БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясатты реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. |
Е. Ибрайханов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновация және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 22 тамыздағы № 210-НҚ бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 59-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35972 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шартында:
1-тармақтың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"суды есепке алу аспабы – реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынуды коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тұтынушыға қызметтер көрсету _______ каналының километр/пикет учаскесінде (учаске атауы) жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Тұтынушыға:
1) қызмет көрсету айының алдындағы айдың 15 (он бес) күнінен кешіктірмей Өнім берушіге судың ең төменгі айлық көлемін қоса алғанда, қызмет көрсетуге айлық өтінім беру;
2) шарт жасасу кезінде Өнім берушіге судың ең төменгі жылдық көлемін қоса алғанда, ағымдағы күнтізбелік жыл үшін қызмет көрсетуге арналған айлар бөлінісінде жылдық өтінім беру;
3) Өнім берушіні алдағы айлық, тоқсандық немесе жылдық кезеңдерде көрсетілетін қызметтерді тұтыну ниетінің жоқтығы туралы жазбаша түрде хабардар ету;
4) көрсетілетін қызметті тұтыну көлемінің, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдары мен олардың түрлерінің орналасуының өзгеруі бойынша күтілетін барлық өзгерістер туралы вегетациялық жұмыстар басталғанға дейін кемінде 15 (он бес) күн бұрын Өнім берушіге хабарлау;
5) су тұтыну кестесіне сәйкес тәулік, ай ішінде (егер Тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе) суды тәулік бойы біркелкі алуды жүргізу;
6) Өнім берушімен бірге суды есепке алу және бақылаудың өлшеу нүктесін анықтау;
7) судың бүкіл учаске бойынша дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында сумен қамтамасыз ету кезеңінде учаскіде тәулік бойы бақылауды жүзеге асыру;
8) Шарт талаптарына сәйкес көрсетілген қызметтер үшін орындалған жұмыстар актілеріне уақтылы қол қою;
9) қызметтерді пайдалану кезінде туындаған құрылысжайлардың жүйелері мен есепке алу аспаптары жұмысындағы ақаулар туралы Өнім берушіге, барлық авариялық жағдайлар және су пайдаланудың технологиялық режимінің бұзылуы туралы – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына дереу хабарлау;
10) Шарт жасасу кезінде алынған қызметтерге толық ақы төлеу туралы төлем құжаттарын ұсыну.";
8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Су тұтынудың үлестік нормаларынан асып кету фактісі болған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылдың вегетациялық кезеңінде есептеулердің жалпы көлемін есептеу кезінде су тұтынудың үлестік нормалары шегінде тұтынылған көлемге бекітілген тарифі қолданылады, ал қалған көлемге бекітілгенге 20% жоғары тариф қолданылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Тұтынушы өз бетінше су пайдалану кезінде нақты дақылға егіс алаңы мен су тұтынудың үлестік нормалары бойынша көлемін ескере және бекітілген тариф бойынша – 2 коэффициентін қолдана отырып, есептелген соманы төлейді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Өнім беруші есептік айдан кейінгі күнтізбелік айдың 15 (он бес) күніне дейінгі мерзімде тараптар қол қоятын орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Тұтынушы:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтерге "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тарифтер бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өлшеу құралдарының үлгісін бекітуден немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен су ресурстарын есепке алу аспаптарын бөлу нүктесінде орнатуға;
3) көрсеткіштерді алу, жүйелердің, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін Өнім беруші өкілдерінің есепке алу аспаптарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
4) белгіленген талаптарға сәйкес, меншікті сумен жабдықтау жүйелерінің, олардағы басқару тораптарының, суды есепке алу аспаптарының сақталуын және тиісінше санитариялық және техникалық жай-күйінде болуын ұстап тұруға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өнім беруші белгілеген техникалық талаптарды орындауға;
6) зиянды заттардың жол берілетін концентрациясынан асып түсетін ластағыш заттар бар сарқынды суларды ағызуға жол бермеуге;
7) су ресурстарын ұтымды пайдалану, су шығынын азайту үшін шаралар қабылдауға;
8) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 101-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36208 болып тіркелген) Суармалы суды пайдалану қағидаларын сақтауға міндетті.";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) егер каналдың немесе оның инфрақұрылымының қосымша қуаттарын салуды қажет етпейтін болса, Шарттың 2-тармағында көзделгеннен артық көрсетілетін қызметтердің қосымша көлемдерін жеткізу мүмкіндігін қарауға құқығы бар.";
7) тармақша алып тасталсын;
19-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Тұтынушыға есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 15 (он бес) дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметке ақы төлеуге төлем құжатын ұсынуға;".
