көлемі салыстырмалы түрде біршама көп, бірақ жүктердің белгілі түрлерін тасымалдауға мамандандырылған көлік кәсіпорындары қосылады.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Базалық объектілердің іріктеме желісі жыл сайын ротацияланады. Жыл соңында көліктің қатынас түрлері бойынша жұмысы туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың жүктерді тасымалдаудан түсетін кірістер туралы деректерінің негізінде базалық объектілердің тізбесіне жандандыру жүргізіледі. Іріктемеге жыл ішінде өңірге 70 пайыздан кем емес қызмет көлемін көрсететін көлік кәсіпорындары қосылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жүктерді тасымалдау тарифтерін тіркеу үшін өкіл-қызметтерді іріктеу екі деңгейде жүргізіледі.

      Бірінші кезеңде жүк көлігі қызметтері тарифтерінің индексін қалыптастыруға арналған бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін көліктің қатынас түрлері бойынша жұмысы туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері негізінде әртүрлі жүк көлігінің түрлері қызметтерінің тізбесі құрылады.

      Тізбеге жүк ағынының: халықаралық, республика ішінде, қалалық және қала маңындағы қатынастары (бағыттары) қосылады. Іріктеудің негізгі критерийлері мыналар:

      1) жүк тасымалы бағытының, көліктің сол немесе өзге де түрлері үшін жүк типінің әлеуметтік, экономикалық және стратегиялық маңыздылығы;

      2) қызметтердің жалпы жиынтығындағы таңдап алынған қатынастағы (бағыттағы) (іріктелген жүк түрі бойынша) тасымал бойынша қызмет көрсетудің көлемі, жаппай болуы және жүйелілігі болып табылады.

      Көліктің қатынас түрлері бойынша жұмысы туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері негізінде жүк тасымалы қатынастарының (бағыттарының) және тасымалданатын жүк түрлерінің көлемі мен маңыздылығын анықтау үшін әрбір көлік түрінің қатынас түрлері бойынша тасымалдаудан түскен табыстардың құрылымы анықталады. Тарифтерді байқауға қосу үшін көліктің нақты түрі бойынша жүк тасымалында едәуір көлемді алатын қатынас түрлері іріктеледі.";

      10, 11 және 12-тармақтар алып тасталсын;

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Тариф айдың 15-і күніндегі жағдай бойынша қосылған құн салығынсыз теңгемен көрсетіледі. Тарифтерді шетел валютасында белгілеу кезінде оларды айдың 15-күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің деректері бойынша ресми (нарықтық) валюта бағамына сәйкес ұлттық валютаға қайта есептеу жүзеге асырылады.

      17. Тарифтер қызметті есепті кезең ішінде олардың салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алдын ала белгіленген ерекшеліктері бар нақты өкіл-қызметтерге тіркеледі.

      Теміржол жүк тарифтерінің мөлшері тасымал арақашықтығына, жылжымалы құрамының түріне, жөнелтілетін жүктің мөлшеріне және түріне, әуе көлігі тарифтері – тасымал арақашықтығы мен тарифтік класына, автомобиль тарифтері – жүктің класына, машинаның жүк көтергіштігіне, тасымалдың алыстығы немесе ұзақтығына, ішкі су көлігімен тасымалдау тарифтері табиғи-климаттық факторларға және жүзу мерзімдеріне байланысты.

      Тіркелген тарифтердің салыстырмалылығының негізгі қағидаты – бұл тарифтің шамасы (тасу төлемі немесе тасымал құны) мен олардың құрамын анықтайтын ерекшеліктерінің арасындағы елеулі айырмашылықтардың болмауы. Салыстырмалылық бір бағытта және тасымалдаудың бірдей шарттарында тасымалданатын жүктердің тарифтерін тіркеу арқылы қамтамасыз етіледі.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жүк көлігі қызметтерінің тарифтері индекстерін құру кезеңдерінің бірі қолданыстағы жіктеуішке сәйкес оларды төменгі деңгейден жоғары деңгейге агрегаттау жүзеге асырылатын салмақтау сызбасын қалыптастыру болып табылады.

      Салмақтау сызбасы тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша және әр бір өңір бойынша қалыптастырылады. Көліктің қатынас түрлері бойынша жұмысы туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша база ретінде қабылданған белгілі бір жылдағы қолданыстағы бағалармен (тарифтермен) жүк тасымалы бойынша көлік кәсіпорындарының көрсеткен қызметтері үшін олардың алған табыстары туралы деректер көліктің әртүрлі түрлерімен жүктер тасымалдауға арналған тарифтер индекстерін есептеуге пайдаланылатын салмақтау сызбасын қалыптастыру үшін ақпараттық негіз болып табылады.

      20. Әрбір өңір бойынша көлік қызметінің түрлері бойынша бөлінген құндық деректер бар. Олар жүк тасымалдаудың бағыты мен түрінің үлес салмағына байланысты қатынас түрлері бойынша бөлінеді. Қатынас түрлері бойынша алынған құндық деректер Қазақстан Республикасы бойынша көлік түрлері бойынша жинақталады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жеке баға индекстерді есептеу жалпымемлекеттік статистикалық байқау нысандарында тіркелген шамалардың негізінде жүзеге асырылады және мынадай формула бойынша жүргізіледі:

     


      мұндағы:

      Inj – тарифтердің жеке баға индексі;

      Pnj – n есепті кезеңдегі j өкіл-қызмет тарифі;

      P(n-1)j – n алдыңғы кезеңдегі j өкіл-қызмет тарифі.

      Жүк тасымалдау тарифтерінің агрегатталған индекстері агрегацияның әртүрлі дәрежелерінің топтары бойынша есептеледі: жүк тасымалының қатынастары (бағыттары) бойынша; жүк көлігінің түрлері бойынша; тұтастай жүк көлігі бойынша.

      Облыс бойынша қатынастар (бағыттар) түрлері бойынша тарифтердің индекстерін есептеу өкіл-тауарлардың индекс кірісін пайдалану арқылы орташа геометриялық формула (Джевонс индексі) бойынша жүзеге асырылады:

     


      мұндағы:

      I – облыс бойынша жүк қатынастары (бағыттары) бойынша тарифтердің индексі;

      I1, I2...Ik – өкіл қызметтер бойынша тарифтердің жеке индексі;

      k – өкіл-қызмет саны.".

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы басшының м.а.
Ә. Шауенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады