Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 22 мамырдағы № 26 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 маусымда № 36312 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және Ұлттық пошта операторы есептілігінің тізбесі;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес банктік шоттың (салымның) иесі туралы есептің нысаны;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес банктік шот (салым) шарты туралы есептің нысаны;

      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес банктік шот туралы есептің нысаны;

      5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес банктік шот бойынша операциялар туралы есептің нысаны;

      6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:

      1) осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген есептілікті – банктік шоттың (салымның) иесі туралы деректерді алған немесе өзгерткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      2) осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген есептілікті – банктік шот (салым) шарты туралы деректерді алған немесе өзгерткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      3) осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген есептілікті – банктік шот туралы деректерді алған немесе өзгерткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      4) осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ай сайын ұсынады.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 22 мамырдағы
№ 26 Қаулыға 1-қосымша

Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және Ұлттық пошта операторы есептілігінің тізбесі

      Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының есептілігіне мыналар кіреді:

      1) банктік шоттың (салымның) иесі туралы есеп;

      2) банктік шот (салым) шарты туралы есеп;

      3) банктік шот туралы есеп;

      4) банктік шот бойынша операциялар туралы есеп.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 22 мамырдағы
№ 26 Қаулыға 2-қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
  нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Банктік шоттың (салымның) иесі туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: DR_OBA1

      Кезеңділігі: банктік шоттың (салымның) иесі туралы деректердің алынуына немесе өзгертілуіне қарай

      Есепті кезеңі: 20___жылғы "___" ____________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және Ұлттық пошта операторы (бұдан әрі – депозиттік ұйым).

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: банктік шоттың (салымның) иесі туралы деректерді алған немесе өзгерткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:

      Жинау әдісі: электрондық түрде.

Көрсеткіштің атауы

Мәні

1

Банктік шоттың (салымның) иесін сәйкестендіргіш:


1.1

сәйкестендіру нөмірінің түрі


1.2

сәйкестендіру нөмірі


2

Жеке тұлға белгісі


3

Қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер белгісі


4

Туған жылы


5

Жынысы


6

Резиденттік белгісі


7

Азаматтық (тіркелу) елі


8

Облысы немесе республикалық маңызы бар қала


9

Экономика секторы


10

Депозиттік ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты болу белгісі


11

Есепті күні


      Атауы _______________________________________________________

      Мекенжайы __________________________________________________

      Телефоны _________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________

      Орындаушы _____________________________________ ____________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ____________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні 20__ жылғы "__" ______________

      Ескертпе: нысан "Банктік шоттың (салымның) иесі туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Банктік шоттың (салымның)
иесі туралы есеп" әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанына
қосымша

Банктік шоттың (салымның) иесі туралы есеп (индексі – DR_OBA1, кезеңділігі – банктік шоттың (салымның) иесі туралы деректердің алынуына немесе өзгертілуіне қарай)

әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде (бұдан әрі – Түсіндірме) "Банктік шоттың (салымның) иесі туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысанға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті және оның құрамына енгізілген әрбір жеке есепті (бұдан әрі – есептілік) ұсынатын екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының (бұдан әрі – депозиттік ұйым) басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген өзге де адам қол қояды.

      3. Түсіндірмеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ақпаратты жаңарту – депозиттік ұйым бұрын берілген мәліметтер мен ақпаратты өзгерту және (немесе) толықтыру фактісін анықтаған кезде өзекті мәліметтер мен ақпаратты ұсыну;

      2) балама сәйкестендіру нөмірі (БаСН) – "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қалыптастырылған жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда депозиттік ұйымдағы банктік шоттың (салымның) иесін сәйкестендіретін код;

      3) дербес деректер көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірі (ДСН) – жеке тұлғаның және (немесе) жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкердің ақпаратты криптографиялық қорғау талаптарына жауап беретін жеке сәйкестендіру нөмірін криптографиялық қайта құру нәтижесі;

      4) есепті күн – сол күнгі жағдай бойынша депозиттік ұйым Ұлттық Банкке ұсынылатын есептіліктегі мәліметтерді есепке алған күн;

      5) салым – ислам банкіндегі банктік салым немесе депозит.

      4. Нысанды толтыру кезінде кодтар белгіленген форматтағы көрсеткіштер түрінде банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті жинауға арналған, ол арқылы Нысан ұсынылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (ҚРҰБ АЖ) орналастырылған анықтамалықтардың (бұдан әрі – анықтамалықтар) кодтарына сәйкес көрсетіледі.

      Нысандағы күндер: "КК.АА.ЖЖЖЖ" форматында көрсетіледі, мұнда "КК" – күн, "АА" – ай, "ЖЖЖЖ" – жыл.

      5. Егер Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмесе, Нысанның көрсеткіштері толтырылуы міндетті.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанды толтыру кезінде мынадай анықтамалықтар пайдаланылады:

      Сәйкестендіру нөмірінің түрі;

      Жынысы;

      Резиденттік белгісі;

      Елдер;

      Облыстар және республикалық маңызы бар қалалар;

      Экономика секторының коды.

      7. Нысанда Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті, жеке тұлға, оның ішінде жеке немесе бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға, халықаралық қаржы ұйымы, заңды тұлға құрмайтын ұйым (бұдан әрі – заңды тұлға) болып табылатын банктік шоттың (салымның) иесі (бұдан әрі – шот иесі) туралы мәліметтер көрсетіледі.

      8. Белгілі бір көрсеткіш бойынша деректер өзгерген кезде тиісті ақпарат есепті күні жаңартылуға тиіс.

      9. 1.1, 5, 6, 7, 9-жолдардағы көрсеткіштер толтырылуы міндетті, мәндер анықтамалықтардан таңдалады.

      10. 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-жолдарда шоттың бір иесіне бір өзекті мәннен артық емес сәйкес келеді.

      11. 1.1 және 1.2-жолдарда шот иесін сәйкестендіргіштің көрсеткіштерін толтыру кезінде сәйкестендіру нөмірінің түрі және сәйкестендіру нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.

      Жеке тұлғалар, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар дара кәсіпкерлер болып табылатын шот иелері үшін 1-жолда ДСН міндетті түрде көрсетіледі. Жеке тұлғаның ЖСН-і болмаған жағдайда БаСН көрсетіледі.

      Заңды тұлғалар немесе бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер болып табылатын шот иелері үшін міндетті түрде бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) не ол болмаған жағдайда БаСН көрсетіледі.

      Депозиттік ұйымда оның ЖСН немесе БСН бар екендігі туралы ақпарат бар шот иесінің БаСН ғана көрсетуге болмайды.

      Шот иесі БаСН коды бойынша депозиттік ұйымның ақпараттық жүйелерінде бастапқы сәйкестендірілгеннен кейін ЖСН немесе БСН алған кезде олардың депозиттік ұйымның ақпараттық жүйелерінде өзара байланыстылығын қамтамасыз ету үшін екі сәйкестендіргішті (БСН-мен немесе ДСН-мен бірге БаСН) бір мезгілде көрсетуге болады.

      12. Жеке тұлға немесе жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер болып табылатын шот иесі бойынша 2-жолда міндетті түрде "1" мәні көрсетіледі.

      13. Бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер болып табылатын шот иесі бойынша 3-жолда міндетті түрде "1" мәні көрсетіледі.

      14. 4 және 5-жолдарда көрсеткіштер жеке тұлға немесе жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер болып табылатын ЖСН бар және 1-жолда ДСН сәйкестендіргіші көрсетілген шот иесі үшін толтырылуы міндетті.

      15. 6-жолда Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шот иесі бойынша "1" мәні, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын шот иесі бойынша "2" мәні көрсетіледі.

      Шот иесінің резиденттігі "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3 және 4-тармақтары негізінде айқындалады.

      16. 7-жолда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары" ұлттық жіктеуішіне сәйкес азаматтық (тіркелу) елінің коды көрсетіледі.

      "Азаматтық (тіркелу) елі" деген көрсеткіш шот иесінің резиденттік белгісіне сәйкес айқындалады. "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға алынған рұқсат негізінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркелу елі ретінде "Қазақстан" көрсетіледі.

      17. 8-жолда заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу немесе жеке тұлға үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелу мекенжайына не көрсетілген ақпарат болмаған кезде банктік шотты (салымды) ашу кезінде көрсетілген шот иесінің орналасқан жеріне сәйкес келетін "Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші" ұлттық жіктеуішіне сәйкес облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың коды көрсетіледі.

      18. 9-жолда "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес экономика секторының коды көрсетіледі.

      19. 10-жолда депозиттік ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қатысты шот иесі бойынша міндетті түрде "1" мәні көрсетіледі.

      Депозиттік ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес айқындалады.

      20. 11-жолда шот иесі туралы мәліметтер ескерілген күн міндетті түрде көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 22 мамырдағы
№ 26 Қаулыға 3-қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Банктік шот (салым) шарты туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: DR_ABA1

      Кезеңділігі: банктік шот (салым) шарты туралы деректердің алынуына немесе өзгертілуіне қарай.

      Есепті кезеңі: 20__жылғы "___"________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және Ұлттық пошта операторы (бұдан әрі – депозиттік ұйым).

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: банктік шот (салым) шарты туралы деректерді алған немесе өзгерткен күннен бастап 10 ( он) жұмыс күні ішінде.

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:

      Жинау әдісі: электрондық түрде.

Көрсеткіштің атауы

Мәні

1

Банктік шоттың (салымның) иесін сәйкестендіргіш:


1.1

сәйкестендіру нөмірінің түрі


1.2

сәйкестендіру нөмірі


2

Дара кәсіпкердің белгісі


3

Банктік шот (салым) шарты бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


3.1

банктік шот (салым) шартының нөмірі


3.2

банктік шот (салым) шартын жасасу күні


4

Банктік шот (салым) шартында көзделген талаптар:


4.1

Банктік шот (салым) түрі


4.2

"Мультивалюталық" белгісі


4.3

Салымды толықтыру құқығы болуы


4.4

Ақшаны ішінара алу құқығы болуы


4.5

Депозиттің барлық сомасын (бір бөлігін) мерзімінен бұрын алу талабы


5

Банктік шот (салым) шартының талаптары бойынша салымның мерзімі аяқталу күні


6

Салым мерзімі


7

Банктік шот (салым) шартының мерзімін ұзарту күні


8

Банктік шот (салым) шартын жабудың нақты күні


9

Делдал қызметтері арқылы жеке тұлғалардың депозиттерін тарту


10

Банктік шотқа (салымға) қызмет көрсететін филиал


11

Есепті күн


      Атауы __________________________________________________________

      Мекенжайы _____________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы ____________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ___________________________________________ ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні 20__ жылғы "__" ______________

      Ескертпе: нысан "Банктік шот (салым) шарты туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Банктік шот (салым) шарты
туралы есеп" әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанына
қосымша

Банктік шот (салым) шарты туралы есеп (индексі – DR_ABA1, кезеңділігі – банктік шот (салым) шарты туралы деректердің алынуына немесе өзгертілуіне қарай) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде (бұдан әрі – Түсіндірме) "Банктік шот (салым) шарты туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысанға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті және оның құрамына енгізілген әрбір жеке есепті (бұдан әрі – есептілік) ұсынатын екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының (бұдан әрі – депозиттік ұйым) басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген өзге де адам қол қояды.

      3. Түсіндірмеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ақпаратты жаңарту – депозиттік ұйым бұрын берілген мәліметтер мен ақпаратты өзгерту және (немесе) толықтыру фактісін анықтаған кезде өзекті мәліметтер мен ақпаратты ұсыну;

      2) депозиттік тіркелім – депозиттік ұйымдар Ұлттық Банкке ұсынатын ақпарат қамтылатын банктік шоттар (салымдар) бойынша электрондық дерекқор;

      3) есепті күн – сол күнгі жағдай бойынша депозиттік ұйым Ұлттық Банкке ұсынылатын есептіліктегі мәліметтерді есепке алған күн;

      4) салым – ислам банкіндегі банктік салым немесе депозит.

      4. Нысанды толтыру кезінде кодтар Нысан ұсынылатын белгіленген форматтағы көрсеткіштер түріндегі банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті жинауға арналған Ұлттық Банктің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтардың (бұдан әрі – анықтамалықтар) кодтарына сәйкес көрсетіледі.

      Нысандағы күндер "КК.АА.ЖЖЖЖ" форматында көрсетіледі, мұнда "КК" – күн, "АА" – ай, "ЖЖЖЖ" – жыл.

      5. Егер Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмесе, Нысаның көрсеткіштері толтырылуы міндетті.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанды толтыру кезінде мына анықтамалықтар пайдаланылады:

      Сәйкестендіру нөмірінің түрі;

      Шоттың (салымның) түрі;

      Салымды мерзімінен бұрын алу талаптары;

      Салым тартудағы делдалдар;

      Респонденттің филиалдары.

