Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2023 жылғы 11 мамырда № 32466 болып тіркелді.

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-3-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісімнің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нормашығармашылық және халықаралық ынтымақтастық департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін.

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
А. Жұмағали

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2023 жылғы 11 мамырдағы
№ 153 бұйрығына
1-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс– қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 24-3-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) құпия ақпарат – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдем көрсету мақсатында, адамның өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпарат көрсетілген ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған жағдайда;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдемдесу;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық органдары;

      3-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту және жою мәселелерінде үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;

      4) уәкілетті мемлекеттік органдар – өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, әскери полиция органдары, экономикалық тергеп-тексеру қызметі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.08.2026 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім (бұдан әрі – жария етпеу туралы келісім) осы келісімді жасасқан адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу мақсатында адамның өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына (бұдан әрі – басшы) және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуі үшін негіз болып табылады.

2 тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу тәртібі

      4. Адам басшыға жүгінген кезде, мемлекеттік органда немесе ол жұмыскері болып табылатын ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу туралы ақпарат жария етілмеген жағдайда, жарияламау туралы келісім жасалғаннан кейін басшыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу ниеті туралы ескертеді.

      Басшы өтініш берген сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адаммен осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша жария етпеу туралы келісім жасасады.

      Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы келіп түскен хабарлама бойынша шаралар қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген, басшы мен уәкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайтын уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы арасында осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 2-нысан бойынша жария етпеу туралы келісім жасалады.

      5. Адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу мақсатында уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген кезде уәкілетті мемлекеттік орган көрсетілген адаммен, оның ниеті болған кезде, оны жария етпеу туралы келісім жасасады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адам мен уәкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайтын уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы арасында осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша жария етпеу туралы келісім жасалғаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағының үшінші бөлігінде және 5-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы уәкілетті мемлекеттік органның өзге лауазымды адамдарына немесе прокурорға қылмыстық істі одан әрі тергеп-тексеру үшін берген кезде оларды осы Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде және 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адаммен жасасқан жария етпеу туралы келісімнің бар екендігі туралы жазбаша хабардар етеді.

      7. Басшы келісім комиссиясының немесе алқалы органның отырысына шақырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамымен осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша келісім комиссиясының немесе алқалы органның отырысы басталғанға дейін, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы келісім комиссиясының немесе алқалы органның отырысына келмеген жағдайда жария етпеу туралы келісім жасасады, осы келісім келісім комиссиясы шешімінің немесе алқалы орган отырысы хаттамасының көшірмесін беру сәтінде жасалады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.08.2026 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы уәкілетті органға осындай өтініш туралы құқықты іске асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарды қабылдаған күннен бастап үш жыл ішінде жүгінген кезде, ол оны тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе жұмыстан шығару немесе басқа лауазымға ауыстыру оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесуімен байланысты деп есептеген жағдайда, осы мәселелерді бұрын келісім комиссиясы немесе алқалы орган Заңның 24-2-бабында көзделген тәртіппен қарамаған жағдайда, Заңның 24-4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген құпия ақпаратты беруге жазбаша келісім негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы уәкілетті орган осы адаммен осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша жария етпеу туралы келісім жасасады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.08.2026 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы уәкілетті органның Заңның 24-4-бабы 2-тармағында көзделген хабарламасы келіп түскен мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы, егер бұрын осы адам мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында жария етпеу туралы келісім жасалған болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адаммен осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша жария етпеу туралы келісім жасасады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.08.2026 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
  іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас
  жемқорлыққа қарсы қызмет)
  Төрағасының 2023 жылғы
  11 мамырдағы № 153 бұйрығына
  2-қосымша

      1-нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.08.2026 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______________ 20 __ жылғы "___" _______ (елді мекен)

      Бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын _________________________

      ______________________________________________________________атынан

      (мемлекеттік органның/ұйымның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (20__жылғы "___" _______ № ____ жарғы/ереже/бұйрық/басқа)

      негізінде әрекет етуші бұдан әрі "Басшы" деп аталатын ____________________

      ____________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      бір тараптан және бұдан әрі "Жұмыскер" деп аталатын _____________________

      _____________________________________________________________________ (мемлекеттік орган/ұйым жұмыскерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      екінші тараптан Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 22-бабы 1-тармағы 26) тармақшасының және 23-бабының 2-тармағы 29) тармақшасының, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1, 2 және 4-тармақтарының, 24-1-бабы 2) тармақшасының және 24-3-бабы 2-тармағының ережелерін орындау үшін төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты:

Шарттың мәні

      1.1. Осы Келісіммен Тараптар осы Келісімнің 2.1. және

      2.2.-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ____________________

      ____________________________________________________________________

      (Жұмыскер жұмыс істейтін мемлекеттік органның/ұйымның атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың мәні)

      туралы хабарлау немесе________________________________________________

      (Жұмыскер жұмыс істейтін мемлекеттік органның/ұйымның атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көрсетілген өзге де жәрдемнің мәні)

      мақсатында Жұмыскердің Басшыға жүгінуі туралы ақпаратты (бұдан әрі – құпия ақпарат) жария етпеуге кепілдік береді.

