Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы | С. Закенов |
| Ақтау қалалық мәслихатының | |
| 2022 жылғы 4 қазандағы | |
| № 18/150 шешіміне қосымша |
Күші жойылған Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі
1."Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы №38/379 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3030 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын;
2. "Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 11 наурыздағы №38/379 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/55 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3194 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын;
3. "Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 11 наурыздағы № 38/379 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 7 ақпандағы №13/147 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3532 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын;
4. "Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 11 наурыздағы № 38/379 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №19/212 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3717 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын .
