Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына сәйкес, Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Казталов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | С. Мулдашев |
| 2024 жылғы 22 тамыздағы № 20-4 шешіміне қосымша |
1. Казталов аудандық мәслихатының "Казталов аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 30 наурыздағы №20 - 7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5166 болып тіркелген) шешімі;
2. Казталов аудандық мәслихатының "Казталов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №20 - 7 "Казталов аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 28 сәуірдегі №17 - 20 шешімі;
3. Казталов аудандық мәслихатының "Казталов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №20 - 7 "Казталов аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 24 сәуірдегі №2 - 6 шешімі;
