Мемлекеттік кірістер органының салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдау қағидалары мен негіздерін, сондай-ақ Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша хронометраждық зерттеп-қарау жүргізу туралы мемлекеттік кірістер органының шешім шығару қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 659 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37316 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 153-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 158-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органының салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдау қағидалары мен негіздері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша хронометраждық зерттеп-қарау жүргізу туралы мемлекеттік кірістер органының шешім шығару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Д. Темирбеков

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 31 қазандағы № 659
бұйрыққа
1 қосымша

Мемлекеттік кірістер органының салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдау қағидалары мен негіздері

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар және Мемлекеттік кіріс органының салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдау негізі (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық Кодексі) 153-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органының салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдау тәртібі мен негізін айқындайды.

      2. Мемлекеттік кірістер органының салықтық тексеру жүргізу туралы шешімін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде мына мемлекеттік кірістер органдары шығарады:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет);

      Комитеттің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері (бұдан әрі – Департамент); Департаменттің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары (бұдан әрі – Басқарма).

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелер, сондай-ақ ауданаралық аумақтық бөлімшелер – мемлекеттік уәкілетті органдардың аудандық және қалалық деңгейлері;

      2) ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

      3) мемлекеттік кірістер органдары - Комитет, Департамент, Басқарма;

      4) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшелер – мемлекеттік уәкілетті органдардың облыстық деңгейлері.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдау негізі

      4. Комитет салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдауды мынадай негіздер мен мәселелер:

      1) салық төлеушілердін өтініштері және Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының ақпараттары;

      2) салық төлеушінің (салық агентінің) келіп түскен өтініштерін, талаптарын, шағымдарын және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген қаулыларды қоспағанда, бұдан бұрын тексерілген кезең үшін;

      3) ірі салық төлеушілерді мониторингтеу бойынша уәжді шешімнің орындалмауы;

      4) салықтық міндеттемелерді орындау және (немесе) мұндай шешімді орындамау мәселелері жөнінде көлденең мониторинг бойынша уәжді шешіммен келіспеу;

      5) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отын, биоотын, мазут айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау;

      6) "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген трансферттік баға белгілеу бойынша;

      7) Салық кодексінің 93-бабының 2-тармағына сәйкес салықтық тәуекелдерді барынша азайту бойынша;

      8) халықаралық шарттардың ережелерін қолдану заңдылығы бойынша Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталған (белгілі болған) кезде жүзеге асырады.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік кірістер департаменттерінің салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдауының негізі

      5. Департамент салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдауды мынадай негіздер мен мәселелер:

      1) салық төлеушілердін өтініштері, Қазақстан Республикасының облыстық және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік органдарының ақпараттары;

      2) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактура жазып беру бойынша іс-қимылдар жасау фактісі бойынша оған (оларға) қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілетін салық төлеушімен (салық төлеушілермен) өзара есеп айырысу бойынша салықтық міндеттемені айқындау;

      3) мемлекеттік кірістер органы оған (оларға) қатысты Салық кодексінің 88-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес электрондық шот-фактуралар жазып беруді тоқтата тұруды қолданған салық төлеушімен (салық төлеушілермен) өзара есеп айырысу бойынша салықтық міндеттемені айқындау;

      4) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау;

      5) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтардың болуын растау;

      6) жекелеген жағдайларда шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау жөніндегі мәліметтерді алу бойынша Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталған (белгілі болған) кезде жүзеге асырады.

