"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 тамызда № 36768 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 29 тамыздағы
№ 196 бұйрығына қосымша

Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 63) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін, сондай-ақ "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау", "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайды.

      2. Білім беру ұйымдары оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңға, осы Үлгілік қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.

      3. Білім алушылардың қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

      4. Сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді.

      5. Білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде білім беру ұйымдарының басшылары "Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына 2-қосымшамен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес білім беру қызметтерін көрсету үшін балалардың немесе білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) шарт жасайды.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы баланың немесе білім алушының тілегі, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып және қабылдау шарттарына сәйкес білім беру ұйымдарын таңдайды.

      7. Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша білім беруді басқарудың жергілікті органдарына жүгінеді.

2-тарау. Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

      8. Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

      Білім беру ұйымына қызмет ету аумағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі.

      9. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін алу үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қағаз тасығышта жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

      Үлгілік қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

      10. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

      11. Балаларды білім беру ұйымдарына қабылдау үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) қызмет алушының осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылған өтініші;

      2) баланың туу туралы куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);

      3) қызмет алушының жеке куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);

      4) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманың нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі - ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) сәйкес № 065/е нысанындағы "Иммундау паспорты" және № 052-2/е нысанындағы "Бала денсаулығының паспорт" медициналық анықтамалары;

      5) баланың 3х4 см көлеміндегі фотосуреті.

      12. Портал арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама (құжаттарды қабылдау не осы Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көрсетілген дәлелді бас тарту) жіберіледі.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсетуден дәлелді бас тартуы үшін "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 19-1-бабының 2-тармағында белгіленген тізбе, сондай-ақ "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) бұйрығының (бұдан әрі- № ҚР ДСМ-76 бұйрығы) 2-қосымшасында бекітілген санитарлық қағидаларына сәйкес негіздер болып табылады, олар:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;

      6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;

      7) сынып - жиынтығы толық болған кезде.

      14. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында баланың ағымдағы жылдың 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымына қабылданатыны туралы хабарлама не болмаса осы Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көрсетілген дәлелді бас тарту келеді.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші оқуға қабылдау кезінде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан өтініш берген алғашқы үш көрсетілетін қызметті алушыға қабылданатыны туралы хабарлама жібереді, содан кейін – білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс, бірінші болып тіркелгендер қатарынан 1 (бір) үміткерге ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қабылданатыны туралы хабарлама жібереді.

      16. Өтінішті қағаз түрінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы берген кезде, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан алғаны туралы қолхат немесе құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көзделген дәлелді бас тарту негіздері көрсетілген қолхатты Үлгілік қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қабылдау туралы хабарламаны бірінші болып тіркелгендер қатарынан 3-ке 1 (білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан 3 үміткерге, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 үміткерге) қатынасын ескере отырып жібереді.

      Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады.

      17. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне сәйкес портал немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады.

      18. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшада бекітілген мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес портал немесе қағаз тасығыш арқылы тапсырады.

      Үлгілік қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

      19. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)), туған күні, сыныбы, оқыту тілі және мектеп атауы (телефон нөмірі, пошта мекенжайы, электрондық мекенжайы (ресми интернет-ресурс)) бір білім беру ұйымынан екінші білім беру ұйымына ауыстыру туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаға қызмет көрсетушінің ЭЦҚ-сымен қол қойылады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан жағдайда Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көрсетілген негіздер бойынша дәлелді бас тарту жөнінде хабарлама жібереді.

      Хабарламаны көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді.

      20. Көрсетілетін қызметті алушыдан қағаз жеткізгіштегі өтініш қабылданған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "Білім беру қызметінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 17 тамыздағы № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33330 болып тіркелген) (бұдан әрі – 263 бұйрығы) 10-қосымшаға сәйкес білім алушылардың келген білім алушыны есепке алу талонын (бұдан әрі – келген білім алушыны есепке алу талоны) береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде келген білім алушыны есепке алу талонын кеткен білім беру ұйымына ұсынады.

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көрсетілген негіздер бойынша дәлелді бас тарту болған жағдайда, өтініш пен (немесе) құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша беріледі.

      Келген білім алушыны есепке алу талонының қолданылу мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.

      21. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште қабылдаған жағдайда, білім алушы шыққан білім беру ұйымының көрсетілетін қызметті берушісі басқа білім беру ұйымына кеткен білім алушыны есепке алу талонын алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға 263 бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес білім алушының кетуі туралы есептен шығару талонын (бұдан әрі – кетуі туралы есептен шығару талоны), сондай-ақ 263 бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сол білім алушының жеке ісін ұсынады.

      22. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы білім алушы келетін білім беру ұйымына алған құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.

      Білім беру ұйымдары білім алушыны қабылдау және (немесе) оқудан шығару туралы бұйрықтар шығарады, сондай-ақ белгіленген тәртіп шеңберінде тиісті сәйкестендіру жұмыстарын жүргізеді.

      23. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қағаз жеткізгіште қабылданған жағдайда, өтінішті беру мерзімі (Үлгілік қағидалардың 20-тармағында белгіленген 3 (үш) жұмыс күні) сақталмаған жағдайда немесе Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көрсетілген дәлелді бас тарту негіздеріне сәйкес келмеген жағдайда, қызмет көрсетуші құжаттарды қабылдаудан бас тартады және қызмет алушыға өтініш пен (немесе) құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша береді.

      24. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      25. Бастауыш және негізгі орта білім беру үйымдарында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына білім алушыларды қабылдау сынып-жиынтықтары толымдылығының артық болмау шарты ескеріле отырып, ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

      26. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды білім беру ұйымына қабылдау тәртібі және үміткердің білім деңдейін айқындау "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6573 болып тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесімен реттеледі.

      27. Жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарына білім алушыларды қабылдау осы Үлгілік қағидаларға 15-тармағына сәйкес білім алушының жеке өтініші, сондай-ақ осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағында көзделген құжаттар мен негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Өтініштерді қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан бастап 31 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

      28. Білім алушыларды гимназиялардың, лицейлердің оныншы, он бірінші сыныптарына қабылдау гимназияның, лицейдің жарғысына сәйкес аталған білім беру ұйымдары түрлерінің қызмет көрсету аумағы ескерілместен білім алушының жеке өтінішінің сондай-ақ осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағында көзделген құжаттар мен негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат негізінде жүзеге асырылады.

      29. Гимназиялар мен лицейлер осы Үлгілік қағидалардың 15-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында айқындалған білімнің міндетті көлемін меңгеруді қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін сыныптарды құрады.

      30. Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарынан басқа мамандандырылған білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – мамандандырылған білім беру ұйымы) қабылдау конкурс негізінде (бұдан әрі – конкурс) жүргізіледі.

      Мамандандырылған білім беру ұйымы өз интернет-ресурсында, сондай-ақ qabyldau.daryn.kz порталында конкурсты өткізу кезінде сынып-жиынтықтарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін квотаны орналастырады.

      31. Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға түсуге көрсетілетін қызметті алушыдан конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан бастап 15 сәуір аралығында жүргізіледі, қосымша мерзімдерді Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      32. Мамандандырылған білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен құжаттарды қабылдау үшін жауапты тұлға тағайындалады. Жауапты тұлға конкурсқа қатысуға үміткерлердің электрондық базасын құруға (мамандандырылған білім беру ұйымының атауы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), сыныбы, оқыту тілі, электрондық мекен-жайы, дипломдарының көшірмелері (ол болған жағдайда) жауапты болады.

      33. Конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында немесе qabyldau.daryn.kz порталында тіркеуден өтеді немесе мамандандырылған білім беру ұйымының жауапты тұлғасына келесі құжаттарды:

      1) көрсетілетін қызметті алушының өтініші;

      2) ЖСН көрсете отырып, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      3) баланың электрондық мекенжайын көрсете отырып, оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтама;

      4) баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;

      5) Үлгілік қағидалардың 34-тармақта көрсетілген халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері.

      Мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында немесе qabyldau.daryn.kz порталында жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістер орын алған жағдайда (оның ішінде жабдықтардың істен шығуы, бағдарламалық қамтамасыз етудегі ақаулар, зиянды бағдарламалардың әсері, хакерлік шабуылдар, әлеуметтік инженерия көріністері немесе табиғи құбылыстар салдарынан), құжаттар мамандандырылған білім беру ұйымында құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлғаға тікелей қағаз түрінде ұсынылады.

      34. Қабылданатын білім алушылардың жалпы санының 15% мөлшерінде іріктелетін әлеуметтік осал санаттағы халықтың қатарына мыналар жатады:

      жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      мүгедектігі бар балалар;

      көпбалалы отбасылардан шыққан балалар (аналары "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған, бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ "Ана даңқы" I және II дәрежелі ордендерімен марапатталғандар);

      атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алмайтын (жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен) отбасылардан шыққан балалар;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар ата-аналардың балалары;

      мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған немесе асырап отырған отбасылардың балалары;

      отбасында тұратын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;

      мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшу немесе ұшу дайындығы барысында қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларындағы балалар.

      35. Мамандандырылған білім беру ұйымы:

      1) "Мың бала" ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін жетінші сыныпқа қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 10% мөлшерінде;

      2) осы Үлгілік қағидаларға 34-тармақта көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары үшін бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы сыныптарға қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде;

      3) Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы оқушылар үшін бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы сыныптарға қабылданатын жалпы оқушылар санының 5% мөлшерінде, квоталарды бекітеді.

      36. Осы Үлгілік қағидаларға 34-тармақта көрсетілген бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы сыныптарға қабылданатын білім алушылар жергілікті атқарушы өкілді органдардың және/немесе меншік нысанындағы барлық білім беру ұйымдарының басқару органының шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен тамақпен қамтамасыз етіледі.

      37. Конкурсқа қатысуға өтінішті белгіленген мерзімдерден кейін беру немесе осы Үлгілік қағидалардың 33-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну құжаттарды қабылдаудан бас тартудың негіздері болып табылады.

      38. Оқуға қабылдау конкурсын ұйымдастыру және өткізу үшін "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – "Дарын" орталығы) конкурстық комиссия құрады.

      39. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтың органдарының, "Дарын" орталығының оқу-әдістемелік кеңесінің мүшелері, арнайы мониторингтік топтардың өкілдері, білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдар өкілдері кіреді.

      40. Конкурстық комиссияның төрағасы комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс, бірақ жеті адамнан кем болмауы тиіс.

      41. "Дарын" орталығы басшысының бұйрығымен конкурсқа қатысуға құжаттар тапсырған білім алушылардың электрондық базасымен жұмыс істеуге уәкілетті тұлға тағайындалады.

      42. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының уәкілетті тұлғасы конкурсқа қатысуға құжат тапсырған білім алушылардың электрондық базасын "Дарын" орталығына тапсырады.

      43. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін конкурстық комиссия ұсынылған материалдардың конкурсқа қатысу шарттарына сәйкестігін тексереді және қажет болған жағдайда осы Үлгілік қағидалардың 33-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын қосымша сұратады.

      44. Конкурс 15 мамыр – 15 маусым аралығындағы кезеңде апта сайын әрбір сенбі-жексенбі күндері өтеді. Қосымша мерзімдерді Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган келесі оқу жылы басталғанға дейін белгілейді.

      45. Конкурс өткізу кестесі qabyldau.daryn.kz порталында және мамандандырылған білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында конкурс басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын орналастырылады.

      46. "Дарын" орталығы оқу-әдістемелік кеңес конкурсқа арналған материалдарды (сұрақ кітапшасы, жауап парақтары) әзірлеп, бекітеді.

      47. Конкурс күндізгі (тестілеу арқылы) форматта өткізіледі. Электрондық форматта конкурс өткізу "Дарын" орталығы мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының алдын ала келісуге жатады.

      48. Конкурсты өткізу үшін конкурстық материалдарды "Дарын" орталығының қызметкерлері конкурс басталғанға дейін бір күн бұрын қағаз нұсқада (пломбаланған) мамандандырылған білім беру ұйымдарына жеткізеді.

      49. Конкурс әрбір өңірде жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша "Дарын" орталығы алдын ала айқындайтын мамандандырылған білім беру ұйымының базасында өтеді. Үміткерлер арасында конкурс және қорытынды шығару әрбір мамандандырылған білім беру ұйымы бөлінісінде өткізіледі.

      50. Білім алушыларды мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ғимаратқа, аудиторияға және конкурстық іріктеу алаңына енгізу үшін қолданылатын бейнебақылау және дыбыс жазу жүйесі орнатылады. Мамандандырылған білім беру ұйымы конкурсты өткізу үшін техникалық жабдықтармен жарақтандырылады.

      51. Оқуға түсушілерге арналған тестілеу:

      1) 5-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 40 сұрақтан тұрады:

      математика және логика - 30 сұрақ;

      оқу сауаттылығы - 10 сұрақ.

      2) 6-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 60 сұрақтан тұрады:

      математика және логика - 35 сұрақ;

      оқу сауаттылығы - 15 сұрақ;

      Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.

