Туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 шiлдедегi № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 шiлдеде № 33043 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 12.06.2025 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында әуемен тасымалдау кезінде кәмелетке толмаған жолаушылар үшін туристік көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялауға арналған мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 12.06.2025 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Оралов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт
министрінің
2023 жылғы 1 шілдедегі
№ 164 бұйрығына
қосымша
  Туристік қызмет саласындағы
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

"Қазақстан Республикасының аумағында әуемен тасымалдау кезінде кәмелетке толмаған жолаушылар үшін туристік көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 12.06.2025 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына ұсынылады. "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Әкімшілік деректердің нысаны www.tsm.gov.kz және qaztourism.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Қазақстан Республикасының аумағында әуемен тасымалдау кезінде кәмелетке толмаған жолаушылар үшін туристік көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер

      Индекс: 1-ЭП

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ішкі туризм саласындағы туроператор

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ішкі туризм саласындағы туроператорлар мәліметтерді "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейін ұсынады. "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мәліметтерді туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 20 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.

ЖСН/БСН



 

      Жинау әдісі: электронды түрде.

№ п/п

Туристік өнім шеңберінде кәмелетке толмаған жолаушы тұрған туристерді орналастыру орындарының атауы

Туристерді орналастыру орындарына кіру күні

Туристерді орналастыру орындарынан шығу күні

Жүзеге асырылған туристік өнім үшін төлем тапсырмасының (түбіртектің) №

Қазақстан Республикасының аумағында әуемен тасымалдау кезінде кәмелетке толмаған жолаушылар үшін билеттер сатып алуға арналған шығыстардың жалпы сомасы, теңге

Төлеуге берілетін сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7









БАРЛЫҒЫ:






      Атауы ___________________________________________________

      Мекенжайы __________________________________________________________

      Телефон ____________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы________________________________________

      Орындаушы________________________ қолы__________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ___________________ _______________________ қолы __________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

  Туристік қызмет саласындағы
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында әуемен тасымалдау кезінде кәмелетке толмаған жолаушылар үшін туристік көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. 1-бағанда нөмір "№" ретімен толтырылады.

      2. 2-бағанда туристік өнім шеңберінде кәмелетке толмаған жолаушы тұрған туристерді орналастыру орындарының атауы көрсетіледі.

      3. 3-бағанда туристерді орналастыру орындарына кіру күні көрсетіледі.

      4. 4-бағанда туристерді орналастыру орындарынан шығу күні.

      5. 5-бағанда жүзеге асырылған туристік өнім үшін төлем тапсырмасының (түбіртектің) № көрсетіледі.

      6. 6-бағанда Қазақстан Республикасының аумағында әуемен тасымалдау кезінде кәмелетке толмаған жолаушылар үшін билеттер сатып алуға арналған шығыстардың жалпы сомасы, теңге көрсетіледі.

      7. 7-бағанда төлеуге берілетін сома, теңге көрсетіледі.

  Туристік қызмет саласындағы
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

"Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялауға арналған мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. Бұйрық қосымшамен толықтырылды - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 12.06.2025 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне ұсынылады.

      Әкімшілік деректердің нысаны www.tsm.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялауға арналған мәліметтер

      Индекс: 1-ЗСТ

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: келу туризмі саласындағы туроператорлар

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: келу туризмі саласындағы туроператорлар мәліметтерді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейін ұсынады.

ЖСН/БСН



 

      Жинау әдісі: электронды түрде.

Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялауға арналған өтінім

      1. Шетелдік турист (ер) туралы жалпы мәліметтер:

№п\п

Шетелдік туристің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Шетелдік туристің Қазақстан Республикасында болу кезеңі

1.



2.



3.



      2. Тиесілі субсидияны алдын ала есептеу ______(_________________________) теңге.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 387 бұйрығымен бекітілген Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25912 болып тіркелген) 3-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1)____________________________________________________________

      2)____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, оның ішінде банкрот болмағанымды, "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      Атауы ___________________________________________________

      Мекенжайы __________________________________________________________

      Телефон ____________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы ________________________________________

      Орындаушы ________________________ қолы __________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ___________________ _______________________ қолы __________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

  Туристік қызмет саласындағы
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялауға арналған мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. 1-тармақтың 1-бағанында "№ " тәртібі бойынша нөмір толтырылады.

      2. 1-тармақтың 2-бағанында шетелдік туристің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі.

      3. 1-тармақтың 3-бағанында шетелдік туристің Қазақстан Республикасында болу кезеңі көрсетіледі.

      4. 2-тармақта Қазақстан Республикасына келген әрбір шетелдік турист үшін 15 000 (он бес мың) теңге есебінен шетелдік туристерге берілетін субсидиялардың жалпы сомасы көрсетіледі.

      5. 3-тармақта Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 387 бұйрығымен бекітілген Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25912 болып тіркелген) 3-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттар көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады