Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Петропавл қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімі |
С. Мухамедиев |
КЕЛІСІЛДІ
Петропавл қалалық
мәслихаты
| Петропавл қаласы әкімдігінің | |
| 2023 жылғы "19" қыркүйектегі | |
| № 1189 қаулысына қосымша |
Әкімдіктің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1) "Петропавл қаласының қалалық және қала маңы қатынасында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифтер туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 463 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4137 болып тіркелген);
2) "Петропавл қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 1447 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6869 болып тіркелген);
3) "Петропавл қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 1447 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 1547 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31091 болып тіркелген).
