БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауарларды жою актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16459 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тауарды жою туралы актінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 11 қарашасы № 1089 бұйрығына қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 161 бұйрығымен бекітілді |
|
| нысан |
Тауарды жою акт 20 __ жылғы "___" __________
1. Осы акт,
№______________________________________________________________
тауарларға арналған декларацияға (декларацияларға) сәйкес, мына:
Тауардың атауы | ЕЭО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды | Мөлшері |
1 | 2 | 3 |
тауарларды жою кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды жою туралы құрастырылған
2. Жою кедендік рәсімін мәлімдеген тұлға туралы мәліметтер:
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ЖСН/аталынуы, БСН))
3. Бұл ретте тауарларды жоюдың мынадай:___________________________
_________________________________________________ тәсілдері қолданылды
4. Тауарларды жою орны:__________________________________________
5. Тауарларды жою нәтижесінде келесідей қалдықтар пайда болды:
Ұсақ қалдықтардың атауы | ЕЭО СЭҚ ТН бойынша ұсақ қалдықтардың коды | Мөлшері және өлшем бірлігі | Ұсақ қалдықтардың орналасқан жері | Ұсақ қалдықтардың жай-күйі | Олардың одан әрі пайдалану мүмкіндігі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
6. Жою кезінде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер:
_____________________________________ |
_________________ |
____________________________________ |
_________________ |
_____________________________________ |
_________________ |
_____________________________________ |
_________________ |
7. Тауарларды жою фактісі фото және (немесе) бейнетүсірілімдер қолданыла отырып тіркелді:
№ | Аппараттың атауы | Маркасы | Моделі | Кім жүргізді (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) | Қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескерту: Жою актісі комиссияның барлық мүшелерінің және қатысқан адамдардың қолымен расталады, үш данада ресімделеді: бірінші данасы кеден органында сақталады; екінші данасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне беріледі; үшінші данасы декларантта қалады.
Аббревиатуралардың мағынасын ашу:
БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқыэкономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы.
