Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 193 "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Ордабасы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4614 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Акмуратовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ордабасы ауданының әкімі | Н. Бадыраков |
