ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тұқым шаруашылығын дамытуға 2021 жылға арналған бюджет қаражаттарының көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары | А. Сматлаев |
| Шығыс Қазақстан облысы әкімі бірінші орынбасарының 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 94 Қаулысына қосымша |
Тұқым шаруашылығын дамытуға 2021 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.11.2021 № 333 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қажет етілетін ақшалай қаражат барлығы (мың теңге) | оның ішінде (мың теңге) | |||
бірегей тұқым | элиталық тұқым | бірінші репродукция тұқымдары | бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | |
|
|
|
|
|