2. "Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 65-НҚ бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35994 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар Қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) заңды тұлғалар үшін:
"Суаратын суды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 101-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36208 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) қосымшаға сәйкес өтініш;
су тұтынушының тұтынатын қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және бұрын қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін объектіні қосуға, бұрын қосылмаған объектіні желілерге қосуға, сыртқы жабдықтау схемасын өзгертуге арналған техникалық шарттар (жаңа суарау алаңдары немесе су пайдаланушы үшін);
құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелер (түпнұсқалар салыстыру үшін):
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы мәлімет немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, пайдалану, несие, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;
басшыны тағайындау (лауазымға кірісу) туралы бұйрықтың көшірмесі;
жарғы немесе құрылтай құжаттарына соңғы енгізілген өзгерістер туралы мәліметтің көшірмесі;
заңды тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және сенімхат;
жеке деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісім;
банк деректемелері;
алдыңғы шарт (бар болған жағдайда) бойынша қызметтердің құнын толық төлеу туралы төлем құжаттары.
2) жеке тұлғалар үшін:
Қағидаларға қосымшаға сәйкес өтініш;
су тұтынушының тұтынатын қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және бұрын қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін объектіні қосуға, бұрын қосылмаған объектіні желілерге қосуға, сыртқы жабдықтау схемасын өзгертуге арналған техникалық шарттар (жаңа суарау алаңдары немесе су пайдаланушы үшін);
құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелер (салыстыру үшін түпнұсқалар):
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы мәлімет немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жер актісі, пайдалану, несие, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);
дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарламаның көшірмесі;
жеке тұлғаның немесе жеке тұлғаның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және сенімхат;
жеке деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісім;
алдыңғы шарт (бар болған жағдайда) бойынша қызметтердің құнын толық төлеу туралы төлем құжаттары.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
18. Тұтынушы шарт жасасу үшін осы Үлгілік регламенттің 17-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, табиғи монополия субъектісі жетіспейтін құжаттың жоқтығын түсіндіре отырып оларды кері қайтарады.".
3. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 66-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35975 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"144. Бірінші реттеу кезеңінің бірінші жылындағы персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нормативтік саннан аспайтын нақты санына және өтінім берудің ресми статистикалық ақпарат бойынша бір жыл ішінде қалыптасқан, Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) орташа айлық номиналды жалақыны негізге ала отырып айқындалады.";
266-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"266. Тұтынушылардың бірінші тобының мынадай санаттары үшін суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формулалар бойынша айқындалады:
Таштө1 = Т1
Таштө2 = 1,2*Т1, мұндағы:
Т1 – осы Қағидалардың 265-тармағына сәйкес айқындалған бірінші топтың тарифі;
Таштө1 – 1-кіші топқа арналған тариф;
Таштө2 – 2-кіші топқа арналған тариф.
Су тұтынудың үлестік нормаларынан асып кету фактісі болған жағдайда, 1 айдағы есепке жазудың жалпы көлемін есептеу кезінде су тұтынудың үлестік нормалары шегінде тұтынылған көлемге 1-кіші топтың тарифі қолданылады, ал қалған көлемге 2-кіші топтың тарифі қолданылады.";
409-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"409. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылады.";
431-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Заңның 5-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектісінің бір жұмыскерінің орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі.
Бұл ретте Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген, өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің бір жыл ішіндегі статистика деректері бойынша қалыптасқан орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруін өзгертуге негіз болып табылады.";
453-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштерін ескере отырып немесе нақты санын негізге ала отырып, бірақ субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санын, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып немесе субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санын және орташа айлық жалақысын негізге ала отырып, тарифті қалыптастыру кезінде өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект өтінім берудің алдындағы жылдың басынан бастап қалыптасқан бір жыл ішінде немесе төртінші тоқсандағы ресми статистикалық ақпарат бойынша қалыптасқан, Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қызметтер көрсететін өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) жалақы.
Жаңа объектілер, қуаттар енгізілген және инвестициялық бағдарламада көзделген өзге де іс-шаралар іске асырылған жағдайда, тарифті қалыптастыру кезінде жаңа объектілерге өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар өндірістік персоналдың нормативтік саны негізге алына отырып, айқындалады.
Бұл ретте персонал санының, шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның қажеттілігін есептеу және техникалық ысыраптарды есептеу тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде жүргізіледі.
Субъект екі және одан да көп өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) реттелетін қызметтер көрсеткен және бірыңғай тариф бекітілген жағдайда, тарифті қалыптастыру кезінде өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар нақты санына қарай, бірақ субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын, қолданыстағыларда қабылданған орташа айлық жалақыға қарай тарифтің шығыс бөлігіне енгізіледі, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштерін ескере отырып немесе субъект персоналының нақты санына қарай тарифтер Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес реттеліп көрсетілетін өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) субъект персоналының нормативтік санынан және орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткішінінен аспайтын, тарифтерге өтінім берудің алдындағы бір жыл немесе төртінші тоқсандағы ресми статистикалық ақпарат бойынша және формула бойынша айқындалады:
Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалған өндірістік персоналдың жалақысы субъект қалыптасқан, Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қызметтер көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан асып кеткен кезде өтінім берудің алдындағы жылдың басынан бастап қалыптасқан бір жылдағы немесе төртінші тоқсандағы ресми статистикалық ақпарат бойынша және (немесе) осы Қағидаларда айқындалған орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткішінен жоғары, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалатын өндірістік персоналдың жалақысы ескеріледі.
Субъектінің қолданыстағы тарифтік сметасында экологиялық апат және радиациялық тәуекел аймақтарында тұрғаны үшін қосымша төлемдер болмаған жағдайда орташа айлық жалақыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті қосымша төлемдер қолданылады.";
454-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1) әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нақты санына, бірақ нормативтік санынан аспайтын және Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыға немесе субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санына және орташа айлық жалақысына қарай айқындалады өтінім берудің алдындағы жылдың басынан бастап қалыптасқан бір жылдағы немесе төртінші тоқсандағы ресми статистикалық ақпарат бойынша қалыптасқан, Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес Субъект қызметтер көрсететін өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) төлемдер.
Субъект екі және одан да көп өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) реттелетін қызметтер көрсеткен және бірыңғай тариф бекітілген жағдайда, тарифті қалыптастыру кезінде әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың нақты санына, бірақ субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын, қолданыстағыларда қабылданған орташа айлық жалақыға сүйене отырып тарифтің шығыс бөлігіне енгізіледі, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштерін ескере отырып немесе нақты санына қарай тарифтер Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес реттеліп көрсетілетін өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) субъект персоналының нормативтік санынан және орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткішінен аспайтын, тарифтерге өтінім берудің алдындағы жылдың басынан бастап қалыптасқан бір жыл немесе төртінші тоқсандағы ресми статистикалық ақпарат бойынша және формула бойынша айқындалады:
Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалған әкімшілік персоналдың жалақысы субъект қалыптасқан, Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қызметтер көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) әкімшілік персоналдың орташа айлық жалақысынан асып кеткен кезде бір жылдағы немесе жыл басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы ресми статистикалық ақпарат бойынша, өтінім берудің алдындағы және (немесе) осы Қағидаларда айқындалған орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткішінен жоғары Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалатын әкімшілік персоналдың жалақысы (инфляция) ескеріледі;
Субъектінің қолданыстағы тарифтік сметасында экологиялық апат және радиациялық тәуекел аймақтарында тұрғаны үшін қосымша төлемдер болмаған жағдайда орташа айлық жалақыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті қосымша төлемдер қолданылады.";
9-қосымшаның 2-тармағы алып тасталсын.
4. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 84-НҚ бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36054 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
8-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
10-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе оның орынбасары электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жолданады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Жария тыңдаулар өткізу үшін уәкілетті органының қызметкерлері қатарынан басшының немесе уәкілетті тұлғаның бұйрығымен жария тыңдаулардың төрағасы (бұдан әрі – Төраға) және хаттама жүргізетін жария тыңдаулардың хатшысы тағайындалады.";
мынадай мазмұндағы 58-1 тармақпен толықтырылсын:
"58-1. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану сатып алу порталы арқылы жүргізіледі.
Портал арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың екі кезеңдік рәсімдері мынадай рәсімдерді қамтиды:
1) қазақстандық тауар өндірушілер арасындағы конкурс;
2) конкурс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы берген Индустриялық сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге де әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.".
5. "Суаратын суды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 101-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36208 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Суаратын суды пайдалану қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) суды есепке алу аспабы – реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынуды коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) заңды тұлғалар үшін:
осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өтініш;
су тұтынушының тұтынатын қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және бұрын қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін объектіні қосуға, бұрын қосылмаған объектіні желілерге қосуға, сыртқы жабдықтау схемасын өзгертуге арналған техникалық шарттар (жаңа суарау алаңдары немесе су пайдаланушы үшін);
құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелер (салыстыру үшін түпнұсқалар):
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы мәлімет немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, пайдалану, несие, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;
басшыны тағайындау (лауазымға кірісу) туралы бұйрықтың көшірмесі;
жарғы немесе құрылтай құжаттарына соңғы енгізілген өзгерістер туралы мәлметтің көшірмесі;
заңды тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және сенімхат;
жеке деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісім;
банктік деректемелері;
алдыңғы шарт (бар болған жағдайда) бойынша қызметтердің құнын толық төлеу туралы төлем құжаттары.
2) жеке тұлғалар үшін:
осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өтініш;
су тұтынушының тұтынатын қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және бұрын қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін объектіні қосуға, бұрын қосылмаған объектіні желілерге қосуға, сыртқы жабдықтау схемасын өзгертуге арналған техникалық шарттар (жаңа суарау алаңдары немесе су пайдаланушы үшін);
құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелер (түпнұсқалар салыстыру үшін):
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы мәлімет немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жер актісі, пайдалану, несие, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);
дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарламаның көшірмесі;
жеке тұлғаның немесе жеке тұлғаның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және сенімхат;
жеке деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісім;
алдыңғы шарт (бар болған жағдайда) бойынша қызметтердің құнын толық төлеу туралы төлем құжаттары.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Су тұтынушының суаратын суды өз бетінше пайдалануына жол берілмейді. Тұтынушы өз бетінше су пайдалану кезінде нақты дақылға егіс алаңы мен су тұтынудың үлестік нормалары бойынша көлемін ескере және бекітілген тариф бойынша – 2 коэффициентін қолдана отырып, есептелген соманы төлейді.";
1-қосымша осы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымшаға сәйкес мындай редакцияда жазылсын.
Шарт жасасуға өтініш
Сізден _____________ каналының (каналдың атауы) километрінен/пикетінен, ___________су бөлу нүктесінен, мынадай ___________________ ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін _________ текше метр көлемінде, жалпы алаң _________ гектар суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтері бойынша шарт жасасуыңызды сұраймын.
__________________ (күні)
__________________(қолы)