"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 323 "Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне және мәслихаттар депутаттығына сайлау кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй - жайларды анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-12-118 болып тіркелген, 2011 жылғы 24 желтоқсандағы № 56-57 (9475) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Қ. Әбдіғожинге жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жаңаарқа ауданының әкімі | Ю. Беккожин |
| Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қарашасы № 129/01 қаулысына 1 қосымша |
|
| Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №323 қаулысына 1 қосымша |
Жаңаарқа ауданы бойынша кандидаттардың сайлаушылармен кездесуіне арналған үй-жайлардың мекенжайлары
№ | Елді мекеннің атауы | Үй-жайлардың мекенжайы | Жалпы орны |
1. | Жаңаарқа кенті | "Бименде Амалбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы "Тірек мектебі (ресурстық орталық)" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, А.Оспанова көшесі, 43 | 80 орын |
2. | Қызылжар кенті | Мәдениет үйінің акт залы, 40 лет Победы көшесі, 22 | 40 орын |
3. | Айнабулақ ауылы | Мәдениет үйінің акт залы, Достық көшесі, 11 | 50 орын |
4. | Ақтау ауылы | Мәдениет үйінің акт залы, Жеңіс көшесі, 5 | 150 орын |
5. | Ынтымақ ауылы | Мәдениет үйінің акт залы, Саябақ көшесі, 11 | 120 орын |
6. | Орынбай ауылы | Мәдениет үйінің акт залы, Мектеп көшесі 7 | 150 орын |
7. | Ералиев ауылы | Мәдениет үйінің акт залы, Орталық көшесі, 13 | 150 орын |
8. | Атасу ауылы | Мәдениет үйінің акт залы, Достық көшесі, 1 | 110 орын |
9. | Талдыбұлақ ауылы | Мәдениет үйінің акт залы, Бейбітшілік көшесі, 46 | 60 орын |
10. | Бидайық ауылы | Мәдениет үйінің акт залы, Жеңіс көшесі, 15 | 40 орын |
11. | Қараағаш ауылы | Мәдениет үйінің акт залы, Төлебай сал көшесі, 1 | 160 орын |
12. | Түгіскен ауылы | Мәдениет үйінің акт залы, Ы.Жумабеков атындағы көшесі, 49 | 150 орын |
13. | М.Жұмажанов ауылы | Мәдениет үйінің акт залы, Тәуелсіздік көшесі, 1а | 120 орын |
14. | Ақтүбек ауылы | Мәдениет үйінің акт залы, Бәйтерек көшесі, 1 | 120 орын |
| Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қарашасы № 129/01 қаулысына 2 қосымша |
|
| Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №323 қаулысына 2 қосымша |
Жаңаарқа ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар |
1. | Жаңаарқа кенті | Телекоммуникация ғимараты алдындағы ақпараттық қалқан, Тәуелсіздік даңғылы, 22 |
2. | Жаңаарқа кенті | "Диана" кафесі жанындағы жарнамалық қалқан, Абай көшесі, 75 А |
3. | Жаңаарқа кенті | Өрт сөндіру бекетінің алдындағы жарнамалық қалқан, С.Сейфуллин даңғылы, 4 |
4. | Жаңаарқа кенті | "Ғ. Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы ақпараттық қалқан, Жамбыл көшесі, 18 |
5. | Жаңаарқа кенті | "Аяжан" дүкенінің жанындағы ақпараттық қалқан, С.Сейфуллин даңғылы, 35 |
6. | Қызылжар кенті | Фельдшерлік-акушерлік пунктінің ғимаратының жанындағы ақпараттық қалқан, 40 лет Победы көшесі, 7 |
7. | Айнабұлақ ауылы | Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Достық көшесі, 11 |
8. | Ақтүбек ауылы | Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Бәйтерек көшесі, 1 |
9. | Ақтау ауылы | Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Жеңіс көшесі, 5 |
10. | М.Жумажанов ауылы | "Мирас" дүкенінің жанындағы жарнамалық қалқан, С.Сейфуллин көшесі, 7 |
11. | Атасу ауылы | Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Достық көшесі, 1 |
12. | Бидайық ауылы | Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан,Жеңіс көшесі, 15 |
13. | Ералиев ауылы | Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Орталық көшесі, 13 |
14. | Талдыбұлақ ауылы | Жеке кәсіпкер А.Апиеваның дүкенінің жанындағы жарнамалық қалқан, Достық көшесі, 5/1 |
15. | Түгіскен ауылы | Ауылдық клуб ғимараты жанындағы ақпараттық қалқан, Ы.Жумабеков көшесі, 49 |
16. | Қараағаш ауылы | Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Төлебай сал көшесі, 1 |
17. | Орынбай ауылы | Ауылдық клуб ғимараты жанындағы ақпараттық қалқан, Мектеп көшесі, 7 |
18. | Ынтымақ ауылы | Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Саябақ көшесі, 11 |