Тараптардың міндеттемелері

      2.1. Жұмыскер:

      1) осы Келісім жасалғаннан кейін мемлекеттік органда не ол жұмыс істейтін ұйымда дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы өзіне белгілі болған ақпаратты және (немесе) мемлекеттік органда не ол жұмыс істейтін ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған ақпаратты басшыға дереу хабарлауға;

      2) Басшыға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы көрінеу жалған ақпарат бермеуге;

      3) мыналарды:

      Жұмыскер хабарлаған не Жұмыскер осы іс бойынша өзге де жәрдем көрсеткен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдардың және соттардың лауазымды адамдарын;

      Жұмыскерге біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді жүзеге асыруға қатысатын тиісті уәкілетті мемлекеттік органның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарын қоспағанда, құпия ақпаратты басқа адамдарға жария етпеуге;

      4) уәкілетті мемлекеттік органдар Жұмыскердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарламасын қабылдаған күннен бастап немесе осы Келісімнің 1.1.-тармағында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсеткен сәттен бастап үш жыл ішінде ұйымның келісу комиссиясына (ол болған кезде) жеке еңбек дауын қарау туралы өтініш берген жағдайда, жеке еңбек дауының алдағы қаралатыны туралы Басшыны келісім комиссиясы келісім комиссиясына өтініш берген күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге;

      5) мемлекеттік органдарда, сондай-ақ келісу комиссиялары жоқ ұйымдарда уәкілетті мемлекеттік органдар Жұмыскердің осы Келісімнің 1.1-тармағында көрсетілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарламасын қабылдаған күннен бастап немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсеткен сәттен бастап үш жыл ішінде Жұмыскерді тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе жұмыстан шығару (атқарып жүрген лауазымынан босату) немесе басқа лауазымға ауыстыру мәселелері қаралған жағдайда, бұл туралы Басшыны оған аталған мәселелер қаралатыны туралы белгілі болған күні хабардар етуге;

      6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы өзіне белгілі болған ақпаратты жеке немесе үшінші адамдардың мүдделері үшін пайдаланбауға;

      7) осы Келісімнің сақталуын қамтамасыз етуге;

      8) бөгде адамдар Жұмыскердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсетуге байланысты құпия ақпаратты немесе өзге де мәліметтерді алуға тырысқан жағдайда, бұл туралы құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған Басшыға дереу хабарлауға міндеттенеді.

      2.2. Басшы:

      1) Жұмыскерден дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жатпайтын ақпарат беруді талап етпеуге;

      2) дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамымен құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған жағдайда, Жұмыскерден алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органға дереу беруге;

      3) мыналарды:

      Жұмыскер хабарлаған немесе Жұмыскер осы іс бойынша өзге де жәрдем көрсеткен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдардың және соттардың лауазымды адамдарын;

      осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда келісім комиссиясының, тәртіптік комиссияның немесе _________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның/ұйымның атауы)

      өзге алқалы органының мүшелерін;

      келісу комиссиясының, тәртіптік комиссияның немесе ___________________________

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның/ұйымның атауы)

      өзге алқалы органының отырысына шақырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарын қоспағанда, құпия ақпаратты басқа адамдарға жария етпеуге;

      4) келісім комиссиясы тарапы Жұмыскер болып табылатын жеке еңбек дауын (ол болған жағдайда) уәкілетті мемлекеттік органдар Жұмыскердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарламасын қабылдаған күннен бастап немесе осы Келісімнің 1.1-тармағында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсеткен сәттен бастап үш жыл ішінде қараған жағдайда, келісу комиссиясының мүшелерін осы Келісімнің бар екендігі туралы Жұмыскер келісу комиссиясына өтініш берген күннен кешіктірмей хабардар етуге;

