"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 4 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы № 437 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8743 болып тіркелген) сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2014 жылғы 3 ақпандағы № 57 қаулысына (2014 жылғы 26 наурызда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4472 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында реттік нөмірлері 12, 13, 14 жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
"
12 | Милісай ауылы | "Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Сырбай Мәуленов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта. |
13 | Шилі ауылы |
"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Қайнекей Жармағанбетов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта; |
14 | Бидайық ауылы | "Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің "Бидайық бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта. |
".
2. "Жангелдин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
| Аудан әкімі | Ш. Оспанов |
