Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 21.07.2021 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2020 жылғы 26 мамырдағы № 62 қаулысына (2020 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9225 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
реттік нөмірі 9-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
9 | Диев ауылдық округінің Қ. Тұрғымбаев ауылы | "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Целинный бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
".
2. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Теменов |
