Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 02.12.2025 № 37/25 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шиелі ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
| Шиелі аудандық мәслихат төрағасы | А. Жандарбеков |
