Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 01.09.2023 № 3068 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңының 19-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесi мөлшерде белгiленсiн:
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетiлетiн қызметтерi арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезiнде - 85 (сексен бес) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезiнде - 90 (тоқсан) теңге.
2. "Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 25 маусымдағы № 15619 қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 7539 нөмірімен тiркелген, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердiң эталонды бақылау банкiсiнде 2020 жылғы 1 шілдеде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Қызылорда қаласының әкімі | Н. Налибаев |
|
"КЕЛІСІЛДІ" "Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесімен |
