Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 12.05.2023 № 36-3/21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 19-1-бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихатыШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнiң 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қызылорда қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері осы шешiмнiң 2 және 3-қосымшаларына сәйкес бекiтiлсiн.
3. "Қызылорда қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді әкету туралы" Қызылорда қалалық маслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 85-13/3 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №5852 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
|
Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХХХV сессиясының төрағасы, Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы |
Р. БУХАНОВА |
| Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 4 ақпаны № 297-55/5 шешіміне 1-қосымша |
Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарының түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық нормасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
1,3 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,23 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,75 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,70 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,43 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,23 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,41 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,54 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 2,04 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,26 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1м2 | 0,046 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,036 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1м2 | 0,037 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1м2 | 0,54 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1м2 | 0,2 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1м2 | 0,15 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1м2 | 0,24 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1м2 | 0,26 |
19 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1м2 | 0,75 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1м2 | 0,38 |
21 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1м2 | 0,22 |
22 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1м2 | 1,06 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, жанармай құю бекеттері, гараждар | 1 машина орын | 2,25 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,15 |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,46 |
26 | Шаштараз, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,28 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1м2 | 0,74 |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1м2 | 0,38 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,50 |
30 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1м2 | 0,57 |
31 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,063 |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 1,41 |
Қысқартылған сөздердің түсіндірмесі:
м2 – шаршы метр, м3 – текше метр.
| Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 4 ақпаны № 297-55/5 шешіміне 2-қосымша |
Қызылорда қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және қайта өңдеуге арналған тарифтері
№ | Атауы | Есептiк бiрлiк |
Баға, теңгемен |
1 | Заңды тұлғалар және жеке кәсiпкерлер | 1 м3 | 2145 |
2 | Жайлы үйлер | 1адам/айына | 232 |
Қысқартылған сөздердің түсіндірмесі:
м3 – текше метр, ҚҚС - қосылған құн салығы.
| Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 4 ақпаны № 297-55/5 шешіміне 3-қосымша |
Қызылорда қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифi
№ | Атауы | Есептiк бiрлiк |
Баға, теңгемен |
1 | Жеке, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер | 1 м3 | 600 |
1 тонна | 3000 |
Қысқартылған сөздердің түсіндірмесі:
м3 – текше метр, ҚҚС - қосылған құн салығы.
