"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31 бабының 2 тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы Сайрам ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Сайрам ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 сәуір № 166 "Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4586 тіркелген, 2018 жылдың 4 мамырында "Мәртөбе" газетінде және 2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Шәріпбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Б. Мамаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түркістан облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________Р. Ибрагимов
" " _______ 2019 жыл
| Сайрам ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "28" қарашадағы № 545 қаулысымен бекітілген |
Түркістан облысы Сайрам ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi
№ р/с | Автомобиль жолдардың индексі | Автомобиль жолдардың атауы | Автомобиль жолдардың мекен жайы, шақырым | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | KXSR-1 | "Қарасу -Ақбай-Жаңатұрмыс-Бескепе-Ынтымақ" | 0-8,7 | 8,7 |
2 | KXSR-2 | "Ақбұлақ-Ақбастау" | 0-4,3 | 4,3 |
3 | KXSR-3 | "Қожақорған-Нұржанқорған-ГРС" | 0-5,2 | 5,2 |
4 | KXSR-4 | "Қожақорған-Ханқорған-Көлкент" | 0-8,9 | 8,9 |
5 | KXSR-5 | "Оймауыт-КХ-37 облыстық маңызы бар автомобиль жолы" | 0-5,3 | 5,3 |
6 | KXSR-6 | "Қасымбек датқа-Тоған-Сарыарық" | 0-12,5 | 12,5 |
7 | KXSR-7 | "Ақсуабад-Қарабұлак" | 0-4,5 | 4,5 |
8 | KXSR-8 | "Ақсуабад-Шапырашты-Береке-Ынтымақ" | 0-5,5 | 5,5 |
9 | KXSR-9 | "Аққала-Сарқырама" | 0-10,6 | 10,6 |
10 | KXSR-10 | "Манкент-Сайрам көшесі-КХ-3 облыстық маңызы бар автомобиль жолы" | 0-3,2 | 3,2 |
11 | KXSR-11 | "Манкент -Жалалата көшесі- KXSR-21 аудандық маңызы бар автомобиль жолы" | 0-1,6 | 1,6 |
12 | KXSR -12 | "Манкент - Қалдаман көшесі- KXSR-21 аудандық маңызы бар автомобиль жолы" | 0-5,2 | 5,2 |
13 | KXSR-13 | "Құрлық -Асанбаев көшесі- М-32 республикалық маңызы бар автомобиль жолы" | 0-3,6 | 3,6 |
14 | KXSR-14 | "Ақсу -Ы.Иманалиев көшесі- "Манкент" темір жол станциясы- KXSR-21 аудандық маңызы бар автомобиль жолы" | 0-3,3 | 3,3 |
15 | KXSR-15 | "Жібек Жолы-Машат" | 0-3,5 | 3,5 |
16 | KXSR-16 | "Ақсу- Ы.Иманалиев көшесі-Әйтеке би-Ынтымақ" | 0-8,1 | 8,1 |
17 | KXSR-17 | "Теспе - КХ-38 облыстық маңызы баравтомобиль жолы" | 0-2,6 | 2,6 |
18 | KXSR-18 | "Алаш-Манкент- Сиқым-Жібек Жолы- М-32 республикалық маңызы бар автомобиль жолы" | 0-13 | 13 |
19 | KXSR-19 | "Қарасу-Ақбастау- Шымкент қаласының шекарасы" | 0-7,6 | 7,6 |
20 | KXSR-20 | "Ақбұлак- Шымкент қаласының шекарасы" | 0-6 | 6 |
21 | KXSR-21 | "М-32 республикалық маңызы бар автомобиль жолы- Манкент-Ақсу-Қарасу ауылының шекарасы" | 0-10 | 10 |
22 | KXSR-22 | "КХ-3 облыстық маңызы бар автомобиль жолымен KXSR-19 аудандық маңызы бар автомобиль жолы аралығындағы өткел" (Ақсу өзені арқылы) | 0-0,7 | 0,7 |
23 | KXSR-23 | "Жаңатұрмыс-Құрлық- М-32 республикалық маңызы бар автомобиль жолы" | 0-3,3 | 3,3 |
24 | KXSR-24 | "KXSR- 6 аудандық маңызы бар автомобиль жолы- Р-32 республикалық маңызы бар автомобиль жолы" | 0-3,3 | 3,3 |
Сайрам ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша барлығы: | 140,5 | |||
