Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Индер аудандық мәслихат төрағасы |
А. Рамазанов |
| Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 маусымдағы № 23-VIII шешіміне қосымша |
Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, текше метр |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 0,988 |
2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,23 |
3 | Жатақханалар, интернаттар, | 1 орын | 1,5 |
4 | Қонақ үйлер, | 1 орын | 1,2 |
5 | Балабақшалар, бөбекжай | 1 орын | 1,54 |
6 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,8 |
7 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,01 |
8 | Ауруханалар, емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,62 |
9 | Мектептер, колледждер,оқу орталықтары | 1 оқушы | 0,8 |
10 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,78 |
11 | Кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,63 |
12 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,37 |
13 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,096 |
14 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,09 |
15 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 1,98 |
16 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,37 |
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,93 |
18 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,88 |
19 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,0 |
20 | Автовокзалдар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,92 |
21 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 4,21 |
22 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,47 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 0,45 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,27 |
25 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 3,52 |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,64 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,39 |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
29 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (Кілттер жасау, ұялы телефондар жөндеу, көшірме орталықтары) | 1 жұмыс орны | 0,23 |
30 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,87 |
31 | Аудан аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар,саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 2,12 |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 1,93 |
