БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Президентінің архиві
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс Басқармасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2024 жылғы 28 маусымдағы № 275-НҚ Бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі
1. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 31.03.2025 № 119-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. "Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20790 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасында мынадай редакцияда жазылсын:
"2) архивтік көшірме – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларының 455-тармағына сәйкес ресімделген, архивтік шифр және сақтау бірлігі парақтарының нөмірлері көрсетілген архивтік құжаттағы мәтінді сөзбе-сөз көрсететін көшірме;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметті "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі, орталық мемлекеттік архивтер, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қоса бере отырып, өз басшысының атына қорытынды кіргізеді, оның негізінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылданады.
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым қызметті берушінің басшылығына қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайларға: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mam.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлігіне немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті басшысының атына жолданады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрлік үйі" ғимараты, № 14 кіреберіс.";
"Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерді беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша осы тізбенің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
6-тармақтың тоғызыншы және оныншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Жауапты орындаушы хабарлама жіберілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды Орталық сараптау-тексеру комиссиясының (бұдан әрі – ОСТК) қарауына жібереді.
ОСТК құжаттарды алған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде сұратылған құжаттардың ғылыми және тәжірибелік құндылығына сараптама жасай отырып, рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы сараптамалық қорытынды жасап, шешім қабылдайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым қызметті берушінің басшылығына www.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген телефон нөмірлері және мекенжай бойынша жолданады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрлік үйі" ғимараты, № 14 кіреберіс, байланыс телефондары: 8 (7172) 741848, 741333.";
"Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) архивтік көшірме – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларының 455-тармағына сәйкес ресімделген, архивтік шифр және сақтау бірлігі парақтарының нөмірлері көрсетілген архивтік құжаттағы мәтінді сөзбе-сөз көрсететін көшірме;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым қызметті берушінің басшылығына www.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген телефон нөмірлері және мекенжай бойынша жолданады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрлік үйі" ғимараты, № 14 кіреберіс, байланыс телефондары: 8 (7172) 741848, 741333.".
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3. "Мемлекеттік архивтер қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелерінің көрсеткіштері" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15211 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 314) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
осы тізбенің 4-қосымшасына сәйкес көрсетілген бұйрыққа қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын;
4. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 24.04.2025 № 192-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің орталық мемлекеттік архивтері, жергілікті атқару органдардың Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал). |
3 | Мемлекеттік қызметі көрсету мерзімі | 11 (он бір) жұмыс күні ішінде |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау жөніндегі архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқтығы, сұрау салуды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберу туралы жауаптар не қағаз/электрондық түрдегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, Астана қаласының мемлекеттік архиві сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін жүзеге асырады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мәліметтер және құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар. | Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ-ны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет-ресурста Көрсетілген www.gov.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777. |
"Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметі көрсету мерзімі | 30 (отыз) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) не мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мәліметтер және құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар. |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші және Астана қаласының Мемлекеттік корпорация бөлімшелері – 3 (үш) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларда, архивтік құжаттардың көшірмелерінде немесе архивтік үзінділерде апостиль мөртабаны, не мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | "Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 609-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әр құжат үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,5 құрайтын мемлекеттік баж алынады. Салық кодексінің 622-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мәліметтер және құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар. | Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ-ны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777. |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 118 бұйрығына қосымша |
"Мемлекеттік архивтер қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелерінің көрсеткіштері" нысаны әкімшілік деректер жинауға арналған
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Әкімшілік деректер нысаны орналастырылған интернет – ресурс: www.mam.gov.kz.
Әкімшілік деректер нысанының атауы: "Мемлекеттік архивтер қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелерінің көрсеткіштері".
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ҚНБНК.
Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын.
Есепті кезең: 20___ жылғы _ тоқсан/ 20___ жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, архив ісін мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары.
Ұсыну мерзімі :
1) жоспарланатын жылдың алдындағы күнтізбелік жылының 5 желтоқсанына дейін – жоспарланған жылдық Қызметтің негізгі бағыттары мен нәтижелерінің көрсеткішін қағаз және құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) немесе электрондық құжат айналымының жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАЖ) арқылы электрондық жеткізгіште;
2) есептіктен кейінгі күнтізбелік жылдың 5 қаңтарына дейін – Қызметтің негізгі бағыттары мен нәтижелерінің есептік жылдық көрсеткішін қағаз және ЭҚАБЖ немесе ЭҚАЖ арқылы электрондық жеткізгіште;
3) тоқсандық есептіктен кейінгі айдың 5 күніне дейін - өсу деректерімен Қызметтің негізгі бағыттары мен нәтижелерінің есептік тоқсандық көрсеткішін ЭҚАБЖ немесе ЭҚАЖ арқылы.
