Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Саран қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат хатшысы | О. Баймаганбетов |
| Саран қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 маусымдағы № 143 шешімге қосымша |
Саран қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Ақтас кенті жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы 25 сессиясының № 277 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4804 болып тіркелген).
2. "Қарағанды облысы Ақтас кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы 39 сессиясының № 405 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2946 болып тіркелген).
3. "Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы 39 сессиясының № 405 "Қарағанды облысы Ақтас кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы 9 сессиясының № 102 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4076 болып тіркелген).
