Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37- бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 450 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5823 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің орынбасары Дархан Шомпайұлы Жөргекбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Семей қаласының әкімі | Б. Байахметов |