1-кесте
Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету
Жол коды | Жұмыстардың түрі | Құжаттардың түрі | Сақтандыру қоры | Ескертпе | ||||||||
қағаз негізде | киноқұжаттар | фотоқұжаттар | дыбысқұжаттар | бейнеқұжаттар | Қолжазбалар және сірек кітаптар | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | ||
1.1. | Реставрация | |||||||||||
1.1.1. | ||||||||||||
1.2. | Физико-химиялық және техникалық өңдеу | |||||||||||
1.3. | Сақтандыру қорын құру | |||||||||||
1.3.1. |
2-кесте
Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының қалыптасуы
Жол коды | Жұмыстардың түрі | Құжаттардың түрі | Шетел архивтерінен сатып алынған құжаттар (көшірмелер) | |||||||
басқару құжаттамасы | жеке тектік құжаттар | ғылыми-техникалық құжаттама | киноқұжаттар | фотоқұжаттар | дыбысқұжаттар | бейнеқұжаттар | жеке құрам бойынша | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
2.1. | Заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдау | |||||||||
2.1.1. | ||||||||||
2.2. | Жеке тұлғалардан құжаттарды қабылдау | |||||||||
2.2.1. | ||||||||||
2.3. | Құжаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорына енгізу |
3-кесте
Деректер базасын және автоматтандырылған ғылыми-анықтамалық аппаратты құру
Жол коды | Жұмыстардың түрі | Өлшем бірліктері | Қосылған | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
3.1. | Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын автоматтандырылған мемлекеттік есеп жүйесіне енгізу | қор | ||
3.1.1. | ||||
3.2. | Автоматтандырылған ғылыми-анықтамалық аппаратқа енгізу | сақтау бірлігі |
4-кесте
Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану
Жол коды | Ақпараттық іс-шаралар өткізу | Сұрау салуларды орындау | Оқу залына бару | Web (веб)-сайттарды/парақтарды қарау | Пайдаланушыларға құжаттарды беру | Құжаттарды құпиясыздандыру | ||
тақырыптық | генеологиялық | әлеуметтік-құқықтық сипаттағы | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||
4.1. | ||||||||
4.2. | ||||||||
4.3. |
5-кесте
Архивтің материалдық-техникалық базасы
Жол коды | Үй-жайының аумағы (шаршы метр) | Архив сөрелерінің ұзындығының артуы (қума метр) | Бір компьютерде жұмыс істейтін адам саны (1 адам) | 1 сақтау бірлігіне негізгі қаражаттың қалдық құны (теңге) | ||||||||
барлығы | архив қоймаларының аумағы | соңғы үлгідегі өрт дабыл жүйесімен жабдықталған | қолданыстағы автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған | соңғы үлгідегі күзет дабылымен жабдықталған | пайдалануға берілген (жаңа немесе қайта жаңартылған) | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |||
5.1. | ||||||||||||
5.2. |
|
Мекенжайы ______________________________ |
Телефоны _________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы ___________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_______________________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
_______________________
"Мемлекеттік архивтер қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелерінің көрсеткіштері" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Мемлекеттік архивтер қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелерінің көрсеткіштері" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1-кестеде "Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету":
жоспарлау кезінде 1.1., 1.1.1., 1.3., 1.3.1. жолдарының 3-8-бағандары толтырылады;
1.1.-жолдың 3, 5-8-бағандарында реставрациялауға жатқызылған сақтау бірліктерінің (қағаз негіздегі құжаттар және дыбыстық-бейнеқұжаттар түрлері бойынша жеке-жеке) жоспарланған көлемі көрсетіледі;
1.1.1.-жолдың 3, 5-8-бағандарында реставрацияланған сақтау бірліктерінің (қағаз негіздегі құжаттар және дыбыстық-бейнеқұжаттар түрлері бойынша жеке-жеке) саны көрсетіледі. Қағаз негіздегі құжаттарды реставрациялаудың есептік көрсеткіші жұмыстың міндетті түрде аяқталуы шартымен анықталады;
