ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 10.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген Бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Күдікті операцияны айқындау белгілерінде 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
13 | биржалардың, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлердің, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтарының операцияларды жүзеге асыруы кезінде |
";
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларының 4-қосымшамен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің түрлерінің кодтары анықтамалығын мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
024 | Өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер |
025 | Тауар биржаларының клирингтік орталықтары |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының Бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
