Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 18.11.2021 № 160 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" 2015 жылғы 2 наурыздағы № 32 қаулысына (2015 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5427 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қамысты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | Г. Бекмухамедов |
| Әкімдіктің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 84 қаулысына қосымша |
| Әкімдіктің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 32 қаулысына қосымша |
Сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар
№ р/с | Елді мекеннің атауы | Сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар |
1. | Адай ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Адай орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
2. | Алтынсарин ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Алтынсарин орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
3. | Арқа ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Краснооктябрь орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
4. | Бестөбе ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Бестөбе орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
5. | Дружба ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Дружба негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
6. | Қамысты ауылы | "Қамысты ауданының әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қамысты аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратында |
7. | Қарабатыр ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Қарабатыр орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
8. | Клочков ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Клочков орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
