Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 06.05.2025 № 148 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабына сәйкес Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 06.05.2025 № 148 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Мәслихаттың мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" 2018 жылғы 15 қарашадағы № 252, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8095 болып тіркелген;
2) "Мәслихаттың 2018 жылғы 15 қарашадағы № 252 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылдың 22 сәуірдегі № 376, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9150 болып тіркелген.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Амангелді аудандық мәслихатының хатшысы | К. Кеделбаев |