Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 17-бабына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2024 жылы Сауран ауданында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір Ауғанстан соғысының ардагеріне, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35-жылдығына орай, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша бір рет әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| С. Байсбаев |
