"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 21 сәуірдегі қорытындылары негізінде, Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шардара қаласының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) № 17 атауы жоқ көшесіне - Әштар Жолдасов көшесі;
2) атауы жоқ көшесіне - Роман Қарсыбаев көшесі.
2. Осы бірлескен Шардара ауданы әкімдігінің қаулысы және Шардара аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шардара ауданының әкімі | К. Жолдыбай |
| Аудандық мәслихат хатшысы | А. Карсыбаев |