1.2.-жолдың 3, 5-9-бағандарында қағаз негіздегі құжаттарды түптеу және тігу (реставрациялаудың нәтижесі есептелмейді), сонымен лабораториялармен қатар, тікелей Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде, орталық мемлекеттік архивтерде, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері (бұдан әрі – архив) орындалатын дезинфекциялау, дезинсекциялау, дыбыстық-бейнеқұжаттар мен сақтандыру көшірмелерін консервациялау-профилактикалық өңдеуден (түрлері бойынша жеке-жеке) өткен сақтау бірліктер санының жиынтық есептік мәліметі көрсетіледі. Олардың микрофотокөшірмелерін дайындау үшін сөгілген тігілген және түптелген істердің саны есептелмейді;
1.3.-жолдың 3, 5-8-бағандарында микрофильмдеуге жатқызылған сақтау бірліктерінің (қағаз негіздегі құжаттар және дыбыстық-бейнеқұжаттар түрлері бойынша жеке-жеке) жоспарланған көлемі көрсетіледі;
1.3.1.-жолдың 3, 5-8-бағандарында микрофильмденген сақтау бірліктерінің (қағаз негіздегі құжаттар және дыбыстық-бейнеқұжаттар түрлері бойынша жеке-жеке) саны көрсетіледі. Сақтандыру көшірмелері дайындалған сақтау бірліктерінің көлемі есептік көрсеткішке толық кешені (негатив және позитив) алынғаннан кейін енгізіледі;
1.1.- жолдың 4-бағанында реставрациялауға жатқызылған құжаттардың, соның ішінде 1 шаршы метр 15 параққа тең есеппен сызбалар, карталар, жоспарлар және тағы сол сияқтылардың парақтарының жоспарланған саны көрсетіледі;
1.1.1.-жолдың 4-бағанында реставрацияланған құжаттардың, соның ішінде 1 шаршы метр 15 параққа тең есеппен сызбалар, карталар, жоспарлар және тағы сол сияқтылардың парақтарының жоспарланған саны көрсетіледі;
1.2.-жолдың 4-бағаны; 1.1., 1.1.1., 1.3., 1.3.1.-жолдарының 9-бағаны; 1.1.1., 1.2.- жолдарының 10-бағаны толтырылмайды;
1.3.-жолдың 4-бағанында сақтандыру көшіруге жататын негатив кадрларының дайындауға жоспарланған саны көрсетіледі;
1.3.1.-жолдың 4-бағанында микрофиш негативтерін қоса алғанда орам пленкада түсірілген кадрларының саны көрсетіледі;
1.1.-жолдың 10-бағанында есептік жылдың 31 желтоқсанындағы істің физикалық жай-күйінің есепке алу деректеріне сәйкес реставрациялауды қажет ететін сақтау бірліктерінің жалпы көлемі көрсетіледі;
1.3.-жолдың 10-бағанында есептік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша сақтандыру көшіруге жатқызылған сақтау бірлігінің көлемі көрсетіледі;
1.3.1.-жолдың 10-бағанында "Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 168 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17249 болып тіркелген) нысаны бойынша паспорт деректеріне (бұдан әрі – паспорт деректері) сәйкес есептік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша архивте жасалған сақтандыру қоры сақтау бірлігінің көлемі көрсетіледі;
10-бағанында "Ескертпе" есеп беруді толтырған кезде ғана толтырылады.
2-кестеде "Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының қалыптасуы":
жоспарлау кезінде 2.1., 2.1.1., жолдарының 3, 5-9-бағандары толтырылады;
2.1.-жолдың 3, 5-10-бағандарында заңды тұлғалардан қабылдауға жоспарланған сақтау бірліктерінің саны көрсетіледі;
2.1.1.-жолдың 3, 5-10-бағандарында заңды тұлғалардан тұрақты сақтауға қабылданған сақтау бірліктерінің саны көрсетіледі;
2.1., 2.1.1.-жолдарының 4-бағаны; 2.1.-жолдың 11-бағаны; 2.2., 2.2.1.-жолдарының 3, 5, 10-бағандары; 2.1., 2.2.-жолдарының 11-бағаны; 2.3.-жолдың 10-бағаны толтырылмайды;
2.2.-жолдың 4, 6-9-бағандарында жеке тұлғалардан қабылдауға жоспарланған сақтау бірліктерінің саны көрсетіледі;
2.2.1.-жолдың 4, 6-9-бағандарында жеке тұлғалардан тұрақты сақтауға қабылданған сақтау бірліктерінің саны көрсетіледі;
2.1.1. және 2.1.2.-жолдарының 11-бағанында шетел архивтік мекемелерінен архивтермен сатып алынған құжаттардың (көшірмелер) сақтау бірлігінің саны көрсетіледі;
2.3.-жолда сараптау-тексеру комиссиясымен бекітілген тұрақты сақталатын істердің тізімдемелеріне сәйкес түрлері бойынша саралап жіктелген құжаттардың сақтау бірлігінің саны көрсетіледі.
3-кестеде "Деректер базасын және автоматтандырылған ғылыми-анықтамалық аппаратты құру":
жоспарлау кезінде 3.1., 3.1.1.-жолдарының 4-бағаны толтырылады;
3.1.-жолдың 4-бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының автоматтандырылған мемлекеттік есеп жүйесіне енгізуге жоспарланған қорлардың саны көрсетіледі;
3.1.1.-жолдың 4-бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының автоматтандырылған мемлекеттік есеп жүйесіне енгізілген қорлардың саны көрсетіледі;
3.2.-жолдың 4-бағанында жыл бойы деректер базасына тақырыптары тиісті архивтік шифрлармен енгізілген сақтау бірліктерінің саны көрсетіледі. Тақырыбы бірнеше деректер базасына енгізілген іс бір рет ғана есепке алынады;
3.1.-жолдың 5-бағанында паспорт деректері бойынша архивте есепте тұрған қорлардың саны көрсетіледі;
3.1.1.-жолдың 5-бағанында есептік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының автоматтандырылған мемлекеттік есеп жүйесіне енгізілген қорлардың саны көрсетіледі;
3.2.-жолдың 5-бағанында есептік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша тақырыптары тиісті архивтік шифрмен тақырыптық деректер базасына енгізілген сақтау бірліктерінің жалпы саны көрсетіледі;
5-бағанында "Ескертпе" есеп беруді толтырған кезде ғана толтырылады.
4-кестеде "Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану":
жоспарлау кезінде 4.2.-жолдың 5, 7-бағандары; 4.3.-жолдың 2, 4-7-бағандары толтырылмайды;
4.1.-жолдың:
2-бағанында жыл бойы өткізілген барлық ақпараттық іс-шаралардың (көрмелер, құжаттар жинағы, құрылған сайттар, сайттардың бөлімдері, конференциялар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мен мақалалар, архив бойынша экскурсиялар және басқалардың) жиынтық саны көрсетіледі;
3-бағанында азаматтарды әлеуметтік қорғаумен байланысты, олардың зейнеткерлік қамтамасыз етілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңілдіктер мен өтемақы алуын қарастыратын жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде шетелден келіп түскен сұрау салулардың орындалғанның саны көрсетіледі;
4-бағанында пайдаланушылардың жыл бойы оқу залдарына (жалпы және құпия құжаттармен жұмыс жасау үшін) келушілердің нақты саны көрсетіледі;
5-бағанында архив сайтының бас парағында немесе басқа сайттағы архив парақшасында орналасқан кірушілер көрсеткішінің негізінде кірушілердің жылдық саны көрсетіледі;
6-бағанында:
1) архивтің оқу залына пайдаланушыларға (жалпы және құпия құжаттармен жұмыс жасау үшін);
2) сырт ұйымдардың сұрау салулары бойынша уақытша пайдалануға;
3) архив жұмыскерлеріне жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстарды орындауға (құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды есепке алу жұмыстарынан басқа) берілген пайдалану қорымен қатар, сақтау бірліктерінің жиынтық саны көрсетіледі;
7-бағанында құпиясыздандырылған архивтік істердің саны көрсетіледі. Бөлшектеніп құпиясыздандырылған істер есептелінбейді.
4.2.-жолдың:
2-бағанында архивтермен бекітілген іс-шаралар жоспарлары мен тізбелеріне сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар сұранымымен байланысты архивпен өткізілген ақпараттық іс-шаралар саны көрсетіледі;
3-бағанында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімде орындалған сұрау салулардың саны көрсетіледі.
Бірнеше тұлғаға жасалған сұрау салу кезінде әрбір тұлғаға сұрау салу болып есептеледі. Егерде архив өтініш иесінен қосымша мәлімет сұратқан жағдайда, ол алынғаннан кейін сұрау салу қайталанған болып есептеледі;
4-бағанында оқу залында жұмыс жасаған пайдаланушылардың жалпы саны көрсетіледі;
6-бағанында пайдалану қорынан берілген сақтау бірлігінің саны көрсетіледі.
4.3.-жолдың 3-бағанында оң нәтижемен орындалған сұрау салулардың саны көрсетілдеі.
5-кестеде "Архивтің материалдық-техникалық базасы":
жоспарлау кезінде 5.2-жолдың 2, 3, 7, 10-бағандары толтырылмайды;
5.1.-жолдың:
2-бағанында есептіктен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша архив үй-жайының жалпы аумағы көрсетіледі;
3-бағанында есептіктен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша архив қоймаларының жалпы аумағы көрсетіледі;
4-бағанында жыл ішінде өрт дабылының заманауи жүйелерімен жабдықталған архив үй-жайларының көлемі көрсетіледі. Өрт дабылының "заманауи жүйелері" ұғымына пайдаланылуы 10 жылдан аспаған жүйелер жатқызылады. Егер бір ғимаратта екі немесе одан да көп архивтің үй-жайы орналасқан жағдайда, олардың әрқайсысы көрсеткішке өздерінің алып жатқан аумағын кіргізеді;
5-бағанында жыл ішінде қолданыстағы автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған архив үй-жайларының көлемі көрсетіледі. Егер бір ғимаратта екі немесе одан да көп архивтің үй-жайы орналасқан жағдайда, олардың әрқайсысы көрсеткішке өздерінің алып жатқан аумағын кіргізеді;
6-бағанында жыл ішінде күзет дабылының заманауи жүйелерімен жабдықталған архив үй-жайларының көлемі көрсетіледі. Күзет дабылының "заманауи жүйелері" ұғымына пайдалануы 10 жылдан аспаған жүйелер жатқызылады. Егер бір ғимаратта екі немесе одан да көп архивтің үй-жайы орналасқан жағдайда, олардың әрқайсысы көрсеткішке өздерінің алып жатқан аумағын кіргізеді;
7-бағанында жыл бойы пайдалануға берілген әртүрлі өндірістік қажеттілікке бейімделген, сонымен қатар архив қоймалары, жұмыс бөлмелері, зертханалық орындар және сол сияқты және қайта құрастырылған (қайта жабдықталған, бейімделген) архив қоймаларының жиынтық аумағы көрсетіледі;
8-бағанында жаңа және қайта құрастырылған архив қоймаларының стеллаждық құрылғылармен жабдықталуы, қолданыстағы архив қоймаларындағы стеллаждық құрылғыларды модернизациялауы есебінен жыл бойғы архивтік сөрелердің ұзындығының жиынтық ұлғаюы көрсетіледі. Сақтау үшін "Шырша" түріндегі стеллаждарды пайдаланатын арнайы архивтерде стеллаждық сөрелердің биіктігі 70 киноқұжаттар сақтау бірлігі орналаса алатын ұяшықтар мөлшері 1 шаршы метр болып есептелетін шартты шаршы метрмен есептеледі;
9-бағанында бір компьютерде жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны көрсетіледі. Көрсеткіш қолданыстаға заманауи компьютерлердің санына жұмыскерлердің (тек қана басшылар мен штаттық кесте бойынша мамандар) санын бөлумен есептеледі. Нәтиже оңдық бірлікке дейінгі нақтылықпен көрсетіледі;
10-бағанында 1 сақтау бірлігіне негізгі қаражаттың қалдық құны көрсетіледі. Көрсеткіш кітапханалық қорларды есепке алмағанда бухгалтерлік есептер және архивтің паспорт деректері негізінде есептік жылдың 31 желтоқсанына жасалады.
5.2 жолдың:
4-бағаны егер жыл бойы архивтік үй-жайларды өрт дабыл жүйесімен жабдықтау жұмысы жүргізілмеген жағдайда толтырылады;
5-бағаны егер жыл бойы архивтік үй-жайларды автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесімен жабдықтау жұмысы жүргізілмеген жағдайда толтырылады;
6-бағаны егер жыл бойы архивтік үй-жайларды күзет дабылымен жабдықтау жұмысы жүргізілмеген жағдайда толтырылады;
8-бағанында паспорт деректеріне сәйкес есептік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша архивтік сөрелердің жалпы ұзындығы көрсетіледі;
9-бағанында архивте жергілікті есептеу желісінің бар-жоғы көрсетіледі (ия/жоқ). Егер архив бірнеше ғимаратқа ие болса, жергілікті есептеу желісінің кем дегенде біреуінде болса "ия" көрсетіледі.
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың Тізбесіне 5-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 24.04.2025 № 192-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың Тізбесіне 6-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 24.04.2025 № 192-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың Тізбесіне 7-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 24.04.2025 № 192-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың Тізбесіне 8-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 24.04.2025 № 192-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың Тізбесіне 9-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 24.04.2025 № 192-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.