4-тарау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік кірістер департаменттерінің мемлекеттік кірістер басқармаларының салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдауының негізі

      6. Басқарма салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдауды мынадай негіздер мен мәселелер:

      1) салық төлеушілердін өтініштері және Қазақстан Республикасының аудандық (қалалық) мемлекеттік органдарының ақпараттары;

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттер арасында импортталатын және өткізілетін тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі;

      3) тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болуы және тауарлар атауының, санының (көлемінің) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі:

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің арасында халықаралық автомобиль тасымалдарымен жүзеге асырылатын тауарларды өткізу, сату және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;

      тауарларды ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;

      тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;

      4) Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлері қолданылатын тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарлар қалдықтарының болуын растау;

      5) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі;

      6) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті таңбалауға жататын тауарлар бойынша сәйкестендіру құралдарының тауарда болуы және олардың түпнұсқалығы;

      7) сәйкестендіру құралдарының және есепке алу-бақылау таңбаларының болуы және түпнұсқалығы;

      8) лицензияның болуы;

      9) мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне қою;

      10) электрондық шот-фактураларды жазып беру тәртібін сақтау;

      11) салықтық тіркеу талаптарын сақтау;

      12) бақылау-касса машиналарын және (немесе) үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану тәртібін сақтау;

      13) бақылау-касса машиналарының және (немесе) үш компонентті интеграцияланған жүйенің болуы;

      14) төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;

      15) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталған (белгілі болған) кезде жүзеге асырады.

5-тарау. Мемлекеттік кірістер органының салықтық тексеру жүргізу туралы шешімді қабылдау тәртібі

      7. Мемлекеттік кірістер органының салықтық тексеру жүргізу туралы шешімін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдары шығарады.

      8. Салықтық тексеру жүргізу туралы шешім шығарылғанға дейін:

      1) мемлекеттік кірістер органдары осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында, 5-тармағының 1) тармақшасында, 6-тармағының 1) тармақшасында айқындалған салық төлеушілерден және мемлекеттік органдардан түскен өтініштер мен ақпараттар бойынша:

      салық төлеушілер ұсынған салық есептілігінің деректерін, орталық уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарынан, ұйымдардан, уәкілетті тұлғалардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ салық заңнамасын бұзушылықтарды растау тұрғысынан тексеру бастамашысының талабы мен сұрау салуында көрсетілген мәліметтерді талдауды (салыстырып тексеруді);

      бұзушылықтар расталмаған жағдайларда – тексеру бастамашысының атына негізделген жауапты жіберуді жүзеге асырады;

      салық заңнамасын бұзушылықтар расталған жағдайларда мемлекеттік кірістер органының шешімді шығаруы мынадай жолдарымен жүзеге асырылады:

      Комитет ӘРПК-нің 73-бабында көзделген тыңдау рәсімін жүргізуді ескере отырып, оны орындау үшін салықтық тексеру жүргізу туралы шешімді Департаменттерге жібереді;

      Департаменттер мен Басқармалар ӘРПК-нің 73-бабында көзделген тыңдау рәсімін жүргізуді ескере отырып, белгіленген өкілеттіктер шегінде және тексеру бастамашысының аумақтылығы бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.

      Салықтық тексерудің бастамашысы оны жүргізу үшін үш күннен кем мерзімді белгілеген кезде мемлекеттік кірістер органдары салықтық тексеруді жүргізу туралы шешімді осы тармақшада көзделген іс-шараларсыз шығарады;

      2) Комитет оларды Департаменттерге жібере отырып, мынадай:

      бұдан бұрын тексерілген кезең үшін қосымша декларациялар тапсырған;

      іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактура жазып беру бойынша іс-қимылдар жасау фактісі бойынша оған (оларға) қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілетін салық төлеушімен (салық төлеушілермен) өзара есеп айырысуы болған;

      мемлекеттік кірістер органы оған (оларға) қатысты Салық кодексінің 88-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес электрондық шот-фактуралар жазып беруді тоқтата тұруды қолданған салық төлеушімен (салық төлеушілермен) өзара есеп айырысуы болған;

      олар бойынша тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау талап етілетін;

      камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтардың болуын растау талап етілетін салық төлеушілерге қатысты;

      камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарламада (бұдан әрі – хабарлама) көрсетілген бұзушылықтардың болуын растау талап етілетін салық төлеушілерге қатысты, бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша және бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымнан қосымша құн салығы бойынша салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша хабарламаларды қоспағанда;

      жекелеген жағдайларда шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау жөніндегі мәліметтерді алған тізімдерді қалыптастырады.