      5) мемлекеттік органдарда, сондай-ақ келісу комиссиялары жоқ ұйымдарда уәкілетті мемлекеттік органдар Жұмыскердің осы Келісімнің 1.1-тармағында көрсетілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарламасын қабылдаған күннен бастап немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсеткен сәттен бастап үш жыл ішінде Жұмыскерді тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе жұмыстан шығару (атқарып жүрген лауазымынан босату) немесе басқа лауазымға ауыстыру мәселелері қаралған жағдайда, тәртіптік комиссия немесе өзге де алқалы орган мүшелеріне Жұмыскерге қатысты материалдарды жібергенге дейін мемлекеттік органның не ұйымның тәртіптік комиссиясының немесе өзге алқалы органының мүшелерін осы Келісімнің бар екендігі туралы хабардар етуге;

      6) келісу комиссиясының, тәртіптік комиссияның немесе ________________________

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның/ұйымның атауы)

      өзге алқалы органының отырысына шақырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамының құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісімге қол қоюын қамтамасыз етуге;

      7) дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты және (немесе) Жұмыскерден алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған ақпаратты жеке мүдделерінде немесе үшінші адамдардың мүдделерінде пайдаланбауға;

      8) осы Келісімнің сақталуын қамтамасыз етуге;

      9) бөгде адамдар Жұмыскердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсетуіне байланысты құпия ақпаратты немесе өзге де мәліметтерді алуға тырысқан жағдайда, бұл туралы құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған уәкілетті мемлекеттік органға дереу хабарлауға міндетті.

      Қорытынды ережелер

      3.1. Осы Келісімге қол қою арқылы Жұмысткер мен Басшы құпия ақпаратты жария еткені үшін олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы ескертілгенін растайды.

      3.2. Осы Келісім Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және Жұмыскер мен Жұмыскер жұмыс істейтін мемлекеттік орган/ұйым арасындағы еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде, ал еңбек шарты тоқтатылғаннан кейін – мерзімсіз қолданылады.

      3.3. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан бірдей заңды күші бар мемлекеттік не орыс тілінде екі данада жасалды.

      Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қойған қолдары

Басшы:
Мемлекеттік органның/ұйымның
атауы _________________________
_______________________________
_______________________________
БСН __________________________
Заңды мекенжайы _______________
Байланыс телефоны______________
Лауазымы:_____________________
______________________________
______________/________________ (қолы) (тегі, аты-жөні)
М.О.

Жұмыскер:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)____
_________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың
№___________ "__"________ ______ж.
___________________________ берген
ЖСН_____________________________
Тұрғылықты мекенжайы ____________
Байланыс телефоны ________________
Лауазымы:________________________
_________________________________
_______________/__________________ (қолы) (тегі, аты-жөні)

      Осы Келісімнің данасын алдым: ________________/_________________

      (тегі, аты-жөні) (қолы)

      Күні: 20____ жылғы "___" __________

  2-нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім

      ______________ 20 __ жылғы "___" _______ (елді мекен)

      Бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын ___________________________________

      ______________________________________________________________атынан

      (мемлекеттік уәкілетті органның/ұйымның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (20__жылғы "___" _______ № ____ ереже/бұйрық/басқа)

      негізінде әрекет етуші бұдан әрі "Лауазымды адам" деп аталатын ________________

      ________________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) бір тараптан және

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік орган/ұйым жұмыскерінің тегі, аты-жөні)

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария

      етпеу туралы келісім жасасқан _______________________________________________

      (мемлекеттік органның/ұйымның атауы)

      __________________________________________________________________ атынан

      ___________________________________________________________________

      негізінде (20__жылғы "___" _______ № ____ жарғы/ереже/бұйрық/басқа)

      әрекет етуші бұдан әрі "Мемлекеттік органның/ұйымның өкілі" деп аталатын

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      екінші тараптан "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2 және 4-тармақтарының, 24-1-бабы 2) тармақшасының және 24-3-бабы 3-тармағының ережелерін орындау үшін төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты:

      Шарттың мәні

      1.1. Осы Келісіммен Тараптар осы Келісімнің 2.1. және 2.2.-тармақтарында көзделген

      жағдайларды қоспағанда, ___________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік орган/ұйым жұмыскерінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      (бұдан әрі – Жұмыскер) Мемлекеттік органның/ұйымның өкіліне ____________

      ____________________________________________________________________

      (Жұмыскер жұмыс істейтін мемлекеттік органда/ұйымда)

      _____________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың мәні)

      туралы хабарлау немесе _______________________________________________

      (Жұмыскер жұмыс істейтін мемлекеттік органда/ұйымда)

      ____________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көрсетілген өзге де жәрдемнің мәні)

      мақсатында жүгінуі туралы ақпаратты (бұдан әрі – құпия ақпарат) жария етпеуге кепілдік береді.

