ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 маусымдағы № 201 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылындағы және Беген орман шаруашылығының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Беген ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 4 "Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі Беген ауылында және Беген орман шаруашылығында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Беген ауылдық округінің әкімі | Н. Асылгожин |