      7. Нысанда депозиттік ұйымның банктік шот (салым) иесімен (бұдан әрі – шот иесі) олардың арасында банктік шот (салым) шартына орай және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптасқан барлық өзара қарым-қатынастары туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Мәліметтер есепті кезеңде жасалған және (немесе) есепті кезеңде қолданыста болған немесе қолданылуы тоқтатылған барлық банктік шоттар (салымдар) шарттары бойынша беріледі.

      8. Белгілі бір көрсеткіш бойынша мәліметтер өзгерген кезде тиісті ақпарат есепті күні жаңартылуы тиіс.

      9. Банктік шот (салым) шартының ҚРҰБ АЖ-дағы және депозиттік тіркелімдегі шот иесімен байланысы шот иесінің сәйкестендіргіші бойынша белгіленеді.

      Шот иесінің сәйкестендіргіші өзгерген жағдайда, 1.1 және 1.2-жолдарда міндетті тәртіпте шот иесінің жаңартылған сәйкестендіргіші көрсетіледі.

      10. 1.1, 4.1, 9, 10-жолдарда мәндер анықтамалықтардан таңдап алынады.

      11. 1-жолда бір шот иесі бойынша сәйкестендіргіштердің бірнеше жаңартылған мәндерін бір мезгілде көрсетуге рұқсат етіледі.

      12. 2-жолда егер банктік шот (салым) шарты жеке немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында дара кәсіпкермен жасалса, "1" мәні көрсетіледі. Шоттың бір иесіне және банктік шоттың (салымның) бір шартына 2-жолдағы көрсеткіштің бірден аспайтын жаңартылған мәні сәйкес келеді.

      13. 3.1 және 3.2-жолдарда депозиттік ұйым шот иесі мен депозиттік ұйым арасында жасалған банктік шот (салым) шартын біркелкі сәйкестендіретін көрсеткіштерді көрсетуді қамтамасыз етеді.

      "Банктік шот (салым) шартының нөмірі", "шот (салым) шартын жасасу күні" көрсеткіштері ҚРҰБ АЖ-дағы және депозиттік тіркелімдегі банктік шот (салым) шартының сәйкестендіргіштері болып табылады, олардың үйлесімі банктік шот (салым) шарты туралы мәліметтерді ұсынған депозиттік ұйым үшін бірегей болуы және банктік шот (салым) шартының қолданылу кезеңі ішінде өзгертілмейтін болуы тиіс.

      Егер депозиттік ұйымның ішкі құжаттарында депозиттік ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінде банктік шот (салым) шартына сәйкестендіру нөмірін беру көзделсе, онда мұндай сәйкестендіру нөмірін банктік шот (салым) шартының нөмірі ретінде беруге рұқсат етіледі.

      Дебеттік төлем карточкалары төлем карточкаларын беру туралы жалпы шарт шеңберінде бір ұстаушыға берілген жағдайда, "банктік шот (салым) шартының нөмірі" көрсеткіші бойынша төлем карточкаларын беру туралы жалпы шарттың нөмірін және оларды бөлу үшін "/" белгісін пайдалана отырып, дебеттік төлем карточкасының нөмірін көрсетуге рұқсат етіледі.

      Банктік шот (салым) шартының күні банктік шот (салым) шартының талаптары бойынша жабу күнінен, шотты (салымды) жабудың нақты күнінен немесе есепті күннен кеш болмауы тиіс.

      14. 4.1, 4.2, 4.3, 4.4, 4.5, 5, 6, 7, 9, 10-жолдарда бір банктік шот (салым) шартына бірден артық емес жаңартылған мән сәйкес келеді.

      15. 4.1-жолда қосымша келісімдерді ескере отырып, банктік шот (салым) шартына сәйкес көрсетілетін және өзгертілетін банктік шоттың (салымның) түрі міндетті түрде көрсетіледі.

      4.1-жолды толтыру үшін қолданылатын анықтамалықта "Инвестициялық депозиттер" деген 06 анықтамалығының мәні ислам банктеріне арналған.

      Қосымша келісімдерді ескере отырып, банктік шот (салым) шартының талаптары бойынша банктік шоттың (салымның) түрі өзгерген кезде тиісті ақпарат жаңартылуға жатады.

      Банктік шот (салым) шартының мерзімі өткен және шот иесі салымды талап етпеген мерзімді және жинақ салымдары үшін 4.1-жолда мына талаптардың ең болмағанда біреуін орындаған кезде "талап етілгенге дейінгі салымдар" банктік шотының түрі көрсетіледі:

      1) банктік шоттың (салымның) иесінде салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек бар және банктік шотында мемлекеттік кірістер органдары ұсынған шектеулер (инкассалық өкімдер, шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы қаулылар) бар;

      2) банктік шотқа (салымға) үшінші тұлғалардың банктік шоттан ақшаны алу және (немесе) банктік шоттағы ақшаға тыйым салу туралы талаптары қойылған;

      3) банк осы салымның мерзімін "талап етілгенге дейінгі салым" талаптарымен мерзімін ұзартады;

      4) банк салым мерзімі өтуі бойынша сыйақы есептемейді.

      16. 4.2-жолда егер банктік шот (салым) шартында қаражатты екі және одан да көп валютада орналастыру көзделсе, "1" мәні міндетті түрде көрсетіледі.

      17. 4.3-жолда талаптарында толықтыру құқығы көзделетін банктік шоттар (салымдар) шарттары бойынша міндетті түрде "1" мәні көрсетіледі. Ағымдағы шоттар мен талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша көрсеткіш толтырылмайды.

      18. 4.4-жолда талаптарында ақшаны ішінара алу құқығы көзделетін банктік шоттар (салымдар) шарттары бойынша міндетті түрде "1" мәні көрсетіледі. Ағымдағы шоттар мен талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша көрсеткіш толтырылмайды.

      19. 4.5-жол салым сомасының барлығын немесе бір бөлігін мерзімінен бұрын алғаны үшін айыппұлдар бойынша талаптар көзделген жинақ салымдары мен мерзімді салымдар үшін толтырылуы міндетті.

      Салым сомасының барлығын немесе бір бөлігін мерзімінен бұрын алғаны үшін айыппұлдар бойынша банктік шот (салым) шартының талаптары өзгерген кезде тиісті ақпарат жаңартылуға жатады.

      Егер банктік шот (салым) шартының талаптарында салым сомасының барлығын немесе бір бөлігін мерзімінен бұрын алудың сараланған талаптарын қолдану көзделсе, онда салым сомасының барлығын немесе бір бөлігін мерзімінен бұрын алғаны үшін ең төменгі айыппұлдар бойынша талаптар көрсетіледі.

      Ағымдағы шоттар, талап етілгенге дейінгі салымдар және инвестициялық депозиттер бойынша көрсеткіш толтырылмайды.