      Алынған салық төлеушілердің тізімдері бойынша және бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын табыс салығы және бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымнан қосымша құн салығы бойынша салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша хабарламаларда көрсетілген бұзушылықтардың болуын растау талап етілетін салық төлеушілерге қатысты Департаменттер ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тыңдау рәсімін жүргізеді немесе оның жүргізілуін Басқармаларға тапсырады. Бұл ретте анықталған ауытқуларды жоймаған салық төлеушілерге қатысты Департаменттер салықтық тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.

      9. Комитет олар бойынша салықтық тәуекелді барынша азайту шаралары ретінде Салық кодексінің 93-бабы 2-тармағына сәйкес салықтық бақылау жүргізу көзделген салық төлеушіге қатысты:

      тізімдерді, оның ішінде, салықтық тексеру жүргізу туралы шешім шығара отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес салықтық тексеру жүргізу туралы шешім шығару кезінде мемлекеттік кірістер органдары ескеретін мәліметтерді ескере отырып, қалыптастырады;

      оларды екі күндік мерзімде орындау үшін Департаменттерге жібереді.

      Департаменттер ӘРПК-нің 73-бабында көзделген тыңдау рәсімін жүргізбестен салықтық тексеру жүргізу үшін нұсқама шығарады.

      10. Комитет мынадай:

      мәміле бағасының нарықтық бағадан және (немесе) мәміле шарттарының нарықтық шарттардан ауытқуы, сондай-ақ мемлекеттік органдардан алынған трансферттік бағаларды қолдану фактілері және нарықтық бағалар бойынша ақпарат көздерінің болмауы туралы ақпарат негізінде;

      акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отын, биоотын, мазут айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау;

      ірі салық төлеушілерді мониторингтеу бойынша уәжді шешімді орындамау;

      салықтық міндеттемелерді орындау және (немесе) мұндай шешімді орындамау мәселелері жөнінде көлденең мониторинг бойынша уәжді шешіммен келіспеу жағдайларында;

      халықаралық шарттардың ережелерін қолдану заңдылығы бойынша ӘРПК-нің 73-бабында көзделген тыңдау рәсімін жүргізу талаптарын ескере отырып, оны орындау үшін Департаментке жібере отырып, салықтық тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.

      11. Мемлекеттік кірістер органымен өткізу туралы шешім қабылдаған кезде:

      кешенді салықтық тексеру – салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемесін орындау мәселесі бойынша тексеру жүзеге асырылады;

      тақырыптық салықтық тексеру – салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалуы мәселесі бойынша тексеру жүзеге асырылады.

      12. Басқарма осы Қағидалардың 6-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы шешімді осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген салықтық тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдауы кезінде мемлекеттік кірістер органдары ескеретін мәліметтерді ескере отырып, салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша шығарады.

  Мемлекеттік кірістер органының
салықтық тексеру жүргізу
туралы шешім қабылдау
қағидалары мен негізіне
1-қосымша

Мемлекеттік кірістер органының салықтық тексеру жүргізу туралы шешімі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 153-бабы 1-тармағының

      3) тармақшасына сәйкес

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы, салық органының коды, мекенжайы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, тексерілетін субъект басшысының

      мекенжайы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілсе)

САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі _____________

      __________________________________________________________________

                  (тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінің мекенжайы)

      Тексеру нысаны ______________________________________________

                        (кешенді, тақырыптық)

      Тағайындалған тексерудің негізі / мәселесі ________________________

      __________________________________________________________________

      Тексерілетін кезең: 20__ жылғы "__" _____ бастап 20__ жылғы

      "__"______қоса алғанда.