      3) 7-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:

      математика және логика - 55 сұрақ;

      оқу сауаттылығы - 10 сұрақ;

      Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.

      4) 7-8-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 85 сұрақтан тұрады (қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін):

      математика және логика - 30 сұрақ.

      оқу сауаттылығы - 15 сұрақ;

      қазақ тілі мен әдебиет – 40 сұрақ.

      5) 10-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 95 сұрақтан тұрады:

      математика және логика - 60 сұрақ;

      оқу сауаттылығы – 10 сұрақ;

      Қазақстан тарихы - 25 сұрақ.

      52. Тестілеуге бөлінген уақыт 5-сыныпта – 60 минут, 6-сыныпта – 90 минут, 7-сыныпта – 120 минут, 8-сыныпта – 150 минут, 10-сыныпта – 180 минут (конкурстық материалдарды тарату, Жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарының уақыты көрсетілген уақытқа кірмейді).

      53. Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" (минус бір) коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап = жалпы қорытынды балл).

      54. Нәтижелерді өңдеуді Конкурстық комиссия жауап парақтарын сканерлеу арқылы жүргізеді, нәтижелерді алу "Дарын" орталығының бірыңғай тексеру жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Сұрақ кітапшасы қарастырылмайды.

      55. Конкурс іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді.

      56. Облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ "Дарын" орталығы, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары өткізетін, республикалық олимпиадаларға қатысу туралы дипломдардың иелері жинаған баллдары тең болған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде басымдыққа ие болады.

      57. "Білім-инновация лицейді" қоспағанда, мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсушілер арасында конкурс өткізу нысанында бір турда (тестілеу) өткізіледі.

      "Білім-инновация" лицейіне конкурстық іріктеу және қабылдау "Білім-Инновация" халықаралық қоғамдық қоры белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      58. Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға түсушілерді, оның ішінде осы Үлгілік қағидалардың 34-тармағында көрсетілген мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындардың санына сәйкес ең жоғары баллдан бастап жүзеге асырылады.

      59. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсушілерге арналған конкурстың қорытындылары конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді және конкурс өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірілмей qabyldau.daryn.kz порталында, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.

      60. Конкурс қорытындылары бойынша мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін конкурстан өткен үміткерлерді мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

      61. Конкурстық комиссия мамандандырылған білім беру ұйымдарына негізгі конкурс бойынша өтпеген, бірақ жинаған баллдарының жалпы саны бойынша кеміту ретімен резервтік тізім жасайды. Аталған тізім мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады.

      62. Осы Үлгілік қағидалардың 61-тармағында көзделген резервтік тізімге енгізілген үміткерлер бос орындар болған жағдайда оқу жылы ішінде мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдануы мүмкін. Бос орындар туралы ақпарат мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады.

      63. Сегізінші, оныншы сыныптардағы бос орындар пайда болған жағдайда, мамандандырылған білім беру ұйымы конкурс арқылы іріктеуді дербес жүргізеді, бұл ретте қабылданатын білім алушылар саны № ҚР ДСМ-76 бұйрығына 2-қосымшада бекітілген санитариялық қағидаларда белгіленген нормалардан аспауын қамтамасыз етуге міндетті.

      64. Дарынды балалардың әскери іс, өнер, тіл мен әдебиет негіздерін терең игеруіне бағытталған білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған білім беру ұйымдары мектеп Жарғысына сәйкес функционалды кәсіби, психологиялық, шығармашылық және физиологиялық мәліметтерді ескере отырып, үміткерлердің екінші турын өткізеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      65. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті берушіге шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      66. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  Олимпиадалық резервтің
республикалық, облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
мамандандырылған мектеп-
  интернат-колледждерін және
спорттағы дарынды балаларға
арналған облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда,
бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білімнің жалпы
білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
1-қосымша

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі

1 (бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері

Портал арқылы "жеке кабинетке" жүгінген жағдайда, қызмет алушыға ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта білім беру ұйымына қабылдау және оқуға қабылдану туралы немесе осы Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көзделген негіздер бойынша қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жолданады.
Хабарламада қызмет көрсетуші ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ең алдымен аумақтық қызмет көрсету аймағына тиесілі болып табылатын және бірінші болып өтініш берген 3 (үш) қызмет алушыны, содан кейін тіркелгендердің ішінен қызмет көрсету аймағына жатпайтын 1 (бір) үміткерді қабылдау туралы мәлімет көрсетеді.
Қызмет көрсетушіге (қағаз түрінде) жүгінген жағдайда:
келісім болғанда – қызмет алушыға Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
бас тарту болғанда – Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының 19-1-бабының 2-тармағына және (немесе) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) бекітілген санитариялық қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес қызмет алушыға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1. көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қызмет алушылардың құжаттарын қабылдау көрсетілген кестеге сәйкес 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
2. портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1. көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2. www.egov.kz порталында орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

- порталға:
1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің өтініші;
2. ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 065/е нысанындағы "Иммундау паспорты" және № 052-2/е нысанындағы "Бала денсаулығының паспорт";
3. баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi;
4. оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарға оқуға қабылдау үшін негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың болуы міндетті шарт болып табылады. - көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде):
1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің өтініші;
2. баланың туу туралы куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);
3. қызмет алушының жеке куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);
4. ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 065/е нысанындағы "Иммундау паспорты" және № 052-2/е нысанындағы "Бала денсаулығының паспорт";
5. баланың 3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосуретi;
6. оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарға оқуға қабылдау үшін негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың болуы міндетті шарт болып табылады.
Тиiстi мемлекеттiк органдар шектеу iс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгiзілген, белгiлi бiр аумақта әлеуметтiк, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда шектеу шараларын алып тастау, төтенше жағдайды тоқтату шаралары қабылданға дейін 065/е нысанындағы "Иммундау паспорты" және № 052-2/е нысанындағы "Бала денсаулығының паспорт" медициналық анықтамаларды осы аумақтағы көрсетілетін қызметті алушылар тікелей білім беру ұйымына қажеттілігіне қарай береді

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздеме

1. көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2. көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3. уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4. көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5. көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6. көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
7. сынып - жинақтардың толық болған кезінде.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптары

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы, және бірыңғай байланыс-орталығы "1414", 8-800-080-7777 арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар. Үшінші тұлғалардың қызмет алу шарттары: Порталдағы "жеке кабинеттен" ақпарат сұралатын тұлғаның келісімімен, үшінші тұлғалардың электрондық сұранысы.

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан
білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және
оқуға қабылдау" мемлекеттік
қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
қосымша
Нысан
  _______________________
білім беру ұйымының атауы
  _______________________
  директордың тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда)
кімнен __________________
  көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
  Телефоны: _________________

Өтініш

      Менің балам ____________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ______________________________________________________________

      (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

      ______________________________________________________________

      тіркелген мекенжайы бойынша

      ______________________________________________________________

      (білім беру ұйымының толық атауы) қабылдауды сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      _______________

      "___" ________ 20__ жыл

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан
білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және
оқуға қабылдау" мемлекеттік
қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
қосымша
Нысан

Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың алынғаны туралы ҚОЛХАТ

      ______________ _______________________________________________

      (елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)

      Құжаттардың қабылданғаны туралы № ___________ қолхат

      _______________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты ( ол болған жағдайда)

      мынадай құжаттар алынды:

      1. Өтініш

      2. 065/е нысанындағы "Иммундау паспорты" және № 052-2/е нысанындағы "Бала денсаулығының паспорт" медициналық анықтамалары.

      4. Фото ¾ 2 дана.

      5. Негізгі орта білім туралы аттестат (10 (11) -сыныпқа қабылдау кезінде).

      _______________________________________________________________

      Сондай-ақ, Сізге балаңыздың осы жылдың 1 қыркүйектен бастап қабылданатыны туралы хабарлаймыз.

      Өтініштің қабылданған күні _____________________

      _______________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (құжаттарды қабылдаған уәкілетті адам)

      _____________ (қолы)

      Телефоны

      Алдым: _______________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы

      "__" __________ 20__ жыл

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан
білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және
оқуға қабылдау" мемлекеттік
қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
қосымша
Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы ҚОЛХАТ

      Осы қолхатпен қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      расталады: ______________________________________

      ЖСН: ________________________________

      Ұсынылған құжаттар: _____________________________________

      Өтініш берген күні: "__" ____________ 20_ ж.

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 19-1-бабы 2) тармағына және (немесе) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 23890 болып тіркелген) "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес

      ___________________________________________________________________

      (бас тарту себебін көрсету)

      Осы қолхат 2 (екі) дана етіп жасалды, әр тарапқа бір-бір данадан беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда):

      __________________________

      Лауазымы: _______________________________

      Қолы: ___________________

      Күні: "__" ________________ 20_ жыл

      Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      (таныстым): ___________________________

      Қолы: ___________________

      Күні: "__" ________________ 20_ жыл

  Олимпиадалық резервтің
республикалық, облыстық,
республикалық маңызы
бар қалалардың, астананың
мамандандырылған мектеп-
интернат-колледждерін және
спорттағы дарынды балаларға
арналған облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда,
бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білімнің жалпы
білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың Үлгілік
қағидаларына
2-қосымша

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал);
2) көрсетілетін қызметті беруші

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Электронды – 1 (бір) жұмыс күні;
Қағаз түрінде – 3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

– портал арқылы:
қызмет алушының "жеке кабинетіне" білім алушыны бір білім беру ұйымынан екінші білім беру ұйымына ауыстыру туралы хабарлама келіп түседі. Хабарламада Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), туған күні, сыныбы, оқыту тілі және мектебі (телефон, пошта мекенжайы, электрондық мекенжайы (ресми интернет-ресурс)) көрсетіледі және ол қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда – қызмет көрсетуден бас тартудың уәжделген себебі көрсетіліп, осы Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 7) тармақшасында көзделген бас тарту себептері көрсетіледі.
– Қағаз түрінде:
көрсетілетін қызметті беруші қабылданғанын растайтын келген білім алушыны есепке алу талонын береді, ол білім алушы шығып жатқан білім беру ұйымына ұсынылады немесе негізделген бас тарту үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтініш пен (немесе) құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Қабылданғанын растайтын келген білім алушыны есепке алу талоны 3 (үш) жұмыс күні ішінде жарамды.
Білім алушы шығып жатқан көрсетілетін қызметті беруші қабылданғанын растайтын келген білім алушыны есепке алу талонының негізінде қызмет алушыға кетуі туралы есептен шығару талонын және білім алушының жеке ісін береді.
Қызмет алушы құжаттарды (жеке істі) баратын көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушілер білім алушыны орта білім беру ұйымына қабылдау/шығару туралы бұйрық шығарады және салыстыру жүргізеді.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс уақыты

1. Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Кодекске сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1. көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2.www.egov.kz порталында орналастырылған

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

- портал арқылы:
көрсетілетін қызметті алушының Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші.
- көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде):
1. көрсетілетін қызметті алушының Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші;
2. 263 бұйрығына 10-қосымшаға сәйкес, білім беру ұйымына ұсынылуы тиіс білім алушыны келген білім алушыны есепке алу талоны ұсынылады. (Аталған талап Республика Қазақстан шегінен тыс жерге кететін білім алушылардан басқа барлық жағдайларда қолданылады. Шетелге шығатын білім алушылар бұл ретте Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыққанын растайтын құжатты ұсынады.)

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1. көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2. көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3. уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4. көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5. көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6. көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
7. сынып - жинақтардың толық болған кезінде.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім беру ұйымдары
арасында балаларды ауыстыру
үшін құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптар
тізбесіне қосымша
  Нысан
  _______________________
  білім беру ұйымының атауы
  ______________________
  директордың тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда) кімнен
__________________
көрсетілетін қызметті алушы
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефоны: _________________

Өтініш

      Менің балам ___________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ______________________________________________________________

      (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

      _______________________________________________________________

      тіркелген мекенжайы бойынша

      _____________________________________________________________

      (білім беру ұйымының толық атауы) қабылдауды сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      _______________

      "___" ________ 20__ жыл

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім беру ұйымдары
арасында балаларды ауыстыру
үшін құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптар
тізбесіне қосымша
Нысан

Өтініш пен (немесе) құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы ҚОЛХАТ

      Осы қолхатпен қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      расталады: ______________________________________

      ЖСН: ________________________________

      Ұсынылған құжаттар: _____________________________________

      Өтініш берген күні: "__" ____________ 20_ ж.

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 19-1-бабы 2) тармағына және (немесе) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 23890 болып тіркелген) "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес

      _____________________________________________

      (бас тарту себебін көрсету)

      Осы қолхат 2 (екі) дана етіп жасалды, әр тарапқа бір-бір данадан беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда):

      __________________________

      Лауазымы: _______________________________

      Қолы: ___________________

      Күні: "__" ________________ 20_ жыл

      Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      (таныстым): ___________________________

      Қолы: ___________________

      Күні: "__" ________________ 20_ жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады