Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Успен ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы" Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 8/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6719 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Успен ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп Успен ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.";
көрсетілген қаулының 2-тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Успен ауданының әкімі | Н. Мақашев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Успен аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
| Успен ауданы әкімдігінің | |
| 2023 жылғы 28 шілдедегі | |
| № 212/7 Қаулысына | |
| қосымша | |
| Успен аудандық әкімдігінің | |
| 2020 жылғы 14 қаңтардағы | |
| № 8/1 қаулысына | |
| 1-қосымша |
Успен ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Р/с № | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны |
1 | Қаратай ауылы | Ыбырай Алтынсарин көшесі, 1 (Қаратай жалпы орта білім беру мектебі ғимаратының жанында) |
2 | Богатырь ауылы | Советов көшесі (Богатырь ауылының орталық алаңы) |
3 | Лозов ауылы | Мир көшесі (Лозов ауылының орталық алаңы) |
4 | Ковалев ауылы | Тәуелсіздік көшесі (Ковалев ауылының орталық алаңы) |
5 | Қозыкеткен ауылы | Победа көшесі (Қозыкеткен ауылының орталық алаңы) |
6 | Тимирязев ауылы | Алматинская көшесі (Тимирязев ауылының орталық алаңы) |
7 | Ольгин ауылы | Советов көшесі (Ольгин ауылының орталық алаңы) |
8 | Ольхов ауылы | Школьная көшесі, 18 (Ольхов ауылының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында) |
9 | Қоңырөзек ауылы | Милевский көшесі, 35 (Қоңырөзек ауылының орталық алаңы) |
10 | Дмитриев ауылы | Куйбышев көшесі, 5 (Дмитриев ауылының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында) |
11 | Надаров ауылы | Мир көшесі, 14 (Надаров ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында) |
12 | Вознесен ауылы | Победа көшесі, 40 (Вознесен ауылының орталық алаңы) |
13 | Константинов ауылы | Абай көшесі (Константинов ауылының орталық алаңы) |
14 | Равнополь ауылы | Ленин көшесі, 111 (Равнополь негізгі жалпы білім беру мектебі ғимаратының жанында) |
15 | Таволжан ауылы | Кооперативная көшесі (Таволжан ауылының орталық алаңы) |
16 | Успен ауылы | Гагарин көшесі (Успен ауылының автовокзал ғимараты жанындағы алаң) |
Қазыбек Би көшесі (Успен ауылының орталық алаңы) | ||
17 | Белоусов ауылы | Школьная көшесі, 10 (Белоусов ауылының мәдениет үйі ғимаратының жанында) |
18 | Травян ауылы | Достык көшесі (Травян ауылының орталық алаңы) |
19 | Галицк ауылы | Школьный тұйық көшесі (Галицк ауылының орталық алаңы) |
20 | Новопокров ауылы | Советов көшесі (Новопокров ауылының орталық алаңы) |