____________________

____________

_____________________________

(мемлекеттік кірістер
органының басшысы)

(қолы, мөрі)

(тегі, аты және әкесінің аты (егер
ол жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе)

  Мемлекеттік кірістер органының
салықтық тексеру жүргізу
туралы шешім қабылдау
қағидалары мен негізіне
2-қосымша

Салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ескеретін мәліметтер

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен осы Қағидалардың 4-тармағының 7) тармақшасында көзделген сұрағы бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы шешімді қабылдау кезінде, оның ішінде мынадай:

      1) талап қою мерзімі шегіндегі салық жүктемесі нөлдік не орташа салалық мәннен төмен, бұл ретте кешенді салықтық тексерулер бойынша салық жүктемесі тиісті қызмет түрі бойынша және қызметті жүзеге асыру өңірін ескере отырып, салық жүктемесі коэффициентінің жоғарғы көрсеткішінің кемінде 90 пайызын құрайды;

      2) кезеңдер бойынша айналымдардың сәйкессіздігі (жарғылық капиталға жарна ретінде енгізілген сомаларды қоспағанда, жекелеген жылдар бойынша өткізудің ірі айналымдарының болуы, бұл ретте басқа кезеңдерде өткізу бойынша айналым нөлге тең);

      3) арнайы экономикалық аймақтардың, инновациялық технологиялар паркінің, халықаралық технологиялық парк аумағындағы қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі – КТС) төлеуден босату жөніндегі жеңілдікті қолдану);

      4) олар бойынша электрондық шот-фактура жазып беру шектелген, сот мәмілелерді/тіркеуді жарамсыз деп таныған өнім берушілермен өзара есеп айырысулар;

      5) сатып алынған және өткізілген тауар-материалдық қорлардың сәйкессіздігі;

      6) бірлескен қызмет бойынша кірістер мен шығыстар жөнінде тепе-теңдікті қолданудың дұрыстығы;

      7) алдыңғы 3 (үш) жылдағы жылдық орташа жиынтық табыстан (түзетулерге дейін) бір жылдың қорытындысы бойынша шығын сомасының (40% - дан астам) болуы;

      8) КТС және (немесе) қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша тексерілмеген кезең ірі кәсіпкерлік үшін 4 (төрт) жыл және одан да көп және орта кәсіпкерлік үшін 3 (үш) жыл және одан да көп;

      9) уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын салық төлеушіде ҚҚС бойынша дебеттік сальдоның болуы;

      10) алдыңғы 3 (үш) жыл ішінде ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыру;

      11) шет елдерге аударылған сомалар бойынша ҚҚС декларациясы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша бейрезиденттерден алынған қызметтер сомалары бойынша ауытқулардың болуы;

      12) экспорттаушыларды қоспағанда, кейінгі 2 (екі) жыл ішінде ҚҚС бойынша (100 млн. теңгеден астам) дебеттік сальдоның болуы;

      13) КТС бойынша кірістер сомасын азайту жағына және шегерімдерді ұлғайту жағына түзету;

      14) жер қойнауын пайдаланушының ескіру мерзімі салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есептелген сомасын есептеу және (немесе) қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылдан аз уақыттан кейін аяқталады;

      15) 3 (үш) және одан да көп дәйекті салық кезеңдері бойында жер қойнауын пайдаланушыда келісімшарттық (бір немесе бірнеше келісімшарттар) және келісімшарттан тыс қызмет бойынша шығындардың болуы;

      16) хабарламада көрсетілген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктерді жоймау туралы мәліметтердің бірінің болуы ескеріледі.

  Мемлекеттік кірістер органының
салықтық тексеру жүргізу
туралы шешім қабылдау
қағидалары мен негізіне
3-қосымша

Салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдау кезінде мемлекеттік кіріс органдары ескеретін мәліметтер

      Мемлекеттік кірістер органдарымен осы Қағидалардың 6-тармағының 2, 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көзделген сұрақтар бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы шешімді қабылдау кезінде, оның ішінде мынадай:

      1) шағым, оның ішінде әлеуметтік желілерде және бейне хостингтерде, мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар (Whatsap, Facebook, Wipon және басқалары) арқылы;

      2) заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша бұдан бұрын жүргізілген салықтық тексерулермен анықталған бұзушылықтарды жоймау;

      3) әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік кірістер органдарында тиісті тіркеу есебінің болмауы;

      4) әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша фискалдық жады бар бақылау-касса машинасының (бұдан әрі – ФЖ-сы бар БКМ) немесе үшкомпонентті интеграцияланған жүйенің болмауы, сондай-ақ ФЖ-сы бар БКМ-ді немесе үшкомпонентті интеграцияланған жүйені ол мемлекеттік кірістер органдарында тіркелген жері бойынша пайдаланбау туралы мәліметтердің болуы;

      5) әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша төлем карточкасын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) (салық төлеушінің осындай жабдықты (құрылғыны) орнату міндеті кезінде) болмауы;

      6) әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша есепке алу-бақылау таңбаларының және сәйкестендіру құралдарының болмауы, сондай-ақ олардың сәйкес болмауы;

      7) әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болмауы және олардың сәйкес келмеуі, сондай-ақ лицензияның болмауы;

      8) әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болмауы, сондай-ақ олардың сәйкес келмеуі;

      9) ФЖ-сы бар БКМ-ді қолданудың сақталмауы бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасының бұзылғаны туралы куәландыратын мәліметтер;

      10) электрондық нысандағы шот-фактура Салық кодексінің 47-тарауында белгіленген мерзімдерді бұза отырып жазып берілген;

      11) касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің қолданылу кезеңінде салық төлеушінің контрагенттермен өзара есеп айырысуды жүзеге асыру фактілері бойынша кассада шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарын бұзушылықтар туралы куәландыратын мән-жайлар анықталған;

      12) тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болмауы, сондай-ақ олардың тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге тауарлардың атауларына, санына (көлеміне) сәйкес келмеуі;

      13) ФЖ-сы бар БКМ-ді және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдануды сақтамау бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзу фактілері туралы хабарлаған адамдарға сыйақылар төлеу туралы мәліметтердің болуы;

      14) хабарламада көрсетілген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтарды жоймау туралы мәліметтердің бірінің болуы ескеріледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 31 қазандағы № 659
бұйрыққа
2 қосымша

Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша хронометраждық зерттеп-қарау жүргізу туралы мемлекеттік кірістер органының шешім шығару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша хронометраждық зерттеп-қарау жүргізу туралы мемлекеттік кірістер органының шешім шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 158-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша хронометраждық тексеру жүргізу туралы мемлекеттік кірістер органының шешім шығару тәртібін айқындайды.

2-тарау. Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша

      хронометраждық зерттеп-қарау жүргізу туралы мемлекеттік кірістер органының шешім шығару тәртібі

      2. Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша хронометраждық зерттеп-қарау жүргізу туралы шешім (бұдан әрі – хронометраждық зерттеп-қарау жүргізу туралы шешім) шығару мемлекеттік кірістер органдарының мынадай іс-қимылдарын қамтиды:

      салық төлеушілер ұсынған салық есептілігінің деректерін, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарынан, ұйымдардан, Салық кодексінің 93-бабының 2-тармағында, 165-бабының 2-тармағында көзделген салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша уәкілетті адамдардан алынған мәліметтер мен салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органы хронометраждық зерттеп-қарау жүргізу туралы шешім шығаруы үшін мемлекеттік кірістер органы ескеретін мәліметтерді талдау (салыстырып тексеру);

      салық есептілігінде ауытқуға жол берген хронометраждық зерттеп-қарауға жататын салық төлеушілердің тізімдерін айқындау.

