Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәcлихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Байғанин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Сержан |
| Байғанин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 197 шешіміне қосымша |
Байғанин аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының "Базалық салықтық мөлшерлемелерді түзету туралы" 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-73 болып тіркелген) шешімі;
2. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының "Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 "Базалық салық ставкаларын түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 15 наурыздағы № 63 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5411 болып тіркелген) шешімі;
3. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының "Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 "Базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 20 наурыздағы № 147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-167 болып тіркелген) шешімі.
