Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 бойынша тіркелген) сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдар үшін ұйымның жұмыс орындарының тізімдік санының пайыздық көрсетілімі мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы 2% - дан бастап 4% - ға дейінгі көлемде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Н. Р. Бикеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды қаласының әкімі | Н. Аубакиров |
| Қарағанды қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 сәуірі № 30/01 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарағанды қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Қарағанды металл бұйымдары зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 130 | 3 | 4 |
2. | Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 13 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 58 | 2 | 1 |
3. | Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 10 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 93 | 2 | 2 |
4. | Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 17 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 131 | 3 | 4 |
5. | Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 18 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 68 | 2 | 1 |
6. | "Думан балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 65 | 2 | 1 |
7. | Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 23 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 158 | 3 | 4 |
8. | Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 10 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 74 | 2 | 1 |
9. | Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 45 Гимназия" коммуналды мемлекеттік мекемесі | 112 | 3 | 3 |
10. | Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 6 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 73 | 2 | 1 |