      3. Мемлекеттік кірістер органының хронометраждық зерттеп-қарау жүргізу туралы шешімі, салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығарылады.

  Салық төлеушінің тіркеу
деректерінде көрсетілген
орналасқан жері бойынша және
(немесе) салық салу объектісінің
және (немесе) салық салуға
байланысты объектінің
орналасқан жері бойынша
хронометраждық зерттеп-қарау
жүргізу туралы мемлекеттік
кірістер органының шешім
шығару қағидаларына
1-қосымша

Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органы хронометраждық зерттеп-қарау жүргізу туралы шешім шығаруы үшін мемлекеттік кірістер органы ескеретін мәліметтер

      Мемлекеттік кірістер органы хронометраждық зерттеп-қарау жүргізу туралы шешім шығарған кезде, оның ішінде мынадай:

      1) салықтық жүктеме коэффициентінің төмендігі (бұдан әрі – СЖК) (орташа салалық жүктемеден төмен);

      2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған хабарламаларда көрсетілген бұзушылықтарды орындамау немесе жоймау;

      3) салық есептілігін нөлдік көрсеткіштермен, оның ішінде іс жүзінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде нөлдік көрсеткіштермен ұсыну;

      4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасының бұзылғанын куәландыратын салық төлеушінің қызметі туралы әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтердің болуы;

      5) қосылған құн салығы бойынша үнемі дебеттік сальдосы болатын, төмен СЖК (орташа салалықтан төмен), сондай-ақ 2 (екі) салық кезеңі бойында шығындары бар салық төлеушілер бойынша;

      6) салықтарды төлеуден жалтару мақсатында патент және (немесе) оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимдерін қолданатын, бірнеше кәсіпкерлік субъектілеріне бөлу жолымен құрылған бір объектіде салық төлеушілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы бойынша мәліметтердің болуы;

      салық төлеушінің (салық агентінің) сауда-сатып алу қызметін жүзеге асыруы кезінде салық кезеңдері үшін дәйекті табыс еткен салық есептіліктерінде бірдей кіріс сомаларын көрсетуі;

      8) ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасын бір жұмыс күні ішінде пайдаланудың төмен кезеңділігі туралы мәліметтердің болуы;

      9) салық төлеушінің іс жүзіндегі кірістері және (немесе) шығындары орындаушыға байланысты болатын агенттік, комиссиялық және ұқсас шарттар бойынша операциялардың болуы;

      10) өтініш берушілердің шағымдары бойынша 2 (екі) және одан да көп рет фискалдық чек бермеудің расталған фактілері туралы мәліметтердің бірінің болуы ескеріледі.

  Салық төлеушінің тіркеу
деректерінде көрсетілген
орналасқан жері бойынша және
(немесе) салық салу объектісінің
және (немесе) салық салуға
байланысты объектінің
орналасқан жері бойынша
хронометраждық зерттеп-қарау
жүргізу туралы мемлекеттік
кірістер органының шешім
шығару қағидаларына
2-қосымша

Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша хронометраждық зерттеп-қарау жүргізу туралы мемлекеттік кірістер органының шешімі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 158-бабының 3-тармағына сәйкес

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (семлекеттік кірістер органының атауы, салық органының коды, мекенжайы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, тексерілетін субъект басшысының мекенжайы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

ХРОНОМЕТРАЖДЫҚ ЗЕРТТЕП-ҚАРАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі ______________

      ___________________________________________________________________

            (тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінің мекенжайы)

      Тексеру нысаны ________________________________________________

                              (кешенді, тақырыптық)

      Тағайындалған тексерудің негізі / мәселесі _________________________

      ___________________________________________________________________

      Тексерілетін кезең: 20__ жылғы "__" _____ бастап 20__ жылғы

      "__"______қоса алғанда.

___________________

____________

_____________________________

(мемлекеттік кірістер
органының басшысы)

(қолы, мөрі)

(тегі, аты және әкесінің аты (егер
ол жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады