Шыңғырлау ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 30-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 24 желтоқсанда № 7472-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Шыңғырлау ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Шыңғырлау ауданының елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Мәслихат төрағасы С. Тургалиев

  2024 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 30-3 шешіміне 1-қосымша

Шыңғырлау ауданының елді мекендерінің
жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 11.08.2025 № 37-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.



  2024 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 30-3 шешіміне 2-қосымша

Шыңғырлау ауданының елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және
жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 11.08.2025 № 37-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Аймақ №

Түзету коэффициенттері

Бағалау аймақтарының шекаралары (аймаққа кіретін елді мекендерінің атауы)

I

1,2

016- 017 Шыңғырлау ауылының батыс және шығыс бөліктері айналма жолдан Илек өзеніне дейін, РФ шекарасы

II

1,1

015-047 темір жолдан оңтүстік бөлігі Шыңғырлау- Ақшат автожолының бағытымен төмен қарай

III

1,0

Ауылдық округтердің орталық елді мекендері (Ащысай, Ардақ, Ақтау, Ақбұлақ, Ақшат, Алмаз, Қарағаш)

IV

0,8

Ақбұлақ ауылдық округі; Қотантал,
Ақтау ауылдық округі; Торатбас,
Ақшат ауылдық округі; Сұлукөл,
Алмаз ауылдық округі; Аққұдық, Сегізсай,
Ащысай ауылдық округі;
Амангелді, Жіңішке,Мыразағара,Талдысай
Қарағаш ауылдық округі;
Қайыңды,Қарғалы,Ақсуат,
Шыңғырлау ауылдық округі;
Ақсоғым, Жанакүш,Қызылкөл,Ұрсай,Шоқтыбай


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады