"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Аудан әкімдігінің "Дене шынықтыру - сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 135 қаулысының (2018 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7754 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | К. Испергенов |
| Әкімдіктің 2019 жылғы "19" қыркүйектегі № 264 қаулысына қосымша |
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі
№ | Азаматтар санаты | Жеңілдіктер мөлшері |
1 | 7 жасқа дейінгі балалар | Тегін |
2 | Көп балалы отбасыларынан оқушы-балалар | Тегін |
3 | Балалар үйлерінен оқушы-балалар | Тегін |
4 | Спорт ардагерлері | Тегін |
5 | Оқушылар | Тегін |
6 | Студенттер | Тегін |
7 | Зейнеткерлер | Тегін |
Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.
