Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 84 "2023 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 56-18 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген 78-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
2) 163-тармақ 1-қосымшасының сөздері:
163. | "СЕЛЕКТ, эмульсия концентраты | литр |
1 750,00" |
келесі сөздермен ауыстырылсын:
163. | "СЕЛЕКТ, эмульсия концентраты | литр |
4 500,00"; |
3) 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Абай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары | |
| Ш. Байбеков |
| Абай облысы әкімдігі 2023 жылғы 28 қарашадағы № 212 Қаулысына қосымша Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 84 қаулысына 2 қосымшасы |
2023 жылға арналған пестиидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері
№ | Бюджет түрі | Субсидия көлемі, теңге |
1. | Жергілікті | 529 000 000 |
2. | Республикалық | 191 100 000 |
Барлығы | 720 100 000 |
