"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Балқаш аудандық мәслихатының келесі шешімдері күші жойылды деп танылсын:
1) Балқаш аудандық мәслихатының "Балқаш ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2015 жылғы 5 қазандағы № 47-204 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3541 тіркелген);
2) Балқаш аудандық мәслихатының "Балқаш ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 3-21 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3878 болып тіркелген).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Балқаш аудандық мәслихатының хатшысы | К. Омаров |