      Тараптардың міндеттемелері

      2.1. Мемлекеттік органның/ұйымның өкілі:

      1) осы Келісім жасалғаннан кейін Лауазымды адамға дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты және (немесе) Жұмыскерден алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған ақпаратты дереу беруге;

      2) Лауазымды адамға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы көрінеу жалған ақпарат бермеуге;

      3) Жұмыскер хабарлаған не Жұмыскер өзге жәрдем көрсеткен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушы уәкілетті мемлекеттік органдардың және соттардың лауазымды адамдарын қоспағанда, құпия ақпаратты басқа адамдарға жария етпеуге;

      4) дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты және (немесе) Жұмыскерден алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған ақпаратты жеке мүдделерінде немесе үшінші адамдардың мүдделерінде пайдаланбауға;

      5) осы Келісімнің сақталуын қамтамасыз етуге;

      6) Лауазымды адамға жүгінуге байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жеке мүддесі үшін немесе үшінші адамдардың мүддесі үшін пайдаланбауға;

      7) бөгде адамдар Жұмыскердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсетуге байланысты құпия ақпаратты немесе өзге де мәліметтерді алуға тырысқан жағдайда, бұл туралы Лауазымды адамға дереу хабарлауға міндетті.

      2.2. Лауазымды адам:

      1) мыналарды:

      Жұмыскер хабарлаған немесе Жұмыскер осы іс бойынша өзге де жәрдем көрсеткен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын және соттарды;

      Жұмыскерге біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді жүзеге асыруға қатысатын тиісті уәкілетті мемлекеттік органның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарын;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның келісу комиссиясының, тәртіптік комиссияның немесе Жұмыскері болып табылатын ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның/ұйымның атауы)

      өзге алқалы органының отырысына шақырылған лауазымды адамдарын қоспағанда, құпия ақпаратты басқа адамдарға жария етпеуге;

      2) осы Келісімнің сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты және (немесе) Жұмыскерден алынған және Мемлекеттік органның/ұйымның өкілі Лауазымды адамға берген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған ақпаратты жеке мүдделері немесе үшінші адамдардың мүдделері үшін пайдаланбауға міндеттенеді.

      Қорытынды ережелер

      3.1. Осы Келісімге қол қою арқылы мемлекеттік органның/ұйымның өкілі және Лауазымды адам құпия ақпаратты жария еткені үшін олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы ескертілгенін растайды.

      3.2. Осы Келісім Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз қолданылады.

      3.3. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан бірдей заңды күші бар мемлекеттік не орыс тілінде екі данада жасалды.

      Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қойған қолдары

Лауазымды адам:
Уәкілетті мемлекеттік органның
атауы___________________________
________________________________
БСН____________________________
Заңды мекенжайы________________
Байланыс телефоны ______________
Лауазымы:______________________
_______________________________
______________/_________________ (қолы) (тегі, аты-жөні)
М.О.

Мемлекеттік органның/ ұйымның өкілі:
Мемлекеттік органның/ұйымның
атауы____________________________
_________________________________
БСН_____________________________
Заңды мекенжайы__________________
Байланыс телефоны ________________
Лауазымы:________________________
_________________________________
______________/___________________ (қолы) (тегі, аты-жөні)
М.О.

      Осы Келісімнің

      данасын алдым: ________________/_________________

      (тегі, аты-жөні) (қолы)

      Күні: 20____ жылғы "___" __________

  3-нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім

      ______________ 20 __ жылғы "___" _______ (елді мекен)

      Бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсетуге ниет білдірген бұдан әрі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам" деп аталатын__________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      бір тараптан және ____________________________________________________

      (уәкілетті мемлекеттік органның атауы)

      атынан _____________________________________________________________

      (20__жылғы "___" _______ № ____ ереже/бұйрық/басқа)

      негізінде әрекет ететін бұдан әрі "Лауазымды адам" деп аталатын ___________

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      екінші тараптан "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1, 2 және 4-тармақтарының, 24-1-бабы 2) тармақшасының және 24-3-бабы 2-тармағының ережелерін орындау үшін төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты:

      Шарттың мәні

      1.1. Осы Келісіммен Тараптар осы Келісімнің 2.1. және 2.2.-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамның __________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың мәні)

      туралы хабарлау немесе ____________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көрсетілген өзге де жәрдемнің мәні)

      мақсатында Лауазымды адамға өтініші туралы ақпаратты (бұдан әрі – құпия ақпарат) жария етпеуге кепілдік береді.

      Тараптардың міндеттемелері

      2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам (бұдан әрі – Адам):

      1) осы Келісім жасалғаннан кейін Лауазымды адамға дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы өзіне белгілі болған ақпаратты және (немесе) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған ақпаратты дереу хабарлауға;

      2) Лауазымды адамға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы көрінеу жалған ақпарат бермеуге;

      3) мыналарды:

      Адам хабарлаған не Адам осы іс бойынша өзге де жәрдем көрсеткен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын және соттарды қоспағанда;

      Адамға біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді жүзеге асыруға қатысатын уәкілетті мемлекеттік органның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарын қоспағанда, құпия ақпаратты басқа адамдарға жария етпеуге;

      4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы өзіне белгілі болған ақпаратты жеке немесе үшінші адамдардың мүдделері үшін пайдаланбауға;

      5) Лауазымды адамға жүгінуге байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жеке мүддесі үшін немесе үшінші адамдардың мүддесі үшін пайдаланбауға;

      6) осы Келісімнің сақталуын қамтамасыз етуге;

      7) Адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсетуге байланысты құпия ақпаратты немесе өзге де мәліметтерді бөгде адамдар алуға тырысқан жағдайда, бұл туралы Лауазымды адамға дереу хабарлауға міндеттенеді.

      2.2. Лауазымды адам:

      1) мыналарды:

      Адам хабарлаған не Адам осы іс бойынша өзге де жәрдем көрсеткен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын және соттарды қоспағанда;

      Адамға біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді жүзеге асыруға қатысатын тиісті уәкілетті мемлекеттік органның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарын қоспағанда, құпия ақпаратты басқа адамдарға жария етпеуге;

      2) осы Келісімнің сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты және (немесе) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған, Адамнан алынған ақпаратты жеке мүдделері немесе үшінші адамдардың мүдделері үшін пайдаланбауға міндеттенеді.

      Қорытынды ережелер

      3.1. Осы Келісімге қол қою арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам және Лауазымды адам құпия ақпаратты жария еткені үшін олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы ескертілгенін растайды.

      3.2. Осы Келісім Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз қолданылады.

      3.3. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан бірдей заңды күші бар мемлекеттік не орыс тілінде екі данада жасалды.

      Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қолдары

Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін
(көрсеткен) адам:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __
________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат
№_________ "__"__________ ____ж.
__________________________ берген
ЖСН ___________________________
Тұрғылықты мекенжайы __________
Байланыс телефоны ______________
______________ /_________________ (қолы) (тегі, аты-жөні)

Лауазымды адам:
Уәкілетті мемлекеттік органның
атауы ___________________________
________________________________
БСН____________________________
Заңды мекенжайы ________________
Байланыс телефоны _______________
Лауазымы:_______________________
________________________________
________________________________
______________ /_________________ (қолы) (тегі, аты-жөні)
М.О.

      Осы Келісімнің данасын алдым: ________________/_________________

      (тегі, аты-жөні) (қолы)

      Күні: 20____ жылғы "___" __________

  4-нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім

      Мен, ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      басшысы/келісім комиссиясының, тәртіптік комиссияның немесе ____________

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның/ұйымның атауы)

      өзге алқалы органының/басқа отырысына шақырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      саясат жөніндегі уәкілетті органның өкілі бола отырып, _______________

      ____________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамның тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса))

      жоғары тұрған басшыға және (немесе) ___________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жұмыскері болып табылатын/табылған мемлекеттік органның/ұйымның атауы)

      басшылығына/________________________________________________________

      (уәкілетті мемлекеттік органның атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың мәні)

      туралы хабарлау немесе _______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көрсетілген өзге де жәрдемнің мәні)

      мақсатында (бұдан әрі – құпия ақпарат) өтініші туралы ақпаратты жария етпеуге міндеттенемін;

      құпия ақпарат жария етілгені үшін мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатыным туралы ескертілгенімді растаймын.

      Осы Келісім Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз қолданылады.

      Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан бірдей заңды күші бар мемлекеттік не орыс тілінде екі данада жасалды.

      Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қолдары

1-тарап:
Мемлекеттік органның
немесе ұйымның атауы/Тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса) _________________
_______________________________
_________________________________
_____________________________
Байланыс телефоны _____________
Лауазымы: _____________________
______________________________
______________________________
______________ / _______________ (қолы) (тегі, аты-жөні)
М.О.

2-тарап:
Мемлекеттік органның немесе
ұйымның атауы/Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса) _______________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________
Байланыс телефоны________________
Лауазымы:________________________
_________________________________
_________________________________
______________/__________________ (қолы) (тегі, аты-жөні)
М.О.

      Осы Келісімнің данасын алдым: ____________________/_________________

      (тегі, аты-жөні) (қолы)

      Күні: 20____ жылғы "___" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады