БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9957 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларында:
Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Ұсынылады: уәкілетті органға.
Әкімшілік деректердің нысаны: www.egsu.energo.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Сатып алынған шикі және тауарлық газ көлемдері туралы мәліметтер
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 3 ШТГС.
Кезеңділік: жыл сайын.
Есепті кезең: 20___ жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ұлттық оператор.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей.
Атауы (өңір және жер қойнауын пайдаланушы компания) | Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша аумақтың коды | Кен орны | Баға (уәкілетті орган бекіткен) | Газды сатып алу бағасы | Газды сатып алу көлемі | |||
шикі газ | тауарлық газ | шикі газ | тауарлық газ | шикі газ | тауарлық газ | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1-облыс | ||||||||
1-жер қойнауын пайдаланушы | ||||||||
2-жер қойнауын пайдаланушы | ||||||||
... | ||||||||
2-облыс | ||||||||
1-жер қойнауын пайдаланушы | ||||||||
2-жер қойнауын пайдаланушы | ||||||||
... | ||||||||
Атауы ________________________ Мекенжайы___________________________
Телефоны ________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы________________________________________
Орындаушы____________________ ____________ қолы, телефоны
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам______________қолы _____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
| "Сатып алынған шикі және тауарлық газ көлемдері туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Сатып алынған шикі және тауарлық газ көлемдері туралы мәліметтер" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 3 ШТГС, кезеңділігі: жыл сайын)
"Сатып алынған шикі және тауарлық газ көлемдері туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанда мынадай деректер көрсетіледі:
1-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атауы және ұлттық оператор шикі және/немесе тауарлық газды сатып алатын осы облыс аясындағы жер қойнауын пайдаланушылардың атауы көрсетіледі;
2-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес шикі және/немесе тауарлық газды сатып алатын облыс, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коды толтырылады;
3-бағанда қандай да бір жер қойнауын пайдаланушының кен орны атауы көрсетіледі;
4-бағанда кен орындары бойынша мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың уәкілетті орган бекіткен бағасы көрсетіледі (бар болған жағдайда толтырылады);
5-бағанда кен орындары бойынша мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың уәкілетті орган бекіткен бағасы көрсетіледі (бар болған жағдайда толтырылады);
6-бағанда кен орындары бойынша шикі газдың сатып алу бағасы көрсетіледі, бір мың текше метр үшін теңгеде;
7-бағанда кен орындары бойынша тауарлық газдың сатып алу бағасы көрсетіледі, бір мың текше метр үшін теңгеде;
8-бағанда кен орындары бойынша шикі газдың көлемі көрсетіледі, бір мың текше метр;
9-бағанда кен орындары бойынша тауарлық газдың көлемі көрсетіледі, бір мың текше метр.
