Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабы 3-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы "Успен ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 123/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4554 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Успен ауданының әкімі | Н. Дычко |
| Успен ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 9/1 қаулысына қосымша |
|
| Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "26" мамырдағы № 123/5 қаулысына 9-қосымша |
Богатырь ауылында тұратын балаларды Лозов орта
жалпы білім беру мектебіне тасымалдау схемасы

Шартты белгілер:

