Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 13.07.2021 № 100 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 4-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай осы қаулының қосымшасына сәйкес берілсін.
2. Қарасу ауданы әкімдігінің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" 2015 жылғы 5 тамыздағы № 192 қаулысының (2015 жылғы 23 қыркүйекте "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5880 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарасу ауданының әкімі | В. Ионенко |
| Әкімдіктің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 218 қаулысына қосымша |
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар
№ | Елді мекеннің атауы | Сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар |
1 | Айдарлы ауылы | Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің "Айдарлы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
2 | Жалғызхан ауылы | Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің "Жалғысқан орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
3 | Жамбыл ауылы | Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің "Жамбыл негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
4 | Комсомольское ауылы | Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің "Ильич орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
5 | Қарамырза ауылы | Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің "Қарамырза орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
6 | Қарасу ауылы | "Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Қарасу аудандық балалар өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратында |
7 | Қойбағар ауылы | Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің "Станция орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
8 | Ленино ауылы | Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің "Ленин орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
9 | Люблинка ауылы | Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің "Люблин орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
10 | Новопавловка ауылы | Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің "Ключевой орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
11 | Октябрское ауылы | "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қарасу орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
12 | Ушаково ауылы | Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің "Ушаков негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
13 | Шалғышы ауылы | Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің "Шолақаша орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