      Шот (салым) бойынша депозиттің барлық сомасын (бір бөлігін) мерзімінен бұрын алғаны үшін айыппұл талаптары болмаған жағдайда, көрсеткіш толтырылмайды.

      20. 5-жол қосымша келісімдерді ескере отырып, банктік шот (салым) шартының мерзімі аяқталуының жаңартылған күнін көрсетуге арналған.

      Банктік шот (салым) шартының аяқталу күнін көрсету мерзімді салымдар, жинақ салымдары мен инвестициялық депозиттер үшін міндетті болып табылады. Өзге жағдайларда көрсеткіш болған кезде көрсетіледі.

      Банктік шот (салым) шартының талаптары бойынша салым мерзімінің аяқталу күні банктік шот (салым) шартын жасасу күнінен ерте немесе бірдей болмауы тиіс.

      Банктік шот (салым) шартының талаптары бойынша салым мерзімінің аяқталу күні өзгерген кезде тиісті ақпарат жаңартылуға жатады.

      21. 6-жолда салым мерзімі қосымша келісімдерді ескере отырып, банктік шот (салым) шартының талаптарына қарай айлармен көрсетіледі. Мерзімі күндермен есептелетін салымдар айлық мәнге келтіріледі. Айлық мәнді есептеу депозиттік ұйымның есеп саясатына сәйкес жүргізіледі.

      Салым мерзімі үтірден кейін 2 (екі) таңбамен көрсетіледі. Егер салым мерзімін есептеу кезінде алынған сан жүзден бір таңбадан көп болса, ол мынадай түрде жүзден бір үлеске дейін дөңгелектеуге жатады:

      егер мыңдық үлес 5 (бестен) көп немесе оған тең болса, жүздік үлес 1 (бірге) ұлғаяды, одан кейінгі барлық таңба алып тасталады;

      егер мыңдық үлес 5 (бестен) кем болса, жүздік үлес өзгеріссіз қалады, одан кейінгі барлық таңба алып тасталады.

      Салым мерзiмiн көрсету мерзiмдi салымдар, жинақ салымдары және инвестициялық депозиттер үшiн мiндеттi болып табылады. Өзге жағдайларда көрсеткіш болған кезде көрсетіледі.

      22. 7-жолда банктік шот (салым) шартының мерзімін ұзарту күні көрсетіледі. Мерзімін ұзарту фактілері болмаған жағдайда, көрсеткіш толтырылмайды.

      Банктік шот (салым) шартының мерзімін ұзарту күні банктік шот (салым) шарты жасалған күннен ерте және есепті күннен кеш болмауы тиіс.

      23. 8-жолда банктік шот (салым) шартын жабудың нақты күні көрсетіледі.

      Банктік шот (салым) шартын жабудың нақты күні есепті күнге ұқсас банктік шот (салым) шартын жасасқан күннен ерте немесе есепті күннен кеш болмауы тиіс.

      24. 9-жолда делдалдың қызметтерін пайдалана отырып, жеке тұлғалармен жасалған банктік салым шарттары үшін көрсеткіш толтыру үшін міндетті. Делдалдардың түрлері анықтамалықтан мәнді таңдау арқылы көрсетіледі.

      25. 10-жолда банктік шотқа (салым) қызмет көрсетілетін депозиттік ұйымның өңірлік бөлімшесінің (филиалының) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі. Егер шотқа қызмет көрсету депозиттік ұйымның бас ұйымы орналасқан жері бойынша жүзеге асырылса, депозиттік ұйымның БСН көрсетіледі.

      Респонденттер филиалдарының анықтамалығы депозиттік ұйым ұсынған өз филиалдары туралы мәліметтер негізінде қалыптастырылады және осы мәліметтер түсуіне қарай жаңартылады.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 22 мамырдағы
№ 26 Қаулыға 4-қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Банктік шот туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: DR_BA1

      Кезеңділігі: банктік шот туралы деректердің алынуына немесе өзгертілуіне қарай.

      Есепті кезеңі: 20__ жылғы "______" ________________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және Ұлттық пошта операторы (бұдан әрі – депозиттік ұйым).

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: банктік шот туралы деректерді алған немесе өзгерткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:

      Жинау әдісі: электрондық түрде

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

Банктік шот (салым) шарты бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


1.1

банктік шот (салым) шартының нөмірі


1.2

банктік шот (салым) шартын жасаған күні


2

Банктік шоттың референсі


3

Валюта түрі


4

Банктік шот бойынша жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі:


4.1

мөлшерлеме түрі


4.2

өзгермелі мөлшерлеме индексінің атауы


4.3

мөлшерлеме мөлшері


4.4

өзгермелі мөлшерлеменің тіркелген спреді мөлшері


5

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі


6.

Шотты ашу не шарт талаптары өзгерген кезде есепке алынатын шот валютасындағы қалдық сомасы


7

Шот ашу не шарт талаптары өзгерген кезде шотта ескерілетін теңгедегі (теңгемен баламалы) қалдық сомасы


8

Банктік шоттың нысаналы мақсаты


9

Банктік шотты жабудың нақты күні


10

Есепті күн


      Атауы _________________________________________________________

      Мекенжайы ____________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы ___________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      _______________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні 20__ жылғы "___" ______________

      Ескертпе: нысан "Банктік шот туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады

  "Банктік шот туралы есеп"
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанына қосымша

Банктік шот туралы есеп (индексі - DR_BA1, кезеңділігі - банктік шот туралы деректердің алынуына немесе өзгертілуіне қарай)

әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде (бұдан әрі – Түсіндірме) "Банктік шот туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысанға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті және оның құрамына енгізілген әрбір жеке есепті (бұдан әрі – есептілік) ұсынатын екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының (бұдан әрі – депозиттік ұйым) басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген өзге де адам қол қояды.

      3. Түсіндірмеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ақпаратты жаңарту – депозиттік ұйым бұрын берілген мәліметтер мен ақпаратты өзгерту және (немесе) толықтыру фактісін анықтаған кезде өзекті мәліметтер мен ақпаратты ұсыну;

      2) депозиттік тіркелім – депозиттік ұйымдар Ұлттық Банкке ұсынатын ақпарат қамтылатын банктік шоттар (салымдар) бойынша электрондық дерекқор;

      3) есепті күн – сол күнгі жағдай бойынша депозиттік ұйым Ұлттық Банкке ұсынылатын есептіліктегі мәліметтерді есепке алған күн;

      4) салым – ислам банкіндегі банктік салым немесе депозит.

      4. Егер көрсеткіштің атауында басқа валютадағы құнды көрсету көзделмесе, Нысандағы құндық көрсеткіштер үтірден кейін 2 (екі) таңбасы бар сан форматында, теңгемен (теңге баламасында) көрсетіледі.

      Банктік шоттар бойынша сыйақы мөлшерлемесі үтірден кейін 1 (бір) таңбамен көрсетілетін (дөңгелектеуді ескере отырып) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін қоспағанда, үтірден кейін көрсетілген 2 (екі) таңбасы бар (дөңгелектеуді ескере отырып) сан форматында жылдық пайыздық мөлшерлемесі түрінде көрсетіледі.

      Санның бөлшек бөлігін талап етілетін форматқа дейін дөңгелектеу мынадай түрде жүзеге асырылады:

      егер дөңгелектенетін үлес 5 (бестен) көп немесе оған тең болса, бөлшек бөліктің алдыңғы разряды 1 (біреуге) ұлғаяды, одан кейінгі барлық мәндер алынып тасталады;

      егер дөңгелектенетін үлес 5 (бестен) кем болса, бөлшек бөліктің алдыңғы разряды өзгеріссіз қалады, одан кейінгі барлық мәндер алынып тасталады.

      5. Нысанды толтыру кезінде кодтар Нысан ұсынылатын белгіленген форматтағы көрсеткіштер түріндегі банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ҚРҰБ АЖ) орналастырылған анықтамалықтардың (бұдан әрі – анықтамалықтар) кодтарына сәйкес көрсетіледі.

      Нысандағы күндер: "КК.АА.ЖЖЖЖ." форматында көрсетіледі, мұнда "КК" – күн, "АА" – ай, "ЖЖЖЖЖ" – жыл.

      6. Егер Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмесе, Нысанның көрсеткіштері толтырылуы міндетті.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      7. Нысанды толтыру кезінде мынадай анықтамалықтар пайдаланылады:

      Валюта түрі;

      Мөлшерлеменің түрі;

      Өзгермелі мөлшерлеме индексінің атауы;

      Банктік шоттың нысаналы мақсаты.

      8. Банктік шоттың ҚРҰБ АЖ-дағы және депозиттік тіркелімдегі банктік шот (салым) шартымен байланысы банктік шот (салым) шартының нөмірі және жасалған күні бойынша белгіленеді.

      9. Белгілі бір көрсеткіш бойынша мәліметтер өзгерген кезде тиісті ақпарат есепті күні жаңартылуы тиіс.

      10. 1-жолда банктік шот (салым) шартының нөмірі мен жасалған күні көрсетіледі.

      Депозиттік ұйым Нысандағы банктік шот (салым) шартының нөмірі мен жасалған күнінің Банктік шот (салым) шарты туралы есепте көрсетілген банктік шот (салым) шартының нөмірі мен жасалған күніне сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      Бір банктік шот (салым) шарты бірнеше банктік шоттармен байланысты болуы мүмкін. Банктік шоттың бірнеше банктік шот (салым) шартымен байланысты болуына жол берілмейді.

      11. 2-жолда ҚРҰБ АЖ-да және депозиттік тіркелімде банктік шоттың сәйкестендіргіші болып табылатын банктік шоттың референсі көрсетіледі.

      Инвестициялық депозиттер бойынша банктік шоттың референсі ретінде депозиттік ұйым өзінің банктік ақпараттық жүйелерінде инвестициялық депозитті сәйкестендіру үшін пайдаланатын бірегей коды көрсетіледі.

      Депозиттік ұйым осы депозиттік ұйымда қызмет көрсетудің барлық кезеңдері үшін банктік шот референсінің не инвестициялық депозиттің бірегейлігі мен өзгермейтіндігін қамтамасыз етеді.

      12. 3, 4.1, 4.2, 8-жолдарда мәндер анықтамалықтардан таңдап алынады.

      13. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-жолдарда бір банктік шотқа бір ғана өзекті мән сәйкес келеді.

      14. 4.1, 4.2, 4.3, 4.4, 5-жолдар инвестициялық депозиттер бойынша толтырылмайды.

      15. 3-жолда анықтамалықтан мәнді таңдап алу арқылы міндетті түрде банктік шот валютасының түрі көрсетіледі.

      16. 4.1-жолда мөлшерлеменің түрі көрсетіледі. Көрсеткіш банктік шот (салым) шартының талаптарына сәйкес сыйақы есептелетін банктік шот бойынша толтыру үшін міндетті.

      17. 4.2 және 4.4-жолдарда өзгермелі индекстің атауын және өзгермелі мөлшерлеменің тіркелген спредін көрсету банктік шот (салым) шартының талаптарына сәйкес сыйақы есептелетін банктік шот үшін міндетті болып табылады.

      18. 4.3-жолда банктік шот (салым) шартының талаптарына сәйкес сыйақы есептелетін банктік шот үшін мөлшерлеме мөлшерін көрсету міндетті болып табылады.

      19. 5-жолда сенімді жылдық тиімді салыстырмалы есептеуде сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін көрсету банктік шот (салым) шартының талаптарына сәйкес сыйақы есептелетін банктік шот үшін міндетті болып табылады.

      20. 6 және 7-жолдарда банктік шоттағы ақша қалдығының сомасы оны ашқан кезде, банктік шот (салым) шартын ұзартқан кезде және банктік шот (салым) шартының талаптарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі өзгерген кезде тиісінше көрсетіледі. Сома банктік шотты кейіннен толықтыруды есепке алмай көрсетіледі.

      Жаңа банктік шот ашуға алып келген тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы шеңберінде салымдарды басқаға беру және бөлу операциялары бойынша ашылған банктік шоттар бойынша салымдарды басқаға беру немесе бөлу сәтіндегі шоттың сомасы көрсетіледі.

      Металл шот үшін орналастырылған металдың көлемі унциямен көрсетіледі.

      Егер банктік шоты ақша салмай ашылса, онда шоттың сомасы "0" ретінде көрсетіледі.

      6-жол ұлттық валютадағы салымдар үшін толтырылмайды

      7-жолда шетел валютасындағы салым бойынша ұлттық валютадағы соманың баламасы көрсетіледі; ұлттық валютадағы салым бойынша ұлттық валютадағы сома көрсетіледі.

      7-жол бойынша сома шетел валютасымен операция жүргізілген күніне көрсетіледі.

      6 және 7-жолдар ағымдағы шоттар бойынша, сондай-ақ банктік шотты (салымды) ашу, ұзарту немесе банктік шот (салым) шартының талаптарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесін өзгерту күндері 2025 жылғы 1 қаңтардан бұрын болған шоттар (салымдар) бойынша толтырылмайды.

      21. 8-жол банктік шотта анықтамалықта көрсетілген нысаналы мақсаты болған кезде толтырылады.

      22. 9-жолда нақты шот жабылатын күні көрсетіледі.

      Нақты шот жабылатын күні банктік шот (салым) шарты жасалған күннен бұрын, есепті күннен кеш немесе соған ұқсас, банктік шот (салым) шарты жабылған күннен кеш болмауы тиіс.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 22 мамырдағы
№ 26 Қаулыға 5-қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Банктік шот бойынша операциялар туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: DR_BAT1

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: 20__ жылғы "01" ________________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және Ұлттық пошта операторы (бұдан әрі – депозиттік ұйым).

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын.

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:

      Жинау әдісі: электрондық түрде

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

Банктік шоттың референсі


2

Есепті кезеңдегі түсімдер, теңгемен


2.1

Есепті кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы


2.2

Салымды ұзартқаннан кейін шотқа түскен түсімдер сомасы


2.3

Сыйақы мөлшерлемесі өзгергеннен кейінгі шотқа түскен түсім сомасы


2.4

Капиталдандырылған сыйақы сомасы


3

Есепті кезеңдегі шығынға жазу, теңгемен


3.1

Есепті кезеңдегі шығынға жазудың жалпы сомасы


3.2

Мерзімге сәйкес шотты (салымды) өтеу сомасы


3.3

Шотты (салымды) мерзімінен бұрын өтеу сомасы


4

Есепті кезеңнің соңындағы шоттың негізгі сомасының қалдығы, теңгемен/валютамен:


4.1

Баланстық шоттың нөмірі


4.2

Сомасы (теңгемен)


4.3

Сомасы (валютамен)


5

Есептi кезеңнің соңындағы есептелген сыйақы қалдығы, теңгемен/валютамен:


5.1

Баланстық шоттың нөмірі


5.2

Сомасы (теңгемен)


5.3

Сомасы (валютамен)


6

Сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруін ескере отырып, түсімдер сомасы бойынша мөлшерленген шот бойынша сыйақы мөлшерлемесі


7

Шот бойынша ауыртпалықтың болуы


8

Есепті күн


      Атауы _________________________________________________________

      Мекенжайы ____________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы ___________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      _______________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні 20__ жылғы "___" ______________

      Ескертпе: нысан "Банктік шот бойынша операциялар туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Банктік шот бойынша
операциялар туралы есеп"
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанына қосымша

Банктік шот бойынша операциялар туралы есеп (индексі – DR_BAT1, кезеңділігі – ай сайын)

әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде (бұдан әрі – Түсіндірме) "Банктік шот бойынша операциялар туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысанға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті және оның құрамына енгізілген әрбір жеке есепті (бұдан әрі – есептілік) ұсынатын екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының (бұдан әрі – депозиттік ұйым) басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген өзге де адам қол қояды.

      3. Түсіндірмеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ақпаратты жаңарту – депозиттік ұйым бұрын берілген мәліметтер мен ақпаратты өзгерту және (немесе) толықтыру фактісін анықтаған кезде өзекті мәліметтер мен ақпаратты ұсыну;

      2) депозиттік тіркелім – депозиттік ұйымдар Ұлттық Банкке ұсынатын ақпарат қамтылатын банктік шоттар (салымдар) бойынша электрондық дерекқор;

      3) есепті күн – сол күнгі жағдай бойынша депозиттік ұйым Ұлттық Банкке ұсынылатын есептіліктегі мәліметтерді есепке алған күн;

      4) салым – ислам банкіндегі банктік салым немесе депозит.

      4. Егер көрсеткіштің атауында басқа валютадағы құнды көрсету көзделмесе, Нысандағы құндық көрсеткіштер үтірден кейінгі 2 (екі) таңбалы сан форматында теңгемен (теңге баламасында) көрсетіледі.

      Шетел валютасындағы банктік шот бойынша есепті күнгі қалдық сомасы шетел валютасымен және теңге баламасында көрсетіледі.

      Шоттар (салымдар) бойынша сыйақы мөлшерлемелері дөңгелектеу ескеріле отырып, үтірден кейін 2 (екі) таңбаны көрсетіп, сан форматында жылдық пайыздық мөлшерлеме түрінде көрсетіледі.

      Санның бөлшек бөлігін қажетті форматқа дейін дөңгелектеу былай жүзеге асырылады:

      егер дөңгелектелген үлесі 5 (бестен) көп немесе оған тең болса, бөлшек бөлігінің алдыңғы разряды 1 (бірге) көбейеді, одан кейінгі барлық мәндер алып тасталады;

      егер дөңгелектелген үлесі 5 (бестен) аз болса, бөлшек бөлігінің алдыңғы разряды өзгеріссіз қалады, одан кейінгі барлық мәндер алып тасталады.

      5. Нысанды толтыру кезінде кодтар Нысан ұсынылатын белгіленген форматтағы көрсеткіштер түріндегі банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ҚРҰБ АЖ) орналастырылған анықтамалықтардың (бұдан әрі – анықтамалықтар) кодтарына сәйкес көрсетіледі.

      Нысандағы күндер: "КК.АА.ЖЖЖЖ" форматында көрсетіледі, мұнда "КК" – күн, "АА" – ай, "ЖЖЖЖ" – жыл.

      6. Егер Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмесе, Нысанның көрсеткіштері толтырылуы міндетті.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      7. Нысанды толтыру кезінде "Баланстық шоттар (DEPOSIT)" анықтамалығы пайдаланылады.

      8. Нысанда есепті кезеңдегі ақша қозғалысы туралы, депозиттік ұйымның банктік шоттар (салымдар) иелері (бұдан әрі – шот иесі) алдындағы міндеттемелерінің өзгергені және ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтер беріледі.

      Мәліметтер нөлдік қалдықтары және (немесе) нөлдік айналымдары бар банктік шоттарды қоса алғанда, есепті кезеңде ашылған және (немесе) есепті кезеңде қолданыста болған немесе қолданысын тоқтатқан барлық банктік шоттар бойынша ұсынылады.

      Нысанның көрсеткіштері бойынша мәліметтер есепті күні жаңартылуы тиіс.

      Депозиттік ұйым Нысанда көрсетілген банктік шот референсінің Банктік шот туралы есепте көрсетілген банктік шоттың референсіне сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      9. 1-жолда ҚРҰБ АЖ-да және депозиттік тіркелімде банктік шоттың сәйкестендіргіші болып табылатын банктік шоттың референсі көрсетіледі. Инвестициялық депозиттер бойынша банктік шоттың референсі ретінде депозиттік ұйым өзінің банктік ақпараттық жүйелерінде инвестициялық депозитті сәйкестендіру үшін пайдаланатын бірегей коды көрсетіледі.

      Депозиттік ұйым осы депозиттік ұйымда қызмет көрсетудің барлық кезеңдері үшін банктік шот референсінің не инвестициялық депозиттің бірегейлігі мен өзгермейтіндігін қамтамасыз етеді.

      10. 2.1-жолда түсімдердің жалпы сомасы, оның ішінде есепті айдағы шот бойынша капиталдандырылған сыйақы сомасы көрсетіледі. Бұл ретте берешекті өтеу мақсатында шот иесінің келісімінсіз бұрын есептен шығарылған шоттарға ақшаны қайтару көрсетілмейді.

      11. 2.3, 2.4, 6-жолдар инвестициялық депозиттер бойынша толтырылмайды.

      12. 2.2-жолда банктік салым шартының мерзімі ұзартылған сәтте болған банктік шоттағы сома есепке алынбай, салым мерзімі ұзартылған күннен кейінгі есепті ай үшін банктік шотқа түсімдер сомасы (капиталдандыруды қоспағанда) көрсетіледі.

      Есепті айда 1 (бір) реттен артық мерзімі ұзартылған салым бойынша (мерзімі қоса алғанда 1 (бір) айға дейінгі депозиттер) түсімдер сомасы мерзімін ұзарту сомасы есепке алынбай, есепті айда бірінші рет мерзімі ұзартылған күннен бастап көрсетіледі.

      13. 2.3-жолда сыйақы мөлшерлемесі өзгерген сәтте болған банктік шоттағы сома есепке алынбай, шот бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгерген күннен кейінгі есепті ай үшін банктік шотқа түсімдер сомасы (капиталдандыруды қоспағанда) көрсетіледі.

      Сыйақы мөлшерлемесі есепті айда 1 (бір) реттен артық өзгертілген шот бойынша түсімдер сомасы сыйақы мөлшерлемесі өзгерген сәтте болған шот сомасы есепке алынбай, есепті ай үшін сыйақы мөлшерлемесі бірінші өзгерген күннен бастап көрсетіледі.

      14. 2.2 және 2.3-жолдарда шотқа түсетін түсімдер сомасы бұрынғы оқиғаға сәйкес жолдардың біреуінде ғана көрсетілуі тиіс. Бір кезеңде сыйақы мөлшерлемесінің мерзімі ұзартылған және ол өзгерген жағдайда, түсімдер сомасы бұрынғы оқиғаға сәйкес келетін жол бойынша көрсетіледі.

      15. 2.4-жолда шот бойынша есепті ай үшін капиталдандырылған сыйақы сомасы көрсетіледі.

      16. 3.1-жолда есепті кезеңдегі шот бойынша шығынға жазудың жалпы сомасы көрсетіледі.

      17. 3.2-жолда Шарт мерзімінің аяқталуына байланысты есепті айда жабылған салымдарды өтеу сомасы көрсетіледі.

      18. 3.3-жолда есепті айда мерзімінен бұрын жабылған салымдарды өтеу сомасы көрсетіледі.

      Тұрғын үй құрылыс жинақтары шеңберінде ашылған салымдар үшін 3.3-жолдағы көрсеткішке салымдарды басқаға беру немесе біріктіру нәтижесінде ақшаны шығынға жазу енгізіледі.

      19. 3.2 және 3.3-жолдар шот (салым) шартының талаптары бойынша ағымдағы шоттар, талап етілгенге дейінгі салымдар және салым мерзімі аяқталған күні көрсетілмеген шартты салымдар бойынша толтырылмайды.

      20. 4.1 және 5.1-жолдарда анықтамалықтан мәнді таңдау арқылы есепті күнгі жағдай бойынша шоттың негізгі сомасы мен есептелген сыйақы қалдығының сомасы есепке алынатын депозиттік ұйым балансы шоттарының нөмірлері көрсетіледі.

      21. 4.2 және 4.3-жолдарда тиісті валютадағы шоттың негізгі сомасының қалдық сомасы көрсетіледі. 4.3-жол ұлттық валютадағы банктік шоттар үшін толтырылмайды.

      22. 5.2 және 5.3-жолдарда тиісті валютада есептелген сыйақы қалдығының сомасы көрсетіледі. 5.3-жол ұлттық валютадағы банктік шоттар үшін толтырылмайды.

      23. 6-жолда есепті кезеңдегі сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруі есепке алынып, шотқа нақты түсімдердің сомасы бойынша орташа өлшемді сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі. Есептеу үшін банктік шот (салым) шартында көрсетілген номиналды сыйақы мөлшерлемесі пайдаланылады.

      24. Егер банктік шотқа (салымға) қатысты уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шығарылған шешімдері және (немесе) өкімдері, үшінші тұлғалардың банктік шоттан ақша алу туралы талаптары болса және (немесе) оның банктік шотындағы ақшаға тыйым салынса, 7-жолда міндетті түрде "1" мәні көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 22 мамырдағы
№ 26 Қаулыға 6-қосымша

Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті ұсыну қағидалары

      1. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті ұсыну қағидалары (Бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының (бұдан әрі – депозиттік ұйым) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ақпаратты жаңарту – депозиттік ұйым бұрын берілген мәліметтер мен ақпаратты өзгерту және (немесе) толықтыру фактісін анықтаған кезде өзекті мәліметтер мен ақпаратты ұсыну;

      2) балама сәйкестендіру нөмірі (БаСН) – "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қалыптастырылған жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда депозиттік ұйымдағы банктік шоттың (салымның) иесін сәйкестендіретін код;

      3) депозиттік тіркелім – депозиттік ұйымдар Ұлттық Банкке ұсынатын ақпарат қамтылатын банктік шоттар (салымдар) бойынша электрондық дерекқор;

      4) дербес деректер көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірі (ДСН) – жеке тұлғаның және (немесе) жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкердің ақпаратты криптографиялық қорғау талаптарына жауап беретін жеке сәйкестендіру нөмірін криптографиялық қайта құру нәтижесі;

      5) есепті күн – сол күнгі жағдай бойынша депозиттік ұйым Ұлттық Банкке ұсынылатын есептіліктегі мәліметтерді есепке алған күн;

      6) салым – ислам банкіндегі банктік салым немесе депозит.

      3. Депозиттік ұйым Ұлттық Банкке белгіленген форматтағы көрсеткіштер түріндегі банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті жинауға арналған Ұлттық Банктің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚРҰБ АЖ) арқылы банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті және оның құрамына енгізілген әрбір жеке есепті (бұдан әрі – есептілік) электрондық форматта ұсынады.

      Есептілікті (әрбір жеке есепті) ҚРҰБ АЖ-ға жүктеу кезінде ұсынылатын есептердегі мәліметтер мен ақпараттың Қағидалар талаптарына сәйкестігі бақыланады (бұдан әрі – нысанішілік бақылау). Нысанішілік бақылауды жүзеге асыру кезінде қателер анықталған жағдайда, тиісті есеп қабылданбайды.

      Нысанішілік бақылаудан өткен тиісті есепті кезең үшін ақпаратты ҚРҰБ АЖ-ға соңғы жүктеудің нақты күні есепті кезең үшін есептілікті ұсынуды аяқтау күні болып табылады.

      4. Басшының немесе есептілікке қол қою функциясы жүктелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен есептілікке қол қою ай сайынғы есептілікті ұсыну аяқталған күннен бастап үшінші жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      5. Депозиттік ұйымның басшысы немесе есептілікке қол қою функциясы жүктелген өзге де адам есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз етеді.

      6. Есептілік шеңберінде ұсынылған банктік шот (салым) иелері (бұдан әрі – шот иесі), банктік шот (салым) шарттары, банктік шоттар және олар бойынша операциялар жөніндегі мәліметтер мен ақпарат ақпараттың түсуіне қарай депозиттік тіркелімде қалыптастырылады, жаңартылады және жинақталады. Ақпаратты жаңарту кезінде бұрын ұсынылған ақпарат депозиттік тіркелімнің тарихында сақталады.

      7. Мәліметтер мен ақпарат, сондай-ақ олар бойынша өзгерістер тиісті есепке арналған нысанда белгіленген мерзімде ұсынылады. Деректерді алуға немесе өзгертуге байланысты ұсынылатын есептілік үшін есепті күн депозиттік ұйым тиісті мәліметтерді алған немесе өзгерткен күннен кейінгі күннен кешіктірілмейді.

      Бұрын ұсынылған ақпаратқа өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, түзетулер ақпарат бұрын берілген есепті күнге жүргізіледі.

      8. Екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы өзінің барлық филиалы бойынша мәліметтер мен ақпарат қамтылған есептілікті Ұлттық Банкке ұсынады.

      9. Дербес деректерді қорғау мақсатында депозиттік ұйым жеке тұлға – шот иесі туралы, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын және жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар дара кәсіпкер туралы ақпаратты беру кезінде сәйкестендіруші ретінде ДСН-ды береді.

      Бір депозиттік ұйымда ондағы шот иесіне қызмет көрсетудің барлық кезеңінде ДСН-ның бірегейлігі мен өзгермейтіндігі қамтамасыз етілген жағдайда, депозиттік ұйым ДСН-ды өз алгоритмі бойынша қалыптастырады. Бұл ретте:

      1) бөгде адамдардың жеке тұлғаның ЖСН-на ДСН-ды кері түрлендіруге мүмкіндік беретін оңай есептелетін алгоритмдерді;

      2) ЖСН нақты қамтылған ДСН-ды қалыптастыру қамтамасыз етілген алгоритмдерді (мысалы, сандардың тікелей реттілігі бойынша, кері реті бойынша, аралас түрде, бірнеше рет) пайдалануға жол берілмейді.

      Қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, ДСН бірегейлігін қамтамасыз ету үшін ДСН көрсеткішінің ұзындығы кемінде 15 (он бес) таңбадан тұруы және 64 (алпыс төрт) белгіден аспауы тиіс.

      Депозиттік ұйым алгоритмді әзірлеуді немесе таңдауды және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес оны қолдану тәртібін қамтамасыз етеді.

      10. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) немесе ЖСН жоқ шот иелері үшін сәйкестендіргіш ретінде БаСН беріледі, оны депозиттік ұйым өзінің банктік ақпараттық жүйелерінде шот иесін сәйкестендіру үшін пайдаланады. Шот иесі үшін депозиттік ұйым айқындаған БаСН коды депозиттік ұйымның ақпараттық жүйелеріндегі шот иесін және оның банктік шоттары (салымдары) бойынша мәліметтерді сәйкестендірудің нақты болуын, сондай-ақ осы депозиттік ұйымда шот иесіне қызмет көрсетудің барлық кезеңінде кодтың бірегейлігі мен өзгермейтіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      Дербес деректерді қорғау мақсатында жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін депозиттік ұйым белгілеген БаСН кодында шот иесінің дербес деректері айқын түрде қамтылмауы тиіс.

      11. Депозиттік ұйым Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық Банктің және "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының сұратулары бойынша олардың "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабында, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабында және "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында айқындалған өкілеттіктерін іске асыру үшін ДСН-ның жеке сәйкестендіру нөмірлеріне және тегінің, атының және әкесінің атының (ол болған жағдайда) БаСН кодтарына сәйкестігі жөніндегі ақпаратты жедел ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      Көрсетілген сұратуларды орындау кезінде депозиттік ұйым ДСН-ның жеке сәйкестендіру нөмірлеріне және тегінің, атының және әкесінің атының (ол болған жағдайда) БаСН кодтарына сәйкестігі туралы мәліметтерді ҚРҰБ АЖ-мен интеграциялану мүмкіндігіне жол бермейтін қорғалған байланыс арналары арқылы береді.

      12. Тиісті күні шетел валютасындағы соманың теңгедегі баламасы "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) 1-тармағына сәйкес айқындалатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.

      13. Қаржы саласындағы қызметті тоқтата тұру (тоқтату) кезінде депозиттік ұйым банктік шот (салым) иесінің тиісті депозиттік ұйымға талап ету құқықтары тоқтатылғанға дейін есептілікті ұсынуды жалғастырады.

      14. Ақпарат болмаған кезде депозиттік ұйым Қағидаларда белгіленген есептілікті ұсыну мерзімінен кешіктірмей Ұлттық Банкке депозиттік ұйымның басшысы қол қойған тиісті хабарламаны (хатты) электрондық түрде ұсынады. Хабарламаны (хатты) электрондық түрде ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, оны қағаздағы нысанда ұсынуға жол беріледі.

      15. Есептіліктің тиісті нысанын ұсынудың белгіленген мерзімінен кейін 1 (бір) ай ішінде депозиттік ұйымның 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде (қоса алғанда) Ұлттық Банкке ұсынылған есептілікке түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) енгізуіне жол беріледі.

      Депозиттік ұйым есептіліктің түзетілген нысанына қол қою функциясы жүктелген адам қол қойған электрондық түрдегі хат нысанында есептіліктегі мәліметтердің түзетілгені туралы Ұлттық Банкке хабарлайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